- Басты
- Жаңалықтар
- Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы қалай өтті
Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы қалай өтті
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Сайлауда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» тақырыбында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров сайлау кезіндегі ішкі істер органының қызметіне тоқталып, айтарлықтай заң бұзушылық тіркелмегенін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Министр орынбасарының мәліметінше, сайлау учаскелерінің басым бөлігі өз жұмысын аяқтады. Дауыс беру процесі аяқталған жерлерде жергілікті комиссиялар бюллетендерді санауға кіріскен.
«Ішкі істер органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Олар қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар, сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдер мен хаттамалардың аудандық, облыстық комиссияларға бүлінбей, еш кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етеді», - деді министрдің орынбасары.
Оның айтуынша, науқан кезінде сайлау учаскелерінде, түсініспеушілік туғызған түрлі оқиғаларды ескермегенде, айтарлықтай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
«Мәселен, карантин нормалары күшейтілген кейбір қалаларда, сайлау комиссияларының төрағалары толтырған актілерге сәйкес, санитарлық шектеулерді бұзғаны үшін және комиссия жұмысына кедергі келтіріп, сайлау учаскілерінде болу тәртібін сақтамағаны үшін 10 бақылаушыны ғимараттан мәжбүрлі түрде шығаруға тура келді», - деп атап өтті Арыстанғани Заппаров.
Бұдан бөлек, оның дерегіне сүйенсек, кейбір қалаларда заңсыз жиындар мен митингілер ұйымдастыру, соған қатысуға үгіттеу әрекеттері орын алған. Бұл, министр орынбасарының сөзінше, азаматтарға жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура қызметкерлері акцияның заңсыз екенін бірнеше рет ескертіп, тоқтату қажеттігін түсіндірді.
«Мемлекеттік билік өкілдерінің заңды талаптарын орындаудан кейбір азаматтар бас тартты. Оларды қызметкерлеріміз полиция бекеттеріне жеткізуге мәжбүр болды. Олар профилактикалық әңгімелесуден кейін үйлеріне жіберілді. Ешқайсысы да әкімшілік немесе қылмыстық құдалауға ұшыраған жоқ. Жалпы, елімізде қазіргі уақытта жағдай тұрақты», - деді министрдің орынбасары.
Сондай-ақ, ол азаматтардың тыныштығын сақтау үшін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді.
Назерке Сүйіндік
фото:
Ашық дереккөз
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері