• Басты
  • Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда

Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда

5 Қаңтар, 2021 18:17

5 күннен соң болатын Парламент пен мәслихат депутаттарын сайлау қарсаңындағы партия мүшелері мен кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Бүгінгі үгіт-насихат жұмыстарының қорытындылары туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.


«Ауыл» партиясы: Екібастұз жұмысшылармен әлеуметтік мәселелер көтерілді

Бүгін «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Н.Арсютин және Т.Зейнуллин үгіт-насихат тобымен бірге Екібастұз қаласының жол жүк тасымалдаушы «Богатырь Транс» ЖШС –нің еңбек ұжымымен кездесті.. Кәсіпорында 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Николай Арсютин өңірдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуден басқа, экспортты дамыту ел үшін валюталық түсім алуға да тартымды деп санайды, бұл ұлттық теңгенің тұрақтануына оң әсерін тигізеді. Шетелден импортталатын әрбір тауар валютаға сұранысты тудырады, сондықтан да отандық бәсекеге қабілетті тауарлар экспортын дамытудың маңыздылығын айтты. Кездесуде жұмысшылардың кәсіптік одақтарының рөлі туралы сөз болды. «Ауыл» партиясы өзінің сайлауалды тұғырнамасында кәсіподақтармен бірлесіп жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті әзірлеуді және енгізу туралы айтты. Кандидат Талғат Зейнуллиннің айтуынша, коммуналдық қызметтерге, бірінші кезекте, өндірістік сектордың кәсіпкерлері үшін электр энергиясына тарифтерді субсидиялау жүйесін енгізу ұсынылады.

IMG_7457.JPG

 «Ақ жол» партиясы: Павлодар кәсіпорындарындағы кездесу

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат жұмыстары Павлодар қаласында жалғасты. Партияның Павлодар облыстық штабының белсенділері өңірдегі бірнеше кәсіпорында болып, сайлаушылармен кездесті. Партия белсенділері алдымен  «Жана Роса» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігін аралап көрді. Бұл кәсіпорын елдегі ең көне сыра зауыттарының бірі. «Жана Роса» көне өндіріс қана емес, өңірдегі озық өндірістердің қатарына жатады. «Жана Роса» өндіріске негізінен креативті жастарды тартуды жөн көреді. Бұл ретте «Ақ жол» партиясы мен кәсіпорын жетекшілері осы мәселені ашық талқылады.  Партия белсенділері осы ұжымдағы жұмысшыларға партия бағдарламасындағы  жастарға көрсетілуі тиіс қолдау шараларының тізбегімен таныстырды. Ал түстен кейін ақжолдықтар «Реал-Строй-ПВ» серіктестігінің жұмысшыларымен де кездесіп, олардың  ой-пікірін тыңдады. Құрылыс компаниясының жігіттерімен әлеуметтік жағдай туралы көбірек әңгімелесті. «Ақжолдықтар» өз бағдарламаларын таныстырып болып, кездесуге жиналған халықтың ұсыныстарын тыңдады.

photo5449456193543188579.jpg

«Adal» партиясы: Семей қаласының жастары мен мұғалімдерімен кездесу

«Adal» партиясынан Мәжіліске депутаттыққа кандидаттар аймақтық сайлаушылармен кездесулерін жалғастыруда. Бүгін Семей қаласында кандидаттар Ардақ Назаров, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Алмасбек Садырбаев сайлаушылармен бірқатар кездесулер өткізді. Кандидаттар дергілікті тұрғындармен кездесу барысында  ADAL партиясының негізгі мақсаттары, міндеттері туралы айтып, adalpartiyasi.kz сайтының қызметтері жайында сөз қозғады. Сайттағы «Сіздің аймағыңыздың проблемалары» сервисін талдап, мүмкіндіктерін түсіндірді. Жұмысшылармен мемлекет аймақ тұрғындарының зейнетке шығу жасын қайта қарау туралы да айтты. Олжас Ордабаев агробизнес және экономика колледжінде жастармен және оқытушылармен кездесу кезінде қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасының білім беру блогына назар аударды. Олар мұғалім мәртебесіне тоқталып, барлық санаттағы ұстаздар үшін ерекше мәртебе алудың маңыздылығын атап өтті. Көпбалалы отбасылармен және кәсіпкерлермен кездесулерде тұрғын үйдің жетіспеушілігі, алғашқы төлемге қаражаттың тапшылығы, пәтер алуды жеңілдететін жаңа жағдайлар туралы әңгімелесті.

photo5449439718048642127.jpg

 «Nur Otan» партиясы: Штаб Қостанай облысына келді

«Nur Otan»-ның сайлауалды штабы Қостанай облысына келді. Мұнда партия өкілдері қала мен ауыл тұрғындарымен, өнеркәсіп көсіпорындарының ұжымдарымен, зиялы қауым өкілдерімен, жастармен, кәсіпкер әйелдермен және басқа да азаматтармен кездесті. «СарыарқаАвтоПром» зауытының жұмысшыларымен кездесуде республикалық штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Штаб өкілдері өңірдің зиялы қауым өкілдерімен ұлттық мәдениет пен руханиятты дамыту, қоғамда бірлік пен келісімді нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар кездесуде әйгілі ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына өткізілетін мәдени шаралар туралы айтылды. Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, партияның сайлауалды бағдарламасының маңызды басымдықтарының бірі шағын және моноқалаларды қоса алғанда, өңірлерді ары қарай дамыту болып табылады. Бұл үшін шағын қалаларда жолдарды, инженерлік инфрақұрылымды салу және реконструкциялау маңызды. Моноқалаларды дамытуда жүйе құраушы кәсіпорындардың рөлі артады. Рудный тұрғындарымен осы мәселелер кең талқыланды.

photo5451928462618112265.jpg

Қазақстанның «Халық» партиясы: Мұғалімдермен білім саласындағы проблемалар талқыланды

Бүгін Ақтөбеде Қазақстан Халық партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ирина Смирнова өңірдің білім беру саласындағы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Смирнова сапалы біімге қолдау көрсету, тегін жоғары білім туралы пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, білім саласындағы проблемаларды шешу кез келген мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Жыл сайын тегін спорт секциялары мен үйірмелер де қарапайым халық үшін қолжетімді болу керектігін тілге тиек етті. ҚХП мүшесі Халық партиясы балалар инфрақұрылымын дамыту, балалар демалысын ұйымдастыру және сауықтыру бағытында заң жобаларын әзірлеуге ұсыныстары барын да айтты. Ирина Смирнова ұстаздарға лайықты жалақы төлеп, үздік педагогтарға қаржылық өтемақы мен арнайы төлемдер қарастыруды қолдайтынын да жеткізді. Шараға келген ақтөбеліктерге Ирина Смирнова партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сонымен қатар азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, ашық диалог құрды.  

photo5449467291738681240.jpg

Барлық жаңалықтар