- Басты
- Жаңалықтар
- Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
ҚР Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау науқанына үміткер барлық партияның төрағалары дауыс берді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
«Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев елордадағы Тұран көшесінде орналасқан #122 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Ол дауыс беруі тиіс сайлау учаскесі бірнеше рет ауысыпты. Перуашев таңнан бері әр учаскедегі бақылаушылармен байланыста болып, сайлау тәртібіне қатысты ақпарат алып отырғанын айтты.

«Бүгін өте маңызды сайлау өтіп жатыр. Бақылаушылар дауыс беру қалай өтіп жатыр, қандай ескертулер бар екенін айтып отыр. Сондықтан ең алдымен сайлау таза, әділетті өтеді деп үміттенеміз. Дауыстар әділетті есептеледі деп үміттенемін. Оған біз өз үлесімізді қосуымыз керек», - деді Перуашев.
«ADAL» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали «Астана Операда» орналасқан «ADAL» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали бүгін өтіп жатқан сайлауда дауыс берді.

Ол бүгінгі сайлаудың әділ өтетініне сенімді екенін жеткізді.
«Бұл сайлаудың өзіндік ерекшелігі бар. Жалпы, халқымыздың саяси деңгейінің көтерілгенін байқауға болады. Сонымен қатар, осы науқанда көбіне жастарға жол беріліп отыр. Жастарымыз білімді әрі білікті. Олар қысқа мерзімде барлық салада өздерін таныта алды», - деді С. Сұлтанғали.
Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин де елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында орналасқан №111-сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Бүгін өз таңдауымды жасадым. Мен мемлекетіміздің тұрақты дамуы үшін, халқымыздың сапалы өмірі үшін, балаларымыздың жарқын болашағы үшін дауыс бердім» - деді ол.
Ұлттық кітапханадағы сайлау учаскесінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы дауыс берді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлау басталды. Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 19; «Nur Otan» партиясынан 126; «ADAL» саяси партиясынан 16; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан 38 және «Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар. Ал жергілікті мәслихаттарға 832, оның ішінде «Ауыл» ХДПП-нан – 158, «Nur Otan» партиясынан - 216, «ADAL» СП-нан – 215, «Ақ жол» ҚДП-нан – 174, «Қазақстан Халық партиясынан» 69 партиялық тізім тіркелді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады