• Басты
  • Сенат жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелерін талқылады
26 Желтоқсан, 2019 18:28

Сенат жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелерін талқылады


Сенат отырысында заңнамаға қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша түзетулер екі оқылымда қаралып, қабылданды.
Сенат жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелерін талқылады

Сенат жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері

Сенат отырысында заңнамаға қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойыншатүзетулер екі оқылымда қаралып, қабылданды.

Сенатта заң жобасын таныстырған Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов құжат қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қылмыстың жекелеген құрамы жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Қосымша баяндама жасаған сенатор Владимир Волков заң жобасында бірқатар негізгі бағыттар бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отырғанын жеткізді.

Зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттерінің барлық құрамы үшін, балаларға жыныстық зорлық жасау фактілері бойынша дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін, сондай-ақ оны жасырғаны және хабарламағаны үшін жауапкершілік күшейтіледі;

Үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралына кіріп жасалған ұрлық, тонау және қарақшылық үшін жауапкершілік күшейтіледі.

Заңсыз есірткі айналымына электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланғаны үшін жауапкершілік енгізіледі.

Мал ұрлығы бойынша қылмыстың жеке құрамы енгізіледі.

Заңсыз аң аулауды қылмыстық теріс қылықтан орташа ауырлықтағы қылмысқа ауыстыру, браконьерлік қылмыстың ауырлататын құрамы (оның ішінде ақбөкендер бойынша) және зорлық-зомбылық қолданғаны, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың өміріне қауіп төндіргені үшін жауапкершілікті күшейту үшін қарастырылған.

Сонымен қатар, одан әрі ізгілендіру және жазалаушылықты төмендету бөлігіне, атап айтқанда, мүлікті тәркілеуді тағайындау және шартты жаза тағайындау кезінде, сондай-ақ кепілгерлікке байланысты жазадан босату кезінде кепіл мөлшерін төмендету бойынша түзетулер ұсынылады.

Сондай-ақ қылмыстық-атқару заңнамасына жазаны орындау жүйесін одан әрі ізгілендіруге бағытталған түзетулер ұсынылады.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды