- Басты
- Жаңалықтар
- Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары сайлауда белсенді дауыс беріп жатыр. Елордада дауыс беру үшін барлығы 283 сайлау учаскесі құрылған. Бұл учаскелерге жас жұбайлар, салт аттылар келіп, халық назарын аудартты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Елорда іргесіндегі «Талапкер» елді-мекенінде бір топ жас сайлауға атпен келді. Белгілі болғандай, олар көкпаршылар екен. Олар бүгінгі саяси науқанға атты тізгіндеп келуімен қазақтың ұлттық ойыны көкпарды насихаттағысы келген.
Аттылардың бірі Дидар Жексековтың айтуынша, азаматтық борышты өтеуге атпен келу идеясын ауыл көкпаршылары бірден қолдаған.

«Біз бұл әрекетімізбен қазақтың ұлттық ойыны көкпарды дәріптегіміз келді. Біраз адамның таңданысын туғызған сияқты. Аттарымызды сыртқа байлап, іште дауыс беріп шықтық. Тіркеуде отырған кісілер дене қызуымызды өлшеп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауымызды қадағалап, кіргізді. Біз өз таңдауымызды жасадық», - деді Дидар Жексеков.
Сонымен қатар бүгін Нұр-Сұлтан қаласында №144 сайлау учаскесіне жас жұбайлар келіп қатысты. Олар неке қию күнін сайлау күніне әдейі жоспарламаған. Жәнібеков Фархат пен Қалтаева Ботагөз тойдың қамына қарамастан, уақыт тауып сайлау учаскесіне келген.

«Бұл күн тек үйлену күні болып емес, алғаш рет отбасы болып азаматтық таңдауымызды жасаған күн болып есімізде қалады. Осындай еліміз үшін маңызды күні біздің отбасымыздың іргесі қаланғанына қуаныштымыз», - деді жас жұбайлар.
Ақтау қаласының 37 жасар тұрғыны көпбалалы әке отбасымен келіп, таңдау жасады. Жақында ғана егіз балаларын перзентханадан думандатып алып шыққан 7 баланың әкесі Әлібек Дүйсен сайлауға қатысу арқылы балаларға жақсы үлгі көрсеткісі келетінін айтты.
«Кішкентай кездегі оқиғалар балалардың есінде жақсы сақталады. Еліміз үшін маңызды саяси науқанға қатысу әрбір қазақстандық үшін міндет деп білеміз. Бұл үлкен жауапкершілік. Біз жұбайымыз екеуміз соны балаларымызға көрсеткіміз келді. Үлкендерін ертіп келіп, дауыс беріп кеттік», - деді ол.
Айнара Байжан
фото:
Ашық дереккөз
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды