• Басты
  • Бейбіт жиындарды өткізу туралы заң жобасын одан әрі демократияландыру көзделіп отыр – С.Амандықова
14 Мамыр, 2020 11:51

Бейбіт жиындарды өткізу туралы заң жобасын одан әрі демократияландыру көзделіп отыр – С.Амандықова

Сенат депутаттарының Мәжіліске Қазақстанда "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасын қайтарып беруіне қатысты Заң ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Амандықова сарапшылық пікірін білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 


Бейбіт жиындарды  өткізу туралы заң жобасын одан әрі демократияландыру көзделіп отыр – С.Амандықова
«Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы өте ұзақ талқыланды. Сенатқа түскен заң жобасы айтарлықтай демократиялы болды. Біріншіден, Мәжілістің өзі көптеген түзетулерді енгізді. Оның ішінде бейбіт жиынның субъектісі мен қатысушыларын қамтитын талаптар болды. Мемлекеттік органдарға артылған жауапкершілік өте жоғары болды. Екіншіден, заң жобасына алдында енгізілген көптеген міндеттерді Мәжілістің өзі алып тастады. Заң жобасының қазіргі жағдайына келетін болсақ, Сенат одан да терең қаузап, аталған заң жобасын одан сайын демократияландыруды көздеп отыр. Алдын ала бейбіт жиын өткізуге арнайы мамандандырылған орындардың керектігі талқыланған болатын. Ондай жерлер қажет деп шешті. Заң жобасында бұл мәселе қарастырылған», - деді ол.

  Сондай-ақ, С.Амандықова пикеттерді кез келген мемлекеттік органдар алдында өткізу болатыны да айтылғанын жеткізді.

 «Сенат заң жобасында жиын өткізуге арналған мамандандырылған орындардың кем дегенде үшеуі қаланың орталық алаңында болуы қажеттігін айтады. Бұл заң жобасының прогрессивтік шарасы болып табылады. Сондай-ақ, ұйымдастырушыларға көптеген міндет қойылған болатын. Ұйымдастырушылар жиын өткізушілерге де әсер етуі тиіс еді. Қазіргі таңда ұйымдастырушылардың жиынға қатысушыларға өздерінің жүзін жасырмауды талап етуді алып тастау қажеттігі ұсынылды. Оның ішінде оларды танып қалуды болдырмайтын жасырын заттарды қолдануды қарау ұйымдастырушылардың құзырында болмайды», - деді ол.

 Сонымен қатар, профессор коронавирус індеті адамдардың жаңа жағдайда өмір сүруге үйреткені де ескерілгенін айтты.

   «Біз қазір жедел өзгермелі әлемде өмір сүреміз. Сенат депутаттары жиынға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға жеке қауіпсіздікті сақтайтын шараларды қолдануды енгізуді қарады. Мысалы, бейбіт жиынға шыққанда қатысушылар маска киіп шыға алады. Жаңа жағдайға қатысты осындай мүмкіндікті енгізу қарастырылып жатыр. Сенат бейбіт жиындарды өткізуге рұқсат етпеу негіздерін алып тастауды дұрыс деп есептейді. Алайда, заң жобасы жиын өткізбеудің тек негізгі тетіктерін ғана қарастырған. Дегенмен, Сенат депутаттары бұл негіздер одан да аз болуы керек деп есептейді. Оның ішінде жолдардың жөнделуі, жасыл көшеттерді сақтауды қамтамасыз ету, ұйымдастырушылардың талаптарды орындамауына қатысты митингті өткізбеу себептерін алып тастауды жөн көреді. Қазір Сенат тарапынан осындай демократиялық түрткі болып отыр. Бұл негіздерді Сенат та, Мәжілісте қарап, заң жобасы жаңа прогрессивті бейнеге ие болады деп ойлаймын. Осыған дейін де алып тастаған өзгертулер заң жобасын прогрессивті еткен», - деді ол.

 Сонымен қатар, С.Амандықова Қазақстанның бейбіт туралы заң жобасы өзге елдерге қарағанда әлдеқайда демократиялы екенін атап өтті.

«Мәселен, АҚШ-ты алатын болсақ, олардың ұйымдастырушылар мен қатысушыларына өте үлкен талап қойылады. Америкада бейбіт жиынды орталық алаңдарда өткізу үшін қатаң регламент қарастырылады. Митинг өткізуге рұқсат алудың өзі ақылы. Оның құны 35 долларды құрайды. Ұйымдастырушы медициналық және өрт сөндіру қызметі сынды барлық құрылымдардың рұқсатын алуы керек. Оған қоса, ұйымдастырушы 1 млн доллар болатын жауапкершілікті сақтандыруды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан да біздегі заң жобасы либералды әрі демократиялы деп есептеймін», - деп түйіндеді профессор.
Фото: ашық дереккөз
Барлық жаңалықтар
3.216.79.60, 192.168.88.100