- Басты
- Жаңалықтар
- Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова Алматыдағы өз сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Мен сайлауға аса жауапкершілікпен қараймын. Өткізіп алмауға тырысамын. Әркім өз депутатын, өз партиясын таңдауға құқылы», - деді ол.
Ал ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева сайлауға денсаулығына байланысты бара алмағанын айтып, ұйымдастыру жағына жоғары баға берді.
«ҚР Парламент мәжілісі мен Алматыдағы мәслихат депутаттарын сайлау күні – халық үшін маңызды күн. Парламентте әйелдер үлесінің артуы көп ұзамай өзінің жемісін береді. Мен бүгін денсаулығыма байланысты сайлауға бара алмадым», - деді Р.Рымбаева.
Сонымен қатар көпшілікке пародист ретінде танылған Олжас Сыдықбек елорданың №139 сайлау учаскесінде дауыс бергенін Инстаграм парақшасында бөлісті.
«Таңда тұрып, ерте келіп өз таңдауымды жасадым. Менің таңдауым - еліміздің тұрақтылығы мен береке-бірлігі үшін, - деді ол.
Сондай-ақ, әнші әрі продюсер Майра Ілиясова да саулаудан қалыс қалған жоқ.

«Әр адамның дауысы шешуші. Ел болашағы үшін сайлауға барып, дауыс беруіміз қажет. Өзін қоғамның бөлшегі санайтын әр азамат бұл науқанға қатысқаны дұрыс. Мен өз таңдауымды жасадым, - деп жазды ол әлеуметтік желісінде.
Бұдан бөлек, дәстүрлі әнші Досымжан Таңатаров та таңдау жасады.
«Елдің амандығы мен тыныштығы үшін. Менің таңдауым тұрақты Қазақстан және үдемелі даму. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз», - деп жазды.
Сонымен бірге, әнші Мөлдір Әуелбекова да дауыс беріп, өзінің депутат болуға қарсы емес екенін жеткізді.
«Сайлауға барып, өз таңдауыма дауыс беріп келдім. Алдағы уақытта сәті келіп, Алла бұйыртып күйеуім рұқсат берсе, өзім де «депутат» болуға ниеттімін», - деп жазды ол Инстаграм парақшасында.
Сондай-ақ, «Жастар» театрының директоры, белгілі актер Әділ Ахметов бүгін мемлекетіміз үшін тарихи күн екенін айтып, сайлауға барып өз таңдауын жасағанын жария етті.

Бұдан басқа сайлауға қатысқандар қатарында Қазақстанның өнер қайраткері, дәстүрлі және эстрада әншісі Алма Аманғожина, Қазақстан жастары конгресінің жетекшісі Перизат Қайрат, танымал актер Ернар Жұматаев, астаналық цирктің бас директоры Ерік Жолжақсынов, танымал актер Асылхан Төлепов, танымал әнші және актриса Айгүл Иманбаева, сонымен бірге белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бар.
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек