- Басты
- Жаңалықтар
- Сайлау-2021: Еxit poll нәтижесі шықты
Сайлау-2021: Еxit poll нәтижесі шықты
ҚР Парламенті мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың басым дауысын иеленіп алға шықты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
"Қоғамдық пікір" зерттеу институтының нәтижелері
11 қаңтар сағат 00.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде сайлау нәтижелері бойынша брифинг өтті. «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитованың айтуынша, олар сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама - Еxit poll жүргізген. Exit pool 24 000 cсайлаушыны қамтыған.
«Институттың интерверлері 600 сайлау учаскесінде сауалнама өткізді. Оның ішінде - 316-сы қалада, 284-і ауылда. Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын, барлық облыс орталықтарын, аудандық маңызы бар қалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекендерді қамтыды. Күні бойы сауалнаманының 4 толқыны өткізілді. Сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында. Сауалнама жүргізу жұмысына 600-ден астам интервер атсалысты», - деді Айнұр Мәжитова.
Нәтиже төмендегідей:
- «Nur Otan» партиясы – 71,97%
- Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –- 10,18 %
- Қазақстанның Халық партиясы – 9,03 %
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 5,75 %
- «ADAL» саяси партиясы – 3,07%
"Демократиялық институт" нәтижелері
«Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясының жобалар бойынша директоры Татьяна Башарина берген дерек бойынша, сауалнама алушылар 500 сайлау учаскесінде жұмыс істеді. Оның 263-і қалалық, 237-ауылдық елді мекендер. Жалпы саны 20 мың сайлаушыдан сауалнама алынған
Олар жасаған Exit poll нәтижесі мынандай:
- «Nur Otan» партиясы – 72,01%
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 4,93 %
- «ADAL» саяси партиясы – 3,25%
- Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,27 %
- «Қазақстанның Халық партиясы – 9,54 %
"Астана зерттеу" қоғамдық қорының нәтижелері
"Астана зерттеу" қоғамдық қорының өкілдері берген Exit pool нәтижелері өмендегідей:
- «Nur Otan» партиясы – 73,75%
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 4,8 %
- «ADAL» саяси партиясы – 3,15 %
- Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,13 %
- «Қазақстанның Халық партиясы – 8,17 %
Олар Қазақстанның 14 облысында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 170 сайлау учаскесінде сауалнама жүргізген. Олардың сауалнамасы 34 мың сайлаушыны қамтыды. Қателесу коэффициенті 1-2% болуы мүмкін.
Нұрсұлтан Назарбаев экзит-полл нәтижесімен танысу үшін «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына келгенін оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter -дегі парақшасына жазды.
Айнара Байжан
фото:
Бауыржан Жуасбаев
-
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Абай жылының айшықты тұстары -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм отандық кинопрокатқа шықты -
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
-
Партия лидерлері сайлау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
-
Денсаулық саласы: Бюджет ашықтығы қалай/Халықаралық деңгейде қай салалар бәсекеге қабілетті -
Жүрегінде ақауы бар 90 жастағы әжей ауыр дәрежедегі пневмония ауруын жеңіп шықты -
COVID-19: Төрт апталық карантиннің нәтижесі қандай -
ИНФОГРАФИКА: 3 апталық карантин нәтижесі. Тәуліктік өсім 1,7 пайызға дейін азайды -
Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаның нәтижесін күтіп отыр – А. Цой -
Вице-министр: Биыл егін бітік шықты