- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды
Бүгiн сенат Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi арасындағы көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ратификациялады. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының жалпы отырысында аталмыш заң жобасынIшкi iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары Марат Қожаев таныстырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшiсi.
Келiсiмге 2019 жылы 14 қазанда Баку қаласында Қазақстан мен Әзербайжан Iшкi iстер министрлерi қол қойған едi. Министр орынбасарының айтуынша, келiсiмдi ратификациялау көшi-қон ағындарын реттеу, азаматтық мәселелерiн шешу және заңсыз көшi-қон желiлерiн анықтау үшiн қолайлы жағдайлар жасайды.
Нақтырақ айтсақ:
- Статистика мен ақпарат алмасуға мүмкiндiк болады
- Азаматтар туралы жеке ақпарат алуға болады
- Екi ел үкiметтерi тәжiрибе алмасып, бiр-бiрiне практикалық көмек көрсетедi
- Қазақстан мен Әзербайжан азаматтарының құқықтық мәртебесi анықталады
- Көшi-қон саласындағы қылмыстармен күресiп, заңсыз каналдарды жоюға болады.
Айта кетейiк, Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттерiнде заң бойынша қос азаматтық жоқ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабы, 3-тармағына сәйкес республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
«Осы Заңды қабылдау азаматтық мәселелерi бойынша ақпаратпен алмасу, қос азаматтық және заңсыз көшi-қонға қарсы күресте туындаған мәселелерiн реттеуге мүмкiндiк бередi. Әлеуметтiк-экономикалық, және құқықтық терiс салдарға әкеп соқпайды, және қосымша қаражатты талап етпейдi», - дедi Марат Қожаев.
Сенатор Сұлтанбек Макежанов келiсiмнiң негiзгi мақсатына тоқталып өттi. Оның айтуынша, екi мемлекеттiң көшi-қон саласындағы ынтымақтастығы үшiн құқықтық негiз құру, сондай-ақ заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөнiндегi бiрлескен шараларды жүзеге асыру және көшi-қон саласындағы әрiптестiк ынтымақтастық арқылы қарым-қатынасты тереңдету.
«Бүгiнгi таңда екi ел арасындағы әлеуметтiк-экономикалық ынтымақтастық жылдан жылға артып келе жатыр. Ол туралы келесi статистикалық мәлiметтер арқылы байқауға болады. Мәселен, 2018 жылы Қазақстанға 50 мыңға жуық Әзербайжан азаматы келсе, 2019 жылы 48 мың азамат келген, керiсiнше Қазақстаннан 2018 жылы 29 мың, 2019 жылы 28 мың азамат Әзербайжанға барған», - дедi депутат.
Оның сөзiнше, елiмiзде Әзербайжан азаматтарының көбiсi Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында уақытша тұрып жатыр. Осындай жағдайда, 2020 жылы Қазақстан Республикасында болу ережесiн бұзған үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке 415 Әзербайжан азаматтары тартылды, ал 112-сi елiмiзден тыс жерге шығарылған. Сәйкесiнше 2021 жылы дәл осы көрсеткiштер 148 және 14 Әзербайжан азаматын құраған.
«Сондай-ақ бүгiнгi таңда тiркелген мерзiм аяқталғаннан кейiн мемлекетiмiзде заңсыз қалып қалған 75 азамат анықталып, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып, олардың 4-еуi соттың шешiмiмен елден шығарылған», - дедi Сұлтанбек Макежанов.
Оның сөзiнше, қаралып отырған Келiсiм заңсыз көшу жолдарын жоюға мүмкiндiк берiп, қосазаматтыққа жол бермеу мәселелерiн, ең бастысы, екi ел азаматтарының құқықтық мәртебесiн анықтайтын өте маңызды құжат. Сонымен қоса, келiсiмдi ратификациялау республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейдi және терiс әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтынын атап өттi.
Бұдан бөлек, комитет төрағасы Владимир Волков келiсiмде көшi-қон саласында ақпаратпен және мәлiметтермен; тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында болатын азаматтарды анықтау және құқықтық мәртебесiн айқындау мақсатында олар туралы дербес деректермен алмасу; ынтымақтастық нысандары; тәжiрибе алмасу және ынтымақтастық процесiнде туындайтын мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету жөнiндегi сұрау салудың мазмұны және тағы басқа да мәселелер көзделгенiн нақтылай кеттi.
«Тараптар қажет болған жағдайда және өзара уағдаластық бойынша анықталған көшi-қон заңнамасын бұзушылықтар және заңсыз көшi-қон арналары туралы, екi тарап аумақтарында жұмыс iстейтiн, заңсыз көшi-қонды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысы бар заңды және жеке тұлғалар туралы, заңсыз көшi-қонның алдын алуға бағытталған практика мен шаралар туралы ақпаратпен және мәлiметтермен алмасуды жүзеге асырады», - деп толықтырды ол.
Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi құзыреттi органдар:
- Қазақстан Республикасынан – Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
- Әзербайжан Республикасынан – Әзербайжан Республикасының Мемлекеттiк Көшi-қон Қызметi
Оның пайымынша, Келiсiмдi ратификациялау көшi-қон саласындағы ақпаратпен және мәлiметтермен алмасу, қос азаматтық фактiлерiнiң жолын кесу бойынша көшi-қон процестерiн реттеу, заңсыз көшi-қонмен күрестi ұйымдастыру үшiн қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етпек.
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері