• Главная
  • Сенат депутаты: Дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз қажет
1 сентября, 2020 14:14

Сенат депутаты: Дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз қажет

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды. Жолдауда білім, экономика, ләеуметтікғ өзін-өзі басқаруға қатысты бірқатар мәселе көтерілді. Осы орайда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлының жолдауға қатысты пікірін білген едік. Оның сөзінше, Дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз қажет, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Сенат депутаты: Дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз қажет

Сенат депутанының айтуынша, жолдауда барлық қоғамдық сала қамтылған. Осы орайда Мұрат Бақтиярұлы үш мәселеге тоқталды.

«Біріншісі, білім саласы. Әсіресе үздіксіз білім беруге қатты мән берілді. Бұған дейін айтылып, көтеріліп жүрген мәселе болатын. Қазіргі уақытта қалыптасқан онлайн білім беру жүйесіне де байланысты президент өзінің сыни пікірін айтты. Осыған дейін ел аралау кезінде де бұл мәселені көтергенбіз. Сондықтан президенттің ұсыныс құптарлық. Қазір біз қалыптасқан дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз керек. Осы бойынша тапсырма берілді. Менің ойымша, егер ата-аналар балаларын мектепте оқытуға келісім берсе, балаларды дәстүрлі білім беруге көшіруге мүмкіндік бар», - деді ол.

Сонымен қоса ол өзін-өзі басқару мәселесіне тоқталды. Оның пайымынша, бұл заң бұған дейін тек қағаз жүзінде қолданылып келген.

«Екінші мәселе, жергілікті өзін-өзін басқару. Бұл бағыттағы заң бізде бұрыннан бар, бірақ өкінішке орай, бұл формалды түрде болды. Сондықтан президент осы жолдауында барынша назар аударды. Оның ішінде ауыл әкімдерін халықтың пікіріне сүйене отырып сайлау мәселесін алдағы жылы енгізді», - деді сенат депутаты.

Бұдан бөлек ол жолдауда көтерілген ұлттық проблемаларға қатысты ойымен бөлісті. Оның сөзінше, мемлекет басшысы келешек адал, білімді, кәсіпке бейім ұрпақ тәрбиелеу ісіне араласып, айрықша назар аударуды барлық қоғамдық институтқа жүктеген. Парламент, сенат мұндағы көтерілген мәселелерді жан-жақты қарайтын болады деді ол.