• Басты
  • Сенат халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін заңдарды қабылдады
30 Сәуір, 2020 14:11

Сенат халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін заңдарды қабылдады

Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы болды.Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындау күн тәртібінің бірінші мәселесі болды. Жоғарғы палата басшысының ұсынысы бойынша Серік Сыдықов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып бекітілді, деп хабарлады Strategy2050.kz Сенатқа сілтеме жасай отырып.
Сенат халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін заңдарды қабылдады

Сенаторлар отырыстың күн тәртібі аясында ардагерлер мәселелеріне қатысты үш заңды талқылап, қабылдады. Олардың ішінде – «Ардагерлер туралы» заң жобасы, оның мақсаты ардагерлер санатын белгілеу, сондай-ақ оларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық негіздерін айқындау болып табылады.

Сенаторлар еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасын екі оқылымда қарады. Оның негізгі міндеті басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан және бітімгершілік күштер ретінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындаған әскери қызметшілерді ардагерлердің жеке санатына жатқызу болып табылады.

Сенаторлар сондай-ақ Салық кодексіне және Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы еліміздің заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын екі оқылымда қарады. Оның мақсаты салық заңнамасының ережелерін «Ардагерлер туралы» заң жобасының басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне салық жеңілдіктерін беру және бірыңғай терминологияны қолдану бөлігімен үйлестіру болып табылады.

Депутаттар одан кейін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап, қабылдады.

Отырыс барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады. Құжатты таныстырған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов заң жобасын қабылдаудың міндеті көші-қон заңнамасын жетілдіру екенін атап өтті. Оның ішінде елімізге келетін этникалық репатрианттар мен қоныс аударушыларға қолайлы жағдайлар жасау, ел экономикасының сұраныстарына арналған сыртқы еңбек көші-қонының тиімді жүйесін құру, қолайлы инвестициялық ахуал жасау, халықаралық үздік тәжірибені ескере отырып көші-қон процестерін реттеу саласындағы құқықтық базаны кеңейту және заңсыз көші-қонның жолын кесу бағыттары бар.

Депутаттар сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады. Оның мақсаты террористік әрекеттерден зардап шеккен және соғыс болған аймақтардан оралған балаларды қорғауды қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз құру болып табылады.

Отырыста сондай-ақ заңнамаға атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша түзетулер қабылданды. Еліміздің энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз баяндамасында атап өткендей, заң жобасының мақсаты – еліміздегі ядролық қондырғылардың жұмыс істеуі барысында туындайтын, атап айтқанда, ядролық қондырғылар операторларының ядролық залал келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігі саласында қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.

Сенаторлар Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасын, сондай-ақ заңнамаға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері жөніндегі түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты азаматтардың бейбіт және қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізуге конституциялық құқығын жүзеге асыру болып табылады.

Палата депутаттары Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) ратификациялады. 


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды