- Басты
- Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: өңірлердегі тұрғындармен кездесулер өтті
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: өңірлердегі тұрғындармен кездесулер өтті
10 желтоқсанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қарсаңында жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстары басталғаны белгілі. Үгіт-насихаттың 10-күні қалай өткенін Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.

"Nur Otan" партиясы: Штаб Алматы қаласына келді
Партия өкілдері Алматыда қоғам белсенділерімен, саясаттанушылармен, сарапшылармен, шағын және орта бизнес пен зиялы қауым өкілдерімен, сондай-ақ жас стартапшылармен, ІТ мамандармен, блогерлермен және вайнерлермен бірқатар кездесулер өткізді. Нұротандықтар кездесулерде көтерген мәселелер: азаматтық бақылау енгізу, бюджеттің жұмсалуы, заңнамалық деңгейде ауыл әкімдерінің тікелей сайлануы, салықтар санының қысқаруы. Партия төрағасы Бауыржан Байбек кездесулерде осы және өзге де мәселелерді алматылық белсенділермен талқылады.
"Ауыл" партиясы: «Азимут» майлар шығаратын зауытында кездесу өткізді
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Валентин Васильевич Хаданович майлар шығаратын «Азимут» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Үміткер халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту негізгі әлеуметтік-экономикалық міндет болып табылатынын жеткізді. Азық-түлік қауіпсіздігі, баға тұрақтылығы сияқты мәселелер талқыланды. Валентин Хаданович мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігі Заңын немесе тұжырымдамасын әзірлеу туралы ұсыныстарын жеткізді. Жұмысшылар пікірін тыңдады.
"Adal" партиясы: Қостанай мен Қызылорда тұрғындарымен кездесу өткізді
Бүгін Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева және хатшы Нұрлыбек Мұқанов Қостанай қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде талқыланған негізгі мәселелер: өңірдегі су, жарық, интернет мәселесі, смартфон арқылы облыс проблемаларын білу, Заречный ауылының инфрақұрылым мен көлік жолдары. Қызылордадағы кездесулерге Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Алмасбек Садырбаев, Дәулет Мұқаев қатысты. Олар тегін медицина мен білім беру жүйесі, несие, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін сөз етті.
"Халық" партиясы: Атырау қаласында жұмысшылармен кездесті
Халық партиясынан үміткерлер Атырау қаласындағы Кәсіподақтар үйінің кіші залында еңбек ұжымдарымен, мұнай-газ секторының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Олар талқылаған мәселелер: еңбек дауларын шешу, азаматтардың құқықтарын қорғау, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы, денсаулығы. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Халық партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Олжас Сыздықов пен Ислам Сұңқар ерекше балаларға арналған «Спина бифида» қорының басшыларымен, ата-аналармен кездесу өткізді.
"Ақжол" партиясы: Тараз қаласының кәсіпкерлерімен кездесті
Фракция жетекшісі Азат Перуашевтың басшылығымен «Ақ жол» демократиялық партиясы Тараз қаласында жергілікті кәсіпкерлермен, жұмысшылармен кездесті. Партия өкілдері «ТаразКожОбувь», «ПОШ-Тараз», «Тараз былғары зауыты» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Олар талқылаған мәселелер: кәсіпкерлердің салық жеңілдіктері, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы, өңірдің қолайлы бизнес климаты, өндірістегі қауіпсіздік. Партияның өзге мүшелері Ақмола облысында «Алиса» ЖШС, «Фаворит моторс» ЖШС өндірістерінде де осындай кездесулер ұйымдастырды.
Осылайша Мәжіліс пен мәслихат сайлауына үміткер партия мүшелері өңірдегі халықтың тұрмыс-тіршілігімен, жұмысшылардың жағдайымен таныс болып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
-
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті
-
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
-
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті
-
Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы қалай өтті
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда
-
Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі
-
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: Жұмысшылармен, кітапханашылармен, саудагерлермен кездесу
-
Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда
-
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті
-
Үгіт-насихат жұмыстары: он төртінші күннің қорытындысы
-
Үгіт-насихат жұмыстары: Өңірлердегі кездесулер, алғаш дауыс берушілермен жүздесу
-
Балаларға арналған демалыс және бейімдеу орталықтарын ұйымдастыру бойынша жобалар акселерациядан өтті
-
«Nur Otan» съезі: Сайлауалды бағдарлама қабылданып, кандидаттар тізімі белгілі болды
-
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

