- Басты
- Жаңалықтар
- Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады
Америка Құрама Штаттары Қазақстанды Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығымен құттықтайды. Оны жабу туралы шешім ядролық қауіпсіздік пен таратпауға деген нақты бейілділікті көрсетті.

Қазақстанның Семей полигонына қатысты мұндай аса маңызды шешімі қауіпсіз әлемге қол жеткізуге бағытталған маңызды шаралар тізбегіндегі алғашқы шешім болды. Полигон жабылғаннан кейін Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен бірге кеңестік ядролық сынақ инфрақұрылымынан қалған мұраны алып тастау, сондай-ақ кейінгі кезеңде Дегелең тауындағы ядролық сынақтар үшін пайдаланылған 181 тоннельді жою үшін ынтымақтаса жұмыс атқарды.
Қазақстанның бүкіл әлемде ядролық жарылғыш құрылғыларды сынауды тоқтатуды қолдау жөніндегі белсенді қызметі құрметке лайық. Дәл осылай Америка Құрама Штаттары да Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) қолдайды және осы мақсатқа жету жолында тұрған айтарлықтай қиындықтарды мойындай отырып, оның күшіне енуі үшін жұмыс атқаруға бейілді. ЯСЖТШ мақсаттарына сәйкес, Америка Құрама Штаттары «нөлдік қуаттағы» ядролық жарылғыш құрылғыларды сынауға мораторий сақтауды жалғастыруда және ядролық қаруы бар барлық мемлекеттерді осындай мораторий жариялауға немесе сақтауға шақырады.
Біз Қазақстан Үкіметіне тұрақты серіктестігі үшін алғыс айтамыз.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды
-
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты
-
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді
-
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары
-
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме?

