• Басты
  • Сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған сабақтар қорытындыланды

Сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған сабақтар қорытындыланды

5 Қаңтар, 2021 17:45

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру қорытындылары туралы баяндалды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Отырысқа саяси партиялардың, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД миссиялары өкілдері, онлайн байланыс арқылы аумақтық сайлау комиссиялары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафинаның хабарлауынша, электоралдық оқытуды ұйымдастыру қорытындысы бойынша республика көлемінде 5 180 оқыту іс-шарасы өткізілген. Оқытудың ішінде 40-ы Орталық сайлау комиссиясының деңгейінде, 1007 мүшесі аумақтық сайлау комиссияларының деңгейінде оқыған. Мұнымен қоса 1454 қатысушы да оқытылған. Өңірлерде 5 140 іс-шара өткен, оған барлығы 148 062 адам қатысқан.

«Электоралдық оқыту шеңберінде Ортсайлауком сайлау комиссиясы мүшелерін оқыту үшін екі оқу-әдістемелік кешен, сондай-ақ сайлау процесінің басқа да қатысушыларының санаттары үшін электоралдық оқыту тұжырымдамасы әзірленді. 105 кейстен тұратын ахуалдық тапсырмалар кешені, сондай-ақ АСК және УСК мүшелерінің екі жекелеген санаты үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде екі оқыту модулі бойынша тестілеуге арналған 420 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларының Банкі қалыптастырылды», - деді спикер.

Сайлау мен дауыс беру туралы ақпараттық әдістемелік материалдар жиынтығы, арнайы видеолар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тиісті аудио өнімдер әзірленіп, Орталық сайлау комиссиясының сайтына жүктелген. Сондай-ақ Ортсайлауком Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанында орналасқан сайлау учаскелері комиссияларының мүшелері үшін СІМ өкілдерімен екі семинар-кеңес ұйымдастырды. Ортсайлауком мүшелерінің ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «ҮЕҰ академиясы» алаңында сайлауды бақылаудың құқықтық негіздері бойынша 470 қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде саяси партиялардың өкілдеріне онлайн-семинар өткізгенін де Сабила Мұстафина мәлімдеді. Оның айтуынша сайлау процессі барлық адамға түсінікті болу шін материалдар барынша қарапайым әзірленген.

photo5449544081458967096 (1).jpg

Сабила Мұстафина сайлау саласының кадрларын оқыту кезең-кезеңімен келесі бағыттар бойынша жүргізілгенін хабарлады:

Бірінші кезең - Ортсайлауком деңгейінде оқыту: 22 оқыту іс-шарасы өткізілді, оның барысында аумақтық сайлау комиссияларының 1007 мүшесі оқытылды. Оның ішінде: өңірлердің АСК-нің 113 мүшесіне арналған ОСК-нің 2 республикалық семинары; барлық деңгейдегі АСК-нын 312 мүшесін қамти отырып, ОСК мүшелері мен ОСК аппараты қызметкерлерінің өңірлерге шығуымен 6 топтық оқыту семинары; 582 адамды қамти отырып, өңірлердің АСК мүшелерімен бейнеконференцбайланыс режимінде 14 семинар.

Екінші кезең – каскадты оқыту әдісіне сәйкес: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалдары базасында 166 курс өткізілді, оның ішінде 105-і күндізгі форматта, 61-і онлайн-режимде ұйымдастырылды. Оған сайлау комиссияларының 7 493 мүшесі, оның ішінде 599 АСК мүшесі және 6 894 УСК мүшесі қатысты.

Сондай-ақ Ортсайлаукомның ауқымды оқыту іс-шаралары ҚР Жоғарғы Соты Жанындағы Сот төрелігі академиясында, ҚР Бас прокуратурасында, БАҚ өкілдеріне де арнайы өтілген. Сөйтіп, оқытудан мамандар өтті:

-  179 судья онлайн-дәріс оқыды;

-  136 прокурор Құқық қорғау органдары академиясында онлайн-сабақ оқыды;

- 50 журналистер «Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезінде БАҚ-тың заңнама нормаларын сақтауы туралы» бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған онлайн-семинар өтті;

-  114 студент-жас сайлаушы «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» интернет-олимпиадасына қатысты.

Өңірлерде сайлау құқығының базалық нормаларын, сайлаудың халықаралық қағидаттары мен стандарттарын білуге, құқықтары мен міндеттерін ажыратуға бағыттай отырып, сайлау процесінің басқа да қатысушылары санатынан 22 843 адамды қамтитын 771 оқыту іс-шарасы өткізілді.

Сабила Мұстафина пандемия жағдайында сайлау процесстерінің санитарлық талаптар мен шектеу ережелерін сақтай отырып өткізілгенін айтты. Мәселен, Ортсайлаукомның барлық отырыстары онлайн-режимде және сурдоаудармамен қамтамасыз етіле отырып өткізілетінін атап өтті.

Шара қорытындысы бойынша Ортсайлауком қабылдаған шешімдерді түсіндіру мақсатында тұрақты негізде онлайн-брифингтер өткізіледі.

Қазіргі уақытта БАҚ-та жүзеге асырылады: 7 республикалық телеарна эфирінде 2688 бейнеролик көрсету; 5 республикалық радиостанцияның эфирінде 1668 аудиоролик шықты, сондай-ақ ротация өңірлік телерадиоарналарда жүзеге асырылады; 10 интернет-баннер тәулік бойғы режимде топ 7-ге кіретін, шамамен 80 млн.қаралым саны бар 5 республикалық интернет-ресурста орналастырылған; 6 республикалық газетте 51 модуль.

Ортсайлауком Төрағасы Берік Имашев электоралды оқыту сайлау процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.

«Бұл бағытта Ортсайлауком айтарлықтай жұмыс жүргізді. сайлау процесі субъектілерінің әртүрлі санаттарын оқыту шеңберінде өткізілген іс-шаралардың қорытындылары дауыс беру күні сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін сайлау заңнамасы негізінде сапалы жұмысқа айналуы тиіс», - деді Төраға.

Барлық жаңалықтар