• Басты
  • «Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері

«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері

20 Мамыр, 2021 12:36

Бүгін сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы қабылданды. Осы орайда, аталмыш заңның мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар.

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2021 жылғы 15 қаңтардағы VII шақырылымдағы Парламенттiң бiрiншi сессиясында айтылған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң әкiмдерiн тiкелей сайлауды ендiру туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзiрленген.

Заң жобасының мақсаты - аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң әкiмдерiн тiкелей сайлауды ендiру.

Заң жобасының негiзгi мiндеттерi:

1) сайлау жүйесiн жетiлдiру;

2) Жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн нығайту;

3) Парламент Мәжiлiсiне сайлау кезiнде саяси партиялардың өту шегiн төмендету

Заң жобасы жаңалықтары:

1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң әкiмдiгiне кандидаттарды:

- өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен (тиiстi қалада немесе ауылдық округте тұратын сайлаушылардың кемiнде 1%-ының кандидатты қолдап қол жинауы);

- саяси партиялардың өз мүшелерi қатарынан ұсыну;

- егер ұсыну мерзiмiнiң соңына екiден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң ұсынуы.

2. Кандидаттарға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы; жасы 25-тен кiшi емес; осы лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптары; барлық мемлекеттiк қызметшiлерге қойылатындай жалпы шектеулер (соттылық, әрекетке қабiлетсiздiк және т.б.).

3. Кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төменгi жалақының бiр еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзуi.

4. Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзi жұмыс iстеп жүрген әкiмнiң өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiн 10 күн бұрын өтедi. Сайлау науқанының мерзiмi – 30 күн.

5. Ауыл әкiмдерiнiң тiкелей сайлауын қаржыландыру жергiлiктi бюджет арқылы жүзеге асырылатын болады.

6. Парламент Мәжiлiсiне сайлау кезiнде саяси партиялардың өту шегiн дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыс санының 7%-ынан 5%-ына дейiн төмендету жөнiнде нормалар енгiзiлдi.

7. Барлық деңгейдегi сайлау бюллетеньдерiнiң нысандарына «Бәрiне қарсымын» бағанын енгiзу.

Комитет төрағасы болып Владимир Волков заң жобасынан күтiлетiн нәтижелер қатарында сайлау жүйесiн дамыту және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының жергiлiктi қоғамдастық алдындағы жауапкершiлiгiн арттыру бар екенiн атап өттi.

«Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды. Сенаттың тұрақты комитеттерiнiң осы заң жобасы бойынша ескертулерi мен ұсыныстары жоқ», - дедi ол.

Сонымен қатар, сенатор Ләззат Сүлеймен сайлау туралы заң жобасы аясында 4 Заңға түзетулер енгiзу көзделгенiн атап өттi. Олар «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Саяси партиялар туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Заңдары.

Заң жобасының негiзi өзгерiстер

1.     Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң әкiмдерiн сайланбалылығын енгiзу.

2.   саяси партиялардың Мәжiлiс пен мәслихаттар сайлауы кезiнде депутаттық мандатқа ие болуы үшiн алуы тиiс сайлаушылардың 7%- даусын 5%-ға дейiн төмендету.

3. сайлау бюллетеньдерiне «Бәрiне қарсымын» деген бағанды енгiзу.

«Бұл түзетулер елiмiзде жергiлiктi өзiн-өзi басқару институтын нығайтудың келесi кезеңiн қамтамасыз ету үшiн жасалып отырған нақты қадам. Орта Азия мемлекеттерi арасында бiрiншi болып жергiлiктi әкiмдер сайланбалылығын енгiзiп отырмыз. Нақты айтсақ, 2 мың 345 әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнiң сайланбалылығы енгiзiлуде. Бұл лауазымдарға 2021-2025 жылдар аралығында iс басындағы ауыл әкiмдерiнiң өкiлеттiк мерзiмдерiнiң аяқталуына орай, кезең-кезеңмен өткiзiледi», - дедi ол.

Ауыл әкiмдерiн сайлау: Өту тәртiбi мен талаптары

Биыл екiншi жартыжылдықта 836 ауыл әкiмi үшiн халық тiкелей дауыс беретiн болады.

Ауыл әкiмдiгiне үмiткердi:

– саяси партиялар әр округте 1 үмiткерден;

– азаматтар өзiн-өзi ұсынады (өзiн-өзi ұсынған үмiткер округтегi сайлаушылардың кемiнде 1%–қолдарын жинауы тиiс);

«Үмiткердi ұсына алатын үшiншi субъект, ол аудан әкiмi. Егер ұсыну мерзiмiнiң соңына дейiн бiр ғана кандидат қалса (бiзде баламасыз сайлау өткiзiлмейдi), аудан әкiмi кандидаттар ұсына алады. Бұл кандидаттарды әкiм жергiлiктi қауымдастықпен келiсуi керек. Қазiргi тәжiрибеде кейбiр аудан әкiмдерi жергiлiктi қоғамдастық деп аз ғана азаматтармен кездеседе деген пiкiр бар. Тiкелей сайлауда бұған жол берiлмеу керек, деп есептеймiн. Жергiлiктi қоғамдастық өкiлдерiмен толыққанды келiсiм болуы керек», - дедi ол.

Оның мәлiметiнше, әкiмдiкке үмiткер жоғары бiлiмi бар, мемлекеттiк қызметте немесе мемлекеттiк органдар болып табылмайтын ұйымдарда, оның iшiнде басшылық лауазымдарда кемiнде екi жыл қызмет атқарған 25 жастағы Қазақстан азаматы болуы тиiстi. Сайлаудың барлық кезеңдерi ашық, жариялы өтуi, байқаушылардың қатысуы да заңға енгiзiлiп отыр.

«Сайлау жүйесi – мажоритарлық. Яғни, дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының басқа кандидаттарға қарағанда көпшiлiк дауыс алған азамат ауыл әкiм болып сайланады, және аумақтық сайлау комиссиясы оны тiркегеннен кейiн бiрден қызметiне кiрiседi. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының ауыл әкiмiн лауазымынан босату жөнiнде мәселеге бастамашылық жасауы мәслихаттың әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселенi қарауына негiз болуы жобада нақтыланып отыр», - дедi депутат.

Бұл ретте, ол жергiлiктi қауымдастық жиналысы заңды болып табылуы үшiн ауыл тұрғындарының 50%-ы қатысуы тиiс екенiн басас айтып өттi. Тiкелей сайланған ауыл әкiмi жоғары тұрған әкiмнен дербестiгi болады, мемлекеттiк атқарушы органдар жүйесiне кiредi. Келесi кезең 2024 жылдан бастап аудан және қала әкiмдерiн сайлау өткiзiледi. Әкiмдер сайланбалылығын енгiзу ауылдарымыздың өркендеуiне және халықтың мемлекет iсiне жақын араласуына ықпал етедi деп күтiлуде. Жалпы сайлау комиссиясы алдында да, сайлаушылар алдында да бұл заңды практикада дұрыс әрi тиiмдi қолдану бойынша жауапты мiндеттер тұр. Сайлау кезiнде заң талаптарын сақтау және ауыл әкiмдерi болып бәсекеге қабiлеттi адамдар келуi осы үрдiстiң дұрыс қалыптасуы үшiн де, жергiлiктi халық үшiн де айтарлықтай маңызға ие.

Сайлауды енгiзуге қанша қаражат бөлiнедi

Әкiмдердi тiкелей сайлауды енгiзу бойынша ұлттық экономика министрi Әсет Ерғалиев те Мемлекет Басшысының жолдауындағы тапсырмасын iске асыру барысында елiмiздiң аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң әкiмдерiн тiкелей сайлауын енгiзу мәселелерi бойынша заң жобасы әзiрленгенiн тiлге тиек еттi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сай келген және 25 жасқа толған елiмiздiң кез келген азаматы сайлана алады. Саяси партиялар мүшелерi және сайлаушылардың жалпы санының кемiнде 1% - ына қол жинаған кандидаттар сайлауға түсе алады. Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзi қазiргi әкiмнiң өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiн 10 күн бұрын өтедi. Сайлау өткiзiлгеннен кейiн үш күн iшiнде қорытынды шығарылады. Сайлау өткiзiлгеннен кейiн жетi күн iшiнде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкiмдi тiркейдi, содан кейiн ол өз өкiлеттiгiне кiрiседi. Сайлау әкiмдердiң өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуына қарай жергiлiктi бюджет есебiнен өткiзiледi.

«Бюджет заңнамасының нормаларын ескере отырып, 2021-2022 жылдары қаржыландыру республикалық бюджеттен нысаналы трансферттермен, ал кейiннен 2023 жылдан бастап жергiлiктi бюджет есебiнен жалпы сипаттағы трансферт арқылы жүзеге асырылатын болады. Биыл II жартыжылдықта тiкелей сайлауды енгiзуге – 4,8 млрд теңге, ал жалпы 2021-2025 жылдарға 17,6 млрд теңге қажет болады», - дедi ведомство басшысы.

Сонымен қоса, ол Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 15 қаңтарда VII шақырылымдағы Парламенттiң бiрiншi сессиясының ашылуында берген тапсырмасына сәйкес, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихат сайлауы кезiнде саяси партиялардың өту шегi 7%-дан 5%-ға дейiн төмендейдi, сондай-ақ барлық деңгейдегi сайлау бюллетеньдерiне «барлығына қарсымын деген» графа қосылатынын да еске салып өттi.

«Осы заң жобасы әкiмдердi тiкелей халықтың сайлауына мүмкiндiк бередi. Ауыл әкiмiнiң халықтың қажеттiлiктерi мен проблемаларына ден қою жеделдiгiн арттыруға; сондай-ақ «халық үнiне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде iске асыруға мүмкiндiк бередi», - дедi Әсет Ерғалиев.Мәжiлiс пен Мәслихат депутаттары сайлауда саяси партиялардың өту шегi

Мәжiлiс пен Мәслихат депутаттары сайлауына саяси партиялардың өту шегi

Бұдан бөлек, сенатор Ләззат Сүлеймен Мәжiлiс пен Мәслихат депутаттары сайлауда саяси партиялардың өту шегiн 7%-дан 5%-ға дейiн төмендету саяси бәсекелестiктi одан әрi дамытуға бағытталығанын атап өттi.

«Еуропа елдерiнде 1%-дан 10%-ға дейiн сайлау шектерi белгiленген, бұндай шектеу қойылмаған елдер де бар. ТМД елдерi Украина, Балтық мемлекеттерiнде пропорционалды жүйе бойынша сайлау шегi 5% деңгейiнде қалыптасты», - деп толықтырды Ләззат Сүлеймен.

«Барлығына қарсы» бағаны

Депутаттың айтуынша, «Барлығына қарсы» деген баған Ресей Федерациясының, Австралияның, Испанияның, Үндiстанның және бiрқатар еуропа елдерiнiң бюллетеньдерiнде бар.

«Осы бағанды енгiзу арқылы бiз таңдау еркiндiгiн қамтамасыз етемiз. Бұл да маңызды норма», - дедi ол.

Сонымен қатар, ол жобада ауыл сайланған әкiмдерiн әскери мiндеттiлердi әскери жиындарға шақырудан босату, ауыл әкiмдерi үшiн ротацияны, аттестаттауды және тәртiптiк терiс қылықтары мен жазалары үшiн лауазымын төмендетудi алып тастау, саяси партиялардың ауыл әкiмдiгiне кандидаттар ұсынуы жөнiндегi жарғысын, құқықтары мен мiндеттерiн толықтыру бөлiгiндегi өзгерiстер енгiзу көзделгенiн атап өттi.

Енгiзiлiп отырған жаңашылдықтар:

– азаматтарға өздерiнiң конституциялық құқықтарын толыққанды iске асыруда белсендiлiктi арттыруға;

– жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының халықтың қажеттiлiктерiн және проблемаларын нақты шешуге, яғни «Халық үнiне құлақ асатын» мемлекет тұжырымдамасын толық көлемде iске асыруға мүмкiндiк бередi.

«Айта кетсек, 2020 жылдың көрсеткiштерi бойынша жергiлiктi өзiн-өзi басқару бюджетiнiң кiрiстерi 252 млрд теңгенi құрады, оның 34 млрд теңгесi (13,4%) жеке кiрiстер және 218 млрд теңге жоғары тұрған бюджеттен трансферттер, - дедi сенатор.

Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындау шеңберiнде Ұлттық экономика министрлiгiмен ауылдық билiктiң дербестiгiн, жауапкершiлiгiн кеңейту жөнiндегi заң жобасы әзiрленгенiн айта кету керек. Бұл ауылдарда кiрiс базасын кеңейтуге бюджеттiң IV деңгейiне қосымша салықтар мен төлемдердiң 4 түрiн беру қарастырылған (бiрыңғай жер салығы, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлем, жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер, жер учаскелерiн жалдау құқығын сатқаны үшiн төлем) және бюджеттiк рәсiмдердi оңайлатуға бағытталған бiрқатар түзетулердi енгiзу көзделедi.

Сонымен қатар, сайланған тәжiрибесi жоқ ауыл әкiмдерiне бiлiктiлiктi арттыру курстары өткiзiлетiн болады, тиiстi бағдарлама дайындалуда. Бұл бағдарламаның тиiмдi болуы туралы мiндет қамтылды. Сайлау туралы Заң жобасы шеңберiнде 15 нормативтiк құқықтың актiлер қабылданады. Ауылдарымызға әкiм болып бәсекеге қабiлеттi халыққа жаны ашитын азаматтар сайлануы, қордаланған ауыл проблемаларын шешуде белсендiлiк таныту мiндеттi. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы iшкi өнiмiнiң үлесi 5,3% екенi мәлiм. Ауыл тұрғындары өз басшыларын тiкелей сайлап, оларға сауатты түрде талап қойып, бастамаларын қолдап, мәселелердi бiрлесiп шешуге жасалған нақты қадам болады деп күтiлуде.

Депутат пiкiрi: Әкiмдердiң төте сайлау - өзiн-өзi басқару құрылымын нығайтады

Депутат Сұлтанбек Мәкежанов бүгiнгi қаралып отырған заң жобалары билiк пен қоғам арасындағы тұрақты сұхбатты қалыптастыратын саяси реформаның жалғасы ретiнде Мемлекет Басшысының аталған жолдауындағы тапсырмаларын iске асыру мақсатында әзiрленгенiн атап өттi. Заң жобаларында азаматтардың мемлекеттiң басқару iсiне кеңiнен қатысып, оны белсендi түрде жүргiзу үшiн ауыл әкiмдерiнiң сайлауына қатысу мүмкiндiктерi қарастырылған.

«Қазiргi таңда елiмiзде 2 мың 345 әкiмшiлiк аумақтық бiрлiкте ауыл әкiмдерi қызмет iстейдi. Заң қабылданғаннан кейiн ағымдағы жылдың екiншi жарты жылдығында оның iшiндегi 836 әкiмдердi тiкелей дауыс беру арқылы сайлау мүмкiндiгi ашылады. Бұл елiмiзде жергiлiктi өзiн-өзi басқару құрылымын нығайтуға және жергiлiктi жерде халықтық орта қалыптастыратын нақты шешiм. Заң жобасында әкiмдердiң сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттiк басқару деңгейiндегi құзыреттiлiгi айқындалған. Әкiмдердiң төте сайлануы жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының халықтың қажеттiлiктерi мен проблемаларын сезiну мүмкiндiгiн арттыруға ықпал ететiн болады», - дедi депутат.

Оның пайымынша, аталмыш құжаттарда баса көңiл бөлетiн бiрден-бiр маңызды жаңашылдық – бұл аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттiң, ауылдық округтiң әкiмдерiне үмiткерлерге өзiн-өзi ұсыну нысанының көзделгендiгi. Өзiн – өзi ұсыну сайлау процесiн өткiзудiң демократиялылығын, бәсекелестiгiн және баламалығын қамтамасыз етудiң өте маңызды шарттарының бiрi болып табылады.

"Заң жобаларындағы сайлау кезiнде саяси партиялардың өту шегi 7 пайыздан 5 пайызға дейiн төмендеуi, сондай-ақ барлық деңгейдегi сайлау бюллетендерiне «Барлығына қарсымын» деген шешiмi қосылғандығы өте елеулi мәселе. Себебi ол сайлау процесiнде барлық тiркелген саяси партиялардың сайлауларға қатысуға ынталандырып, сайлаушылардың таңдау еркiндiгiн қамтамасыз ететiн болады», - дедi Сұлтанбек Мәкежанов.

Сонымен қоса, ол халықаралық тәжiрибеде аталған нормалар Еуропаның және ТМД мемлекеттерiнiң кейбiрiнде ғана қалыптасқанын, мәселен, Балтық мемлекеттерiнде, Ресей Федерациясында, Австралия, Испания сияқты елдерде ғана қолданылатынын атап өтті.


Барлық жаңалықтар