- Басты
- Жаңалықтар
- Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: Жұмысшылармен, кітапханашылармен, саудагерлермен кездесу
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: Жұмысшылармен, кітапханашылармен, саудагерлермен кездесу
Бүгін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қарсаңында жүріп жатқан үгіт-насихат жұмыстарының 19-күні. Партия өкілдері қандай кездесулерге барғанын Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.

«Nur Otan» партиясы: Штаб Шығыс Қазақстан облысына барды
«Nur Otan»-ның сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысына келді. Өнеркәсіп жұмысшыларымен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, қала және өңір тұрғындарымен 20 шақты кездесу өткізді. Өскемен титан-магний комбинатының ұжымымен кездесуде сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтары талқыланды. Партия таяудағы 5 жылда өңірде 130 мың жаңа жұмыс орнын ашуды, 2,5 мың километр автожолға жөндеу жүргізуді, 230-дан астам ауылдың 100 мыңдай тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді, 30 мың отбасының тұрғын үй мәселесін шешу жоспарын айтты. Сондай-ақ, кәсіпорындарды жаңғырту мен қоқыс өңдеу кешендерін салу есебінен экологияны жақсарту және зиянды шығарындыларды кемінде 10%-ке төмендету шараларын талқылады. Бұдан кейін сайлауалды штаб мүшелері Өскемен қаласындағы 19-ықшам ауданның тұрғындарымен кездесті.
«Ақ жол» партиясы: кітапханашылармен кездесу
Демократиялық партияның кандидаттары елордалықтарды өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Дания Еспаева мен Сұлтан Хан Жүсіп Ұлттық кітапхана ұжымымен кездесті. Кітапханашылар «Ақ жолдың» әлеуметтік саладағы бастамаларын тыңдады. «Ақжолдықтар» «Түбегейлі өзгерістер қажет» сайлауалды бағдарламасы мен партия қызметі туралы айтып берді. Кітапхана қызметкерлері партияның бастамаларын тыңдап, өздерінің ой-пікірлерін де ортаға салды. Олардың айтуынша, Ұлттық кітапханада 140 адам жұмыс істейді, оның 40%-ы жастар. Қазіргі таңда ұрғын үй мәселесі өте өзекті болып отыр. Өйткені ұйым жалпы талаптарға сай келмейтіндіктен, тұрғын үй бойынша мемлекеттік бағдарламардың ешқайсысына қатыса алмайды. Сондықтан партияның жастарға арналған жатақханалар салу жөніндегі ұсынысының маңыздылығын айтты. Кітапханашылар партия өкілдерімен ашық диалог құрды.
«Халық» партиясы: сауда орталықтарындағы кездесулер
ҚХП-ның Нұр-Сұлтандағы сайлауалды штабының үгіт-насихат тобы науқанға белсене қатысып, қаланың халық көп жиналатын жерлерінде Қазақстан Халық партиясының сайлауалды тұғырнамасы жазылған парақшалар мен кітапшалар таратты. Атап айтқанда, үгіт-насихат жұмыстары «Есіл», «Әлем», «Тұлпар», «Жаннұр», «Керуен Сити» сауда үйлерінде, «Хан Шатыр» және «Азия парк» сауда-ойын-сауық орталықтарында, «Magnum», «Smаll» сауда желілерінде, сондай-ақ «Жастар» сарайының жанында жүргізілді. Штаб белсенділері Халық партиясының мақсаттары мен міндеттерін халыққа жеткізу үшін сайлаушылардың көп тобын қамтуға тырысуда. ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық республикасына кірген күніне орай арнайы іс-шара өткізді. Партияның аймақтық бөлімшесінің активі жауынгер-интернационалистер мемориалына гүл шоқтарын қойып, Ауған соғысының ардагерлерінің үйіне барды.
Ауыл партиясы: Өскемен жұмысшыларымен кездесу
Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Рабиға Тосейітова мен Шығыс Қазақстан облысының мәслихатына үміткер Фарид Әбітаев бастаған «Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы Өскемендегі «Астана-Бизнес» ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, Абай кесенесіне барды. Кездесу барысында Рабиға Тоқсейітова мен Фарид Әбітаев «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып, азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасына ерекше тоқталды. «Ауылдықтардың» айтуынша, экспортты игеруге ұмтылатын кез келген отандық кәсіпорын елдің ЖІӨ-нің өсуіне ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде ұлттық валюта мен инфляция деңгейін тұрақтандыруға алып келеді. Азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасын қабылдау ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамытуды белсенді ынталандыруды және атаулы топқа атаулы қолдау көрсетуді көздейді.
«Adal» партиясы: Кездесу қорытындыларын шығарды
«ADAL» саяси партиясы үгіт-насихат тобының халықпен өңірлік кездесулерінің қорытындысы шығарылды. 11-28 желтоқсан аралығында еліміздің қалалары мен ауылдарында 3583 кездесу өтсе, оған 71256 адам қатысқан. Үгіт-насихат кезеңінде партияға 57 мың адам кірді, қазіргі уақытта партия мүшелерінің саны 111875 азаматты құрайды. «ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат барлық 16 үміткер еліміздің аймақтарына аттанды.Өңір тұрғындары көптеген проблемалық мәселелерді атап өтті. Көбіне тұрғындар инфрақұрылымға қатысты проблемаларға - нашар жолдарға, жалақының төмендігіне, мемлекеттік органдардың бюрократиясына және жеке қажеттіліктер үшін жердің жетіспеуіне шағымдануда. Сондай-ақ, өңір тұрғындары қоршаған ортаның нашарлығы мен медициналық көмек алу проблемаларын айтқан. Бұл мәселелерді шешу жолдары партияның бағдарламалық құжатында қарастырылған.

-
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты
-
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті
-
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті
-
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда
-
Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі
-
Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда
-
Үгіт-насихат жұмыстары: он төртінші күннің қорытындысы
-
Үгіт-насихат жұмыстары: Өңірлердегі кездесулер, алғаш дауыс берушілермен жүздесу
-
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: өңірлердегі тұрғындармен кездесулер өтті
-
«Nur Otan» съезі: Сайлауалды бағдарлама қабылданып, кандидаттар тізімі белгілі болды
-
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
-
Қ.Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысты
-
Сыртқы істер министірлігінде Қытай Елшісімен кездесу өтті

