• Басты
  • Сегіз айда әлеуметтік салаға 4,806 триллион теңге жұмсалды
10 Қыркүйек, 2019 10:19

Сегіз айда әлеуметтік салаға 4,806 триллион теңге жұмсалды

2019 жылдың сегіз айындағы мемлекеттік бюджет орындалуы жайында есеп берген ҚР Қаржы министрі, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайлов мемлекеттік бюджет түсімдері 102,8 пайызға орындалғанын жеткізді.

Сегіз айда әлеуметтік салаға 4,806 триллион теңге жұмсалды

Мемлекет бюджет шығыстары 98,3 пайызға атқарылды. Соның ішінде әлеуметтік салаға бюджет шығыстарының жартысы жұмсалған. Сегіз айда әлеуметтік салаға жұмсалған ақша 4 триллион 806 миллиард теңгені құрап отыр.

«2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша бюджетке түскен қаражат көлемі 8 триллион 407 миллиард теңгені құрады. Ал өсу қарқыны 116,8 пайыз болды. Ал мемлекет бюджет шығыстары 98,3 пайызға атқарылды. Соның ішінде әлеуметтік салаға бюджет шығыстарының жартысы жұмсалды. Сегіз айда әлеуметтік салаға жұмсалған сома 4 триллион 806 миллиард теңге. Бюджет тапшылы 5,3 миллиард теңгені құрап, ол көрсеткішті жалпы ішкі өнімге шаққанда 0,7 пайызды құрап отыр», - деді Әлихан Смайлов.

Сондай-ақ қаржы министрі кірістер бойынша көрсеткіштер мемлекеттік бюджеттің барлық деңгейінде артығымен орындалғанын жеткізді.

«Кірістер бойынша мемлекеттік бюджет – 103,5 пайызға, республикалық бюджет –101,7 пайызға, жергілікті бюджеттер 108,7 пайызға орындалды. Мемлекеттік бюджет кірістері 2018 жылдың 8 айымен салыстырғанда 114,6 пайызға өскен. Республикалық бюджетке 4 триллион 363 миллиард теңге кіріс түсті. Өткен жылдың дәл осындай кезеңімен, яғни 8 айымен салыстырғанда кірістер 118,1 пайызға өсті, яғни ақшаға шаққанда 669 миллиард теңгеге көп болып отыр. Бұл көрсеткіш негізінен салық есебінен өскен. Ал жергілікті бюджеттердің өз кірістері 1 триллион 659 миллиард теңгеге атқарылған. Сонымен бірге жоспардан тыс 134 миллиард түскен. Кірістер бойынша барлық өңірлерде 8,8 пайызға артығымен орындалған», - деп түсіндірді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайлов.

Ал мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,3 пайызға, республикалық бюджеттікі болса 98,9 пайызға және жергілікті бюджеттер 98 пайызға атқарылған.

«Осы жылдың 8 айының қорытындысынай сәйкес, республикалық бюджет 7 триллион 725 миллиард теңге шығындалды. Сондай-ақ 809 миллиард теңге атқарылмады. Оның ішінде бюджет қаражаты 15 миллиард теңгеге үнемделген. Жалпы игерілмеген ақша – 74 миллиард теңге», - деді ол.

Қаржы министрі ақшаны ең көп игермегендердің қатарында ҚР Ішкі істер министрлігі, қорғаныс, экология, геология және табиғи ресурстар, мәдениет және спорт министрлігі бар екендігін айтты.

«Мемлекеттік бюджеттің толық орындалмауына мемлекеттік сатып алу конкурстарының уақытында орындамауы, мемлекеттік өндірушілердің шартты уақытымен атқармауы себеп болған. Ал мемлекеттік орган қайта құрылуына байланысты экология және геология министрлігінде бюджет толық орындалып үлгермеген. Жергілікті бюджет шығыстары болса 3 триллион 635 миллиард теңгені құрап отыр. Ал атқарылмаған сома – 73 миллиард теңгені құрап отыр», - деді Қаржы министрі.

Сондай-ақ Қаржы министрі Президенттің Конструктивті қоғамдық сұхбат – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру үшін Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы 5 бағыт бойынша 81 іс-шарадан тұратынын жеткізді.

«Алғашқы – «Қазіргі заманғы тиімді мемлекет» бағыты бойынша 11 іс-шараны іске асыру көзделген екен. Онда азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасын күшейту, мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын кезең-кезеңімен 25%-ке қысқарту, қатысушылар үшін қолжетімділікті ескере отырып, белгілі бір жерлерде бейбіт митингілер өткізуге рұқсат беру сияқты шаралар кешені бар. Сонымен бірге Әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Абайдың 175 жылдығын және Тәуелсіздіктің 30 жылдығын өткізу жөніндегі республикалық жоспар бар. Ал «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» туралы екінші бағыт бойынша сот шешімдерінің мониторингісі мен судьяларды бағалауды енгізу, «Сот практикасының сандық аналитикасы» жүйесін сынақтан өткізу, озық халықаралық тәжірибе негізінде Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру бойынша 15 іс-шара жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, қыз-келіншектердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырауы, браконьерлік, әкімшілік Әділет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар енгізу бойынша 5 Заң қабылданатын болады», - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен бірге экономиканы әртараптандыру, бизнес пен банк секторын дамыту, салық және бюджет заңнамасы бойынша 27 іс-шара, микро және шағын бизнес үшін «Бизнестің жол картасы-2025» шеңберінде жаңа және әлеуметтік жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылады.

2019 жылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 486 мың теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2018 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда атаулы мәнінде 10,8%-ға, нақты мәнінде 1,7%-ға өскен. Ал жалпы ішкі өнім өсімі осы жылдың сегіз айында 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3% құрапты. Соңғы үш ай қатарынан инфляция 0,2% төмен деңгейінде қалып отыр. Инфляцияның жылдық мөлшері мақсаттық дәліз шегінде 5,5% құрады.
Ал ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бюджеттің толық орындалмауын байланысты бірқатар бағдарлама үйлестірушілерінен бюджет қаражаттарын уақытылы игеруді қамтамасыз етуді міндеттеді. Сондай-ақ А.Мамин Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында құрылыс, инвестициялар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіштерінің төмендеуіне қатысты жағдайды қысқа уақыт ішінде оңтайландыруды жүктеді.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды