• Басты
  • Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады

Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады

27 Мамыр, 2021 12:03

Бүгін Сенат отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралып, хаттама ратификацияланды. Хаттаманың ратификациялаудағы мақсаты мен мүмкіндіктері туралы Strategy2050.kz тішісінің материалынан оқи аласыздар.

Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечина аталған комитеттің «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын комитеттің 2021 жылғы 25 мамырдағы кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өкілдерінің, Сенаттың басқа комитеттері депутаттарының және Аппарат қызметкерлері қарап, талқыға салғанын атап өтті.

Оның сөзінше, заң жобасының мақсаты - аванстық төлемдерді кедендік әкелу, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне есепке алу мүмкіндігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің және Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің ережелерін іске асыруға бағытталған.

Заң жобасының міндеттері:

-        аванстық төлемдерді кедендік әкелу,

-        арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне есепке жатқызу мүмкіндігін белгілеу;

-        мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотында жоғарыда көрсетілген баждарды есепке жатқызу тәртібі мен есепке жатқызу жүргізілуге тиісті мерзімдерді айқындау;

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде және Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде пайдаланылатын терминологияға сәйкес келтіру көзделеді», - деді комитет төрайымы.

Заң жобасы төмендегідей дүниелерге мүмкіндік береді:

-        кедендік әкелу, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу үшін бірнеше төлем тапсырмаларын пайдалану қажеттігіне байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығындарын барынша азайтуға;

-        кедендік әкелу, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары мен өзге де төлемдерді әкімшілендіруді

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Хаттама ратификациялануға жатады», - деді Ольга Перепечина.

Сонымен қоса, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сіздердің қарауларыңызға «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізіліп, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін еске салды. Оның сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі екі жылдан кейін, яғни 2017 жылы қабылданған.

«Кеден кодексінің нормаларына сәйкес аванстық төлемдер институтын енгізу көзделген. Осыған байланысты Шартқа тиісті түзетулер енгізу қажеттілігі туындап отыр. Алдағы төленетін кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар мен пайыздардар есебіне енгізілген ақша аванстық төлем деп танылады. Қазіргі уақытта кедендік тазарту кезінде алтыға жуық кедендік төлемдер мен салықтардың түрі төлене алады», - деді министр.

Оның сөзінше, бұл хаттаманы ратификациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға уақыт пен қаржы шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда:

Біріншіден, кедендік декларациялау үшін кедендік алымды, кедендік бажды, қосылған құн салығын, акцизді, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы бажын төлеу үшін бірнеше төлем тапсырмаларын пайдалану қажеттілігіне байланысты шығындарды барынша азайту.

Екіншіден, қолда бар аванстық төлемдерді уақытша сақтау қоймаларында орналастыру, кедендік құнды растау, сараптама жүргізу кезінде және т. б. сияқты операциялар кезінде кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалану.

Үшіншіден, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар осы төлемдерді пайда болған берешекті өтеу үшін пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Төртіншіден, бюджеттік сыныптама кодының (бұдан әрі – БСК) әрбір түрі бойынша ақша қаражатының қалдықтарын жеке-жеке қадағалау қажеттілігі жоқ.

«Кеден органы аванстық төлемдерді енгізген тұлғаның өтініші бойынша оған аванстық төлемдер ретінде енгізілген ақша қаражатының жұмсалуы туралы есеп береді», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Барлық жаңалықтар