- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну 13 маусымда басталады
Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну 13 маусымда басталады
12 Маусым, 2020 15:35
Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну 13 маусымда басталады. Бұл туралы 2020 жылғы 12 тамызда тағайындалған ҚР Сенаты депутаттарын сайлау бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбе жоспарын бекіту туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну ертеңнен, яғни 13 маусымнан басталады. Сайлауға бір ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша 18: 00-де аяқталады. Яғни, 12 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 18: 00-де 17 облыстың әрқайсысында кандидатураларды ұсыну аяқталады", - деді Константин Петров.
Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина сенат депутаттарын сайлау үшін бюджеттен ОСК-ға 254,5 миллион теңге бөлінгенін атап өтті.
«Республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау үшін Орталық сайлау комиссиясына 254,5 миллион теңге бөлінді. Республикалық бюджет сайлау комиссияларын ұйымдастыру және пайдалану шығындарын, сайлаушылар болып табылатын Мәслихат депутаттарының іссапар және көлік шығыстарын, сайланатын компанияның қызметін ұйымдастыруға қажетті баспа қызметтерін, сондай-ақ сайлау учаскелерін жобалау бойынша қызметтерді, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шығындарын және басқа шығындарға жұмсалады", - деді ол.
Сондай-ақ оның сөзіне сүйенсек, өткен сайлау науқанында Сенат депутаттығына кандидаттардың әрқайсысына 400-ден 600 мыңға дейін ақша бөлінген.
автор:
Назерке Сүйіндік

поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет
-
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады
-
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді
-
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
-
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері
-
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды
-
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады
-
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары
-
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады
-
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді
-
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады
-
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

