- Басты
- Сайлаудың әділ өтуін бақылайтын хартия жарияланды
Сайлаудың әділ өтуін бақылайтын хартия жарияланды
28 желтоқсанда сайлауды бейпартиялық байқау Орталығында сайлауда әділ және адал байқау туралы Хартия ресми түрде жарияланды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Хартия идеясының авторы - қоғам қайраткері Айгүл Соловьева алдағы сайлау процесінде барлық бақылаушыларды біріктіруге шақыра отырып, осы құжатқа қалай бастамашылық еткенін және оны қалай ілгерілеткенін айтып береді.
«Азаматтық қоғам бұл сайлауды лайықты түрде ұйымдастырып, өткізуге қабілетті уақыт келді деп сенемін. Халықаралық стандарттар негізіндегі бірыңғай қағидалар мен тәсілдер және оларды қатаң ұстану сайлау нәтижелері мен қорытындыларына сенім артуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты мен барлық байқаушыларды, партиялық және тәуелсіз, соның ішінде ЕҚЫҰ миссиясын қолдауға және оған қосылуға шақырамын!», - деді Солвьева.
Бану Нұрғазиева орталықтың ағымдағы жұмысы, сайлау процесіне қатысушылардың барлығымен, саяси партиялардың өкілдерімен, халықаралық байқаушылармен өткізілген кездесулер, өңірлік байқаушылар желісін дайындау және оқыту туралы айтып берді.
Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының өкілі Төлеген Күнәдилов ҚРКФ республикалық штабының және кәсіподақ бақылаушыларының адал және ашық сайлауды қамтамасыз ету аясындағы жұмысының нәтижелерімен бөлісті.
Кәсіподақтар федерациясы еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйымдардың бірі ретінде сайлау процесін әділ және адал өткізуін екі миссиямен қадағалайтын болады. Қысқа мерзімді миссиясы – ол сайлау күні сайлау учаскесінде барлық заңнамаға сәйкес сайлау үрдістерін бақылау. Ал ұзақ мерзімді миссиясы – бұл бүкіл жұмыс берушімен, партия өкілдерімен кездесу жұмыстарын өткізу. Яғни жұмыс берушілер тарапынан жұмысшыларға қысым көрсету жағдайларын болдыртпау. Сондай-ақ, қандай да бір жұмысшыларға партияға мәжбүрлеп дауыс беру жағдайларын алдын алу мақсатында үлкен іс-шаралар жүргізіп жатыр, - деді ол.
-
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
-
Антикор мен «Әділдік жолы» бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
-
Әлемдегі эпиджағдай күрделі: Франция мен Германияда қайтадан карантин жарияланды
-
Primaries-2020: әділ дауыс беру талабын бұзғандарға шара қолданылып жатыр
-
Назарбаев: Праймериздерді әділ, ашық және барлық қатысушы үшін тең жағдайда ұйымдастыру керек
-
Праймериз: Nur Otan жақтастарының лигасы әділ сайлау өткізе ала ма
-
Праймериз: Іріктеуге кімдер қатысады, өту тәртібі қандай/Үміткерлерге қандай талаптар қойылады
-
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» 30 студенттің тағылымдамадан өтуіне жолдама берді
-
А.Есмағамбетова: Мониторинг топтары карантиннің сақталуын бақылайтын болады
-
Дене қызуын түсіретін, бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды
-
Абай әндерінен каверлер байқауы жарияланды
-
Мемлекет басшысының бір апталық жұмысына бейне шолу жарияланды
-
Аятжан Ахметжанұлы: ҰБТ әділетсіз өтсе, біліксіз маман саны артады
-
Қазақстанның әлеуметтік саясатының императивтері: әділеттілік және прогресс
-
Тоқаевтың 1-7 маусым аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу жарияланды

