• Басты
  • Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды

Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды

12 Қаңтар, 2021 17:45

Өңірлердегі мәслихаттарға берілетін мандаттар туралы Strategy2050.kz тілшісінің мақаласынан біліңіз.



Бүгін Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев, партия өкілдері, әр өңірдегі сайлау комиссияларының төрағалары және БАҚ онлайн байланыс арқылы қатысып, сөз сөйледі. Осы отырыста сайлау қорытындылары және дауыс беру қорытындылары бойынша мәслихаттардың депутаттық мандаттарын бөлу мәселесі қаралды.

Отырысты Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ашты. Ол өткен сайлаудың қоғам мен Қазақстанның саяси өмірінегі маңызды рөлін атап өтті. Оның айтуынша, мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау құқығы аймақтық сайлау комиссияларының құзырында.

Тиісті жұмыстарды облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары барлық 216 мәслихат бойынша жүргізді. Орталық сайлау комиссиясында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлау қорытындалары бекітілді. Мәслихат сайлауы қорытындыларын бекіту аумақтық сайлау комиссияларының құзыретіне кіреді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың аумақтық сайлау комиссияларымен барлық 216 мәслихат бойынша тиісті жұмыстар өткізілді, - деді Б.Имашев.

Республикалық маңызы бар қалалардағы сайлау комиссияларының төрағалары депутаттық мандаттарын бөлу туралы сөз сөйледі. Спикерлердің сөйлеуіне 3 минуттан берілді.

Орталық сайлау комиссиясының отырысында Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Бейсентайқызы Алматы қалалық мәслихат депутаттарының мандатын бөлу туралы айты.

«Алматы қаласында белсенділік 30 пайыздан асты. Алматы қаласында 39 мәслихат депутатының онына осы партиялардың ішінен төртеуі кірді. Қазақстан халық партиясы 3 депутат, «Nur Ota»n партиясынан 29 депутат, «Ауыл» партиясынан 3 депутат және «Ақ жол» партиясынан 3 мандат бекітілді. Олардың тізімі алдағы 5 күнде шығады», - деді ол.

Аталған партиялардан 118 адам тіркелген. Қазақстан халық партиясы 14 адам, «Nur Otan» партиясы нан 78, «Ауыл» партиясынан 6 адам, «Ақ жол» - 15 адам, «Адал» партиясмынан 5 адам тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова айтуынша, елорданың мәслихатына 31 мандат берілді.

«Қалалық мәслихат депуттарының партиялық тізіміне барлығы 88 кандидат тіркелді. ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес сайлау қорытындысы негізінде депутаттардың мандаттарды бөлу белгіленді, - деді ол

 Қазқастан халық партиясы – 2 мандат,

Nur Otan партиясы - 26 мандат,

«Ақ жол» партиясы – 3 мандат.

 «Хабарлама партияларға жіберілді. Енді тізімдерді бекіту аталған партиялардың құзырында», - деді ол.

Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев айтуынша, мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық сайлау комиссияларының нәтижелері негізінде 348 644 адам дауыс берді.

Бұл азаматтық таңдаудың қорытындысына сүйенсек, депутаттық мандаттарды бөлу барысында 7 пайыздан асқан «Nur Otan» (78,63%), «Ауыл» ХДПП (9,44%) және «Ақ жол» ҚДП (9,60%) партиялары мәслихат депутаттығына өтті. Шымкент қаласы бойынша партиялар арасында Nur Otan партиясына 24 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 3 мандат және «Ақ жол» демократиялық партиясына 3 мандат бөлінді», – деді Қайырбек Көбекұлы.

Мәслихат депутаттарының тізімі бүгінгі жарияланған қорытындыдан соң, ҚР «Сайлау туралы» Заңына сәйкес 5 күн ішінде белгілі болады.

Отырыс соңында Берік Имашев мәслихат депутаттары алғаш рет пропорционалды сайлау жүйесі бойынша сайланғанын атап өтті. Бұл 2007 жылғы конституциялық реформаның қисынды жалғасы болып табылады және республикалық және жергілікті деңгейлерде өкілді органдарды қалыптастыру жөніндегі тәсілдерді біріздендіреді.

«ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның тиісті филиалының басшы органы сайлау жарияланған күннен бастап бес күннен кешіктірмей айқындайды.

Мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

«Сайлау науқаны барысында атқарылған істер үшін баршаңызға алғыс айтамын. Осы арқылы мәслихат бойынша сайлау науқанын аяқтадық. Мәслихат депутаттары алғаш рет пропорционалды сайлау жүйесі бойынша сайланды. Бұл 2007 жылғы конституциялық реформаның қисынды жалғасы болып саналады, республикалық және жергілікті деңгейлерде өкілді органдарды қалыптастыру жөніндегі тәсілдерді біріздендіреді», - деді Берік Имашев.

«ҚР Сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның тиісті филиалының басшы органы сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бес күннен кешіктірмей айқындайды. Мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Барлық жаңалықтар