• Басты
  • Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі

Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі

30 Желтоқсан, 2020 17:22

Қазақстанда 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары мен облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін өткен үгіт-насихат жұмыстарының нәтижелері Strategy2050.kz тілшісінің материалында.


«Adal» партиясы: Алматы базарларындағы кездесулер

 30 желтоқсан күні Алматы қаласында «ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Алина Асқарова, Ақмарал Бекмұрзаева, Олжас Ордабаев, Нұрлыбек Малелов, Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев, Ләззат Шыңғысбаева, сондай-ақ партия өкілі Нұрлыбек Мұқановтардың тұрғындармен кездесулері өтті. Сондай-ақ, «ADAL» саяси партиясының кеңсесінде Алматы қаласының белсенді жастары мен Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары, студенттерімен онлайн-жиын ұйымдастырылды. Спикерлер Алина Асқарова, Ақмарал Бекмұрзаева және Олжас Ордабаев болды. Кездесуге қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат алып, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Шара барысында Олжас Ордабаев білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы айтты. Кездесуге қатысушылар партияның білім беру жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстарын да жоғары бағалады. Үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары мегаполистің ірі базарлары мен сауда нүктелерінде жалғасты.

91f4fb4d-042e-407d-8b3f-613e81a893b0.jpg

 «Халық» партиясы: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тоқтау мәселесі талқыланды

Бүгін Теміртауда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дмитрий Полтаренко «Менің үйім» дағдарыс орталығының мүшелерімен кездесті. Балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы айтылды. Кандидат Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарды өзгерту қажеттігін атап өтті. Ол статистикадан келтірді: осы жылдың сәуір айында 150 нөмірі бойынша жедел желіге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарынан 300-ден астам өтініш келіп түсті. Құқық қорғау және сот органдарында әйелдердің аз ғана өкілінің болуы сот төрелігін зардап шеккендердің пайдасына қол жеткізуді қиындатады. Сондай-ақ, бүгін Шымкентте Қазақстан Халық партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидат Гүлайша Мүсілтаева өңірдегі медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиналғандар сапалы медицина, әлеуметтік төлемдер мен дәрігерлердің, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мәселелерін талқылады.

5fd45095a868b007b05013834dba7a95_L.jpg

 «Ақ жол» партиясы: Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының жеке мәселелері тыңдалды

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Республикалық штабында Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ақ жол» партиясынан депутаттыққа кандидаттар азаматтарды қабылдады. Сайлаушылардың «Ақ жол» қабылдауына келгендегі мәселелері әртүрлі болды, негізінен – жеке сипаттағы сұрақтар. Депутат Ерлан Барлыбаевқа газдандыру мәселесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Н.Ахметбеков және Ө.Жәнібек көшелерінің тұрғындары атынан М.Рахымғұлов жүгінді. Оларды жұмыстың баяу жүріп жатқаны мазалайды. Тұрғындар жергілікті биліктің тиісті бақылауды жүргізбегеніне, газдандыруды аяқтауға қызығушылық танытпағанына шағымданды. Қарағанды қаласының тұрғыны М.Мырзаханова депутат Дания Еспаеваға отбасының проблемалық қарыздары бойынша жүгінді. Қазіргі уақытта барлық табыс несиелерді өтеуге жұмсалады, отбасы өмір сүру қаражатынсыз қалуда. Депутат Меруерт Қазбековаға тұрғын үй мәселесімен астаналық Райхан Камалова келді.

5d340346-7bac-4c2b-9430-830f7219399b-1-1024x768.jpg

«Ауыл» партиясы: Батыс Қазақстан жұмысшыларымен кездесу

Бүгін «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Кенжеғали Машырыков «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Жайық агро» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Үгіт-насихат тобының құрамына облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар енгізілді.        «Жайық агро» холдингі «Жайық-Ет» ЖШС және «Агропродукт» ЖШС сияқты кәсіпорындарды біріктірген және «Мясодел», «Ет байрам» сауда маркаларымен танымал. Үгіт-насихат тобы өндірістік кешенмен танысып, «Ауыл» партиясының сайлауалды тұғырнамасының бастамаларын түсіндірді. «Ауылдықтардың» пікірінше, қайта өңдеу кәсіпорындары АӨК жүйесіндегі негізгі буын, өйткені бір жағынан олар қосылған құнды қалыптастырады және саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады. Павлодар облысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Н.Г. Арсютин, Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Ақсу ауданы Қалқаман ауылының тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

cea76ce9-2d48-4bb4-9c5e-62d82bb27fde.jpg

 «Nur Otan» партиясы: автомитинг ұйымдастырылды

«BIZ BIRGEMIZ» алғашқы автомитингі белсенді демалысты, салауатты өмір салтын ұстанушы мен бей-жай қарамайтын алматылықтарды «Nur Otan» партиясын алдағы сайлауда бірге қолдау үшін жинады. Пандемия елдің қоғамдық-саяси өміріне және әлеуметтік-экономикалық процестерге елеулі өзгерістер енгізгеніне қарамастан, патриоттық рухтағы жастар мен мегаполистің танымал тұлғалары Шоқан Уәлиханов атындағы скверді айтарлықтай жандандырды. Шараға Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, боксшы Ермахан Ибраимов, қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер Жансая Әбдімәлік және басқалар келді. Алматыда нұротандықтардың жоспарында зиянды заттар шығарындыларын 3 есеге азайту және ЖЭО-2 газдандыру. 350 шақырым автожол, 4 жол айрығы және 7,5 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысы бар. 

1.1.jpg

Барлық жаңалықтар