- Басты
- Жаңалықтар
- Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр
10 Қаңтар, 2021 11:17
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Сайлауда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы» брифингі өтті. Сайлауда орын алған құқықбұзушылықтар туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары Заппаров Арыстанғанидің айтуынша, қазіргі уақытта ешқандай құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты.
«Бүгін еліміз үшін маңызды науқан өтіп жатыр. Осы науқан қарсаңында барлық өңірдегі ішкі істер органдарының жұмысы күшейтілді. Республика бойынша сайлау учаскелерінде 40 000-нан астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс ітеп жатыр. Оның ішінде прокурорлар да бар. Бюллетеньдер сайлау учаскелеріне апарылмай тұрып, барлық сайлау учаскелері қауіпсіздік тексеруден өтті. Полицейлердің қатысуымен барлық бюллетень сайлау учаскелеріне жеткізілді», - деді ол.
Тәртіп сақшысының ресми дерегінше, қазіргі сағатқа дейін ешқандай тәртіп бұзушылық тіркелмеген.
«Айта кету керек, Сайлау туралы Заңға сәйкес полицейлердің сайлау процессіне қатысуына, сондай-ақ дауыс беру ғимараттарында отыруына құқығы жоқ. Олар тек комиссия төрағасы шақырған жағдайда тәртіпсіздіктің жолын кесу үшін барады. Қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ. Сайлау өту процессі ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауында», - деді А.Заппаров.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлау науқаны өтіп жатыр.
автор:
Айнара Байжан
фото:
Ашық дереккөз

поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі
-
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр

