- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын мақұлдады
Сенат тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын мақұлдады
Сенат тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Заң жобасының түзетулер топтамасы 2015 жылғы 22 желтоқсандағы тұтынушылардың мүдделерін қорғау мәселелері бойынша БҰҰ-ның мызғымас қағидаттары негізінде қалыптасты. Бұл:
- өз халқын тұтынушылар ретінде тиісінше қорғауды қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлерді тәртіптің этикалық нормаларын қатаң сақтауға шақыру, клиентке бағытталған бизнесті қолдау;
- тұтынушылардың тәуелсіз топтарын құруға ықпал ету, қоғамдық бақылауды күшейту;
- тұтынушылық дауларды реттеудің тиімді тетіктерін және тұтынушыларды құқықтық қорғау құралдарын енгізу.
Атап айтқанда, заң жобасында жаңа ережелер мен форматтарды:
- шағымдарды қараудың 3-сатылы жүйесін;
- тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сату орындарында сатушының, уәкілетті органның және сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыстарын орналастырмағаны үшін, сондай-ақ тауарларды айырбастау немесе ақшаны қайтарудан бас тарту және тұтынушылардың шағымдарын елемеу үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігі;
- тұтынушылардың заңды мүдделері өкілдерінің және сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізімін;
- сатушы, сотқа дейінгі реттеу субъектілері мен уәкілетті органның сатыларындағы өтініштерді қарау тетіктерін;
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесті енгізу және құру қарастырылған.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі
-
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері
-
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы
-
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары
-
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы
-
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері
-
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы
-
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру

