• Басты
  • Сенат спикері Қазақстанның туристік және инвестициялық тартымдылығы туралы айтып берді
25 Қыркүйек, 2019 17:22

Сенат спикері Қазақстанның туристік және инвестициялық тартымдылығы туралы айтып берді

Сенат басшысы Дариға Назарбаевамен кездесулер барысында парламенттер басшылары Еуразия елдері парламенттері спикерлері кеңесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны мен пікірсайыстардың мазмұнды болғанын атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz.

 

Сенат спикері Қазақстанның туристік және инвестициялық тартымдылығы туралы айтып берді

Жапондық парламентаралық достық лигасы төрағасы, Өкілдер палатасының депутаты Т.Кавамура Д.Назарбаеваны Сенат Төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2016 жылғы Жапония сапарын жылы шыраймен еске алды.

    Сенат Төрағасы өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қазан айында Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыру салтанатына қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

«Елбасыны асыға күтеміз», - деді Т.Кавамура. 

 Сенат басшысы жапондық депутатты Парламенттің жоғарғы палатасының отырысына қатысуға және Күншығыс елінің кәсіпкерлерін Қазақстанмен бірлескен жобалар әзірлеуге шақырды. 

Сенат басшысы және Германия, Кипр, Сербия, Черногорияның парламенттік делегацияларының басшыларымен кездесу кезінде негізгі тақырып – сауда-экономикалық әріптестікті дамыту қажеттігі талқыланды. Дариға Назарбаева Қазақстанда шетелдік инвестицияны қорғау мен шетелдік бизнесті қолдаудың көптеген шаралары әзірленгенін айта отырып, шетелдік кәсіпкерлерді шекаралас елдер, ең алдымен, ҚХР және Ресеймен сауда басымдықтарын пайдалана отырып, Қазақстанға инвестиция құюға шақырды.

«Жаңадан құрылған шетелдік бизнеспен өзара іс-қимыл институттары маңызды роль атқарады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев құрған шетелдік инвесторлардың кеңесі жұмысын жалғастырып отырған ерекше институт және оның әлеуеті арта түсуде», - деді Сенат Төрағасы. 

Кездесуде Қазақстанда туризмді дамыту тақырыбы да талқыланды. Сенат басшысының пікірінше, парламентаралық ынтымақтастық аясында құрылған депутаттық достық топтары ерекше рөл атқаруы ықтимал. «Қазақстан – тұрақты, қауіпсіз мемлекет. Біздің халқымыз қонақжай және әсем табиғатымыз бар», - деп Сенат басшысы Қазақстанның туризм саласындағы тартымды тұстарын атап өтті. 

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Г.Церетелимен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды. 

Д.Назарбаева Қазақстан ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен сындарлы ынтымақтастықты бағалайтынын атап өте келіп, оны парламенттік дипломатияны ілгерілету мен сенімді нығайтудың маңызды алаңы деп санайтынын айтты. 

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлағандай, Г.Церетели ұйымның парламентшілер арасындағы байланыстарды нығайту, жанжалдасушы тараптар арасында диалог орнату жөніндегі жұмысы туралы хабарлады. Ол ЕҚЫҰ Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың ЕҚЫҰ негізін қалыптастырушы құжат – 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісін қазіргі замандағы өзгерістер тұрғысынан қайта қарау туралы бастамасын қолдайтынын атап өтті. Г.Церетели Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы және халықаралық аренада бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады. 

 

Кувейт мемлекеті Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Марзук әл-Ғаниммен кездесуде қауіпсіздік тақырыбы талқыланды. Дариға Назарбаева Кувейттің әуежайы мен әскери базасы арқылы Сириядан Қазақстан азаматтарын құтқару жөніндегі гуманитарлық операцияларын іске асыруда көрсеткен көмегі үшін Кувейтке алғыс білдірді. Марзук Али әл-Ғаним өз кезегінде қақтығыстарды, соның ішінде Сирия дағдарысын реттеудегі Қазақстанның маңызды бітімгерлік бастамаларын атап өтті. 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды