• Басты
  • Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті
12 Маусым, 2020 17:20

Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаимен кездесті, деп хабарлады ҚР парламенті сенатының баспасөз қызметі. 

Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті

Кездесу барысында парламентаралық байланыстардың келешегі, сондай-ақ екіжақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сөз болды.

Мәулен Әшімбаев қазақстандық парламентшілердің жапон әріптестерімен екіжақты және халықаралық парламенттік ұйымдар, атап айтқанда, Парламентаралық Одақ аясындағы өзара нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Барлық жаңалықтар