• Басты
  • Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды

Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды

12 Қаңтар, 2021 11:45

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында 10 қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларына арналған отырыс өтті. Отырыста Мәжіліске өтетін үш партияның мандаты мен Қазақстан халықтар Ассамблеясынан сайланған депутаттар тізімі айтылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.



Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров саяси партияларға дауыс берушілердің санын нақтылады. Оның мәлімдеуінше, сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне 11 919 241 азамат болған, оларға берілген бюллетеньдер саны 7 539 280 дананы құрайды. Петровтың ресми мәлімдемесі бойынша, сайлау қорытындысы «Nur Otan» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы және Қазақстан Халық партиясына заңда көрсетілген жеті пайыздық межені еңсергенін көрсеткен.

 «Саяси партияларға берілген дауыс саны 7 241 562-ні құрайды. Соның ішінде:

-         «Nur Otan» партиясы – 5 148 074 сайлаушы дауыс берді, 71,09% дауыс жинады,

-         Қазақстан Халық партиясына – 659 019 сайлаушы дауыс берді, 9,10 % дауыс жинады,

-         «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 383 023 сайлаушы дауыс берді, 5,29 % дауыс жинады;

-         Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 792 828 сайлаушы, 10,95 % дауыс жинады;

-         «ADAL» саяси партиясы – 258 618 сайлаушы дауыс берді, 3,57 % дауыс жинады», - деді ол.

Енді  Парламентке сайланатын депутаттардың саны әр партия бойынша төмендегіей болмақ:

- «Nur Otan» партиясы – 76 мандат;

- «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат;

- Қазақстан «Халық» партиясы - 10 мандат.

Парламентке мандаттарды жіберу ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 97 бабының 1 тармағына сәйкес жүзеге асады.

ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 97 бабының 5 тармағына сәйкес партияның басқарушы органы партиялық тізімге енген кандидаттар ішінен 89 баптың 4 тармағына сәйкес сайлау қорытындысы жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде депутаттарды таңдайды.

 Орталық сайлау комиссиясын өкілдерінің ресми дерегі бойынша, Парламент Мәжілісіне Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат сайланды. Олардың тізімі төмендегідей:

 Әбдірахманов Сауытбек Әбдірахманұлы – 298 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 84,90%

 Амирханян Аветик Рубенович – 270 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 76,92%

 Буларов Ильяс Юсупович – 274 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 78,06%

 Дементьева Наталья Григорьевна – 292 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 83,19%

 Ли Юрий Виссарионович – 282 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 80,34%

 Набиев Вакиль Гусейнович – 285 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 81,19%

 Осин Шамиль Абзалетдинович – 271 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 77,20%

 Тохтасунов Владимир Имтахунович – 277 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 78,91%

 Хамедов Абилфас Муслимович – 290 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,62%

 11 қаңтар өткен ҚХА сайлауына 351 адам қатысқан. Олар 9 депутатты Парламент Мәжілісіне өткізуге мүмкіндік берді.

 Осы аптаның басты саяси оқиғасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру күні Ортсайлауком учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы күні бойы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы деректерін ұсынып отырды.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың  жалпы саны 63,3 % - ды құрады.


Барлық жаңалықтар