• Басты
  • Сенат төрағасы Қазақстандағы Апостоль Нунцийіді қабылдады
16 Қыркүйек, 2019 17:38

Сенат төрағасы Қазақстандағы Апостоль Нунцийіді қабылдады

Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің басшысы Дариға Назарбаева Қазақстандағы Апостоль Нунцийі Фрэнсис Ассизи Чулликатты қабылдады, деп хабарлады Strategy2050.kz.



Сенат төрағасы Қазақстандағы Апостоль Нунцийіді қабылдады  | Strategy2050.kz

Ватикан өкілі бейбіт үнқатысу арқылы діндер мен мәдениеттер арасындағы келіспеушіліктерді еңсере отырып, жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның қызметін жоғары бағалады. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі қазіргі замандағы өзекті мәселелер мен қауіп-қатерлерді шешуде ерекше алаң болып табылады», - деп атап өтті ол. 

Сенат басшысы Қазақстан мен Ватикан арасындағы сындарлы іс-қимыл туралы айта келіп, Қазақстан Понтифик барған Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз ел болғанын атап өтті. 2001 жылы Астанаға Папа II Иоанн Павелдің сапары еліміз үшін ерекше оқиғалардың бірі болды. Д.Назарбаева Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық барысында Ватиканға баруды жоспарлап отырғанын айтты. 

ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлағандай, Сенат Төрағасы Ватикандағы педиатриялық клиника қызметінің табысты тәжірибесін атап өтіп, қазақстандық балаларға медициналық көмек көрсету және дәрігерлерді озық технологияларға оқытуды қамтамасыз ету үшін Ватикан мен Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыруды ұсынды.   

Қазақстандағы Апостоль Нунцийі Ватиканның діни қызметкерлерін визамен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Олар жыл сайын визаны ұзартуға мәжбүр болады әрі ол ыңғайсыздық тудырып келеді. Сенат басшысы аталған мәселені бақылауына алды. Сыртқы істер министрлігінде осы бағыттағы жұмыстар басталған болатын, енді, мекемеаралық ресімдерді реттеу қажет. 

Кездесу аясында Конфессияаралық және өркениетаралық даму жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының БҰҰ ұйымдарымен ынтымақтастығының келешегі талқыланды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды