• Басты
  • Сегіз Қазақстан азаматы Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды
5 Ақпан, 2020 15:20

Сегіз Қазақстан азаматы Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды

Қазақстандық тараптың өтініші бойынша бүгін түнде Қытайдың Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанның арнайы борттарымен біздің тағы 8 азаматымыз қауіпсіз жерге көшірілді.
Сегіз Қазақстан азаматы Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды

«Біздің бес азаматымыз Ташкент қаласында екі апталық дәрігерлердің бақылауында, ал қалған үшеуі Түмен қаласында қадағалауда болады», - делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.


Сондай-ақ, эвакуацияланғандар арасында осыған дейін ҚХР-ның эпидемиологиялық қызметтерімен дене қызуы салдарынан шығарылмаған Яньцзы Университетінің 1 курс студенті бар.

Отырғызу алдында ҚР азаматтары қосымша медициналық тексеруден өтіп, олардың арасында дене қызуы немесе коронавирус симптомдары бар адамдар анықталған жоқ.

Айта кетейік, 3 ақпан күні Қазақстан Ухань қаласынан өзінің 83 азаматын, соның ішінде 80 студентін эвауациялаған.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды