• Басты
  • Нұртөре Жүсіп ЖОО-ларда конфликтология факультетін ашуды ұсынды
27 Ақпан, 2020 12:23

Нұртөре Жүсіп ЖОО-ларда конфликтология факультетін ашуды ұсынды

Еліміздің бас қаласында сарапшыларының, саясаттанушылардың қатысуымен "Қазақстандағы этносаясаттың өзекті мәселелері: сараптамалық пікір" тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр. Жиынға қатысқан ҚР Парламенті Сенаты депутаты Нқртөре Жүсіп еліміздің бірқатар жоғары оқу орнындарда елдегі даулы мәселелерді зерттеп, шешімін табу үшін конфликтология факультетін ашуды ұсынды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Нұртөре Жүсіп ЖОО-ларда конфликтология факультетін ашуды ұсынды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп қазақ елінің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру мәселесіне көңіл бөлу керектігін атап өтті. Оның сөзінше, мемлекеттілік, тәуелсіздік, отбасы құндылықтары, қазақтың салт-дәстүріне құрметпен қарау, адами құндылықтар, қазақтың тілін меңгеруді жолға қою қажет дейді.

Сонымен қатар депутат өз сөзінде елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының сауаттылығын сөз етті. Оның айтуынша, БАҚ өкілдері даулы мәселе жөнінде ақпарат таратқанда барынша абай болу керектігін ескертті. 

"Ақпараттық тұрғыда сауаттылық керек. Айталық, бір қылмыстық оқиға орын ала қалса, дереу азаматтың аты-жөні, ұлты көрсетіледі. "Кінәсіздік презумпцияның" талаптары қатаң сақталу керек. "Оқиға", "кикілжің", "қақтығыс", "қырғын" деген анықтамаларды бергенде, барынша абай болу қажет деп есептеймін.  Мәселен, "Қордай қырғыны" деп жазылды. БАҚ өкілдеріне осындай төтенше жағдайларды жазып көрсету дағдыларын үйреткен артық болмас еді. Үшіншіден, сарапшылар, конфликтологтар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар дүр етеді. Бұған дейін олар қайда болды? Зерттеулер қайда? Терең зерттеу жағы, мәселені ушықтырмай шешуде мемлекеттік органдар арасында үйлесімді іс-әрекет жетіспей тұрғандай көрінеді", - деді Нұртөре Жүсіп.

Бұдан басқа елдегі Қордай мәселесі секілді даулы проблемалардың алдын алу үшін бірқатар ұсыныс айтты. Оның сөзінше,  жоғары оқу орнындарында елдегі даулы мәселелерді зерттеп, шешімін табу үшін конфиликтология факультетін ашу керек.

"Президенттік басқару академиясында, елдегі бірнеше жетекші оқу орындарында конфликтология факультеті ашылса артық болмас еді. Ел-жұртпен тікелей жұмыс істеу, тыңдау, сөйлесу үшін даулы мәселелерді зерттейтін конфликтолог мамандар қажет. Әсіресе, аймақтардағы ішкі саясат басқармаларындағы қазақ тілді конфликтолог мамандар болуы тиіс.  Соынмен қатар қазақ мәдениеті шеңберінде өмір сүру. Қазақстанды мекендеп отырған ұлт пен ұлыс өкілдері мемлекеттің мәдени кеңістігін қабылдауға тиіс", - деді депутат өз сөзінде.

Сонымен бірге ол ортақ түсіністіктің ортақ тіл арқылы қалыптасатынын атап өтті.

"Президентіміз қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыру туралы айтты. Осы тұрғыда терең түсіністік керек. Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді білу талабын қатаң міндеттеу қажет. Стратегиялық тқрғыдан алғанда елдегі мемлекеттік балабақшаның бәрін мемлекеттік тілде тәрбие беретін орталықтарға айналдыру өте маңызды. Сондай-ақ қазаққа қызмет еткен тұлғалар бар. Левшин, Гумилев, Потанин, Затаевич, Хамиди, Бельгер секілді өзге ұлты өкілдерінің адал еңбектерін неге насихаттау керек. Осындай тұлғалар туралы деректі, көркем фильмдер түсіру қажет", - деді ол.


Сондай-ақ ол түрлі ұлт өкілдері арасында қарым-қатынасты нығайтып, өзара байланысты арттыру үшін Наурыз секілді ұлттық мерекелерді жалпыхалықтық мерекеге айналдыру қажеттігін айтты. 

"Дін бауырластығын күшейту керек. Қазақстан халқының басым бөлігі - мұсылман. Ораза, Құрбан айт мерекелерін тиімді пайдалану тетіктерін іздестірген дұрыс. Наурыз секілді ұлттық мерекелерді жалпыхалықтық мерекеге айналдыру қажет. Қазақ халқы сырттан келгендерге өзінің дәмін ұсынған ел еді. Бізді дәм біріктіруі тиіс.  Сонымен бірге өз өмірін Қазақстан республикасымен байланыстыра қарайтын кез-келген азаматтың мемлекеттік тілді білу талабана қолдау білдірген абзал. Максим  Рожин сияқты қазақ тілінде таза сөйлейтін азаматтардың мемлекеттік мүддені терең түсінгені қуантады. Кешегі Максимнің қазақ тілін үйреніге еріктілер қатарын көбейту бастамасын қолдаймын", - деді Нұртөре Жүсіп. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды