• Басты
  • Саясаттанушы дамыған мемлекетті құлдырататын басты факторды атады
14 Қараша, 2020 18:08

Саясаттанушы дамыған мемлекетті құлдырататын басты факторды атады

Саясаттанушы Нұрат Ілияс Strategy2050.kz аналитикалық шолу порталының оқырмандарына әлем елдерінің ішкі және сыртқы жағдайларын салыстыра отырып, құлдыраушы мемлекетке апаратын себептерді анықтады.


Саясаттанушы дамыған мемлекетті құлдырататын басты факторды атады

Әлемде 200 астам мемлекет бар. Оның 193 БҰҰ тіркелген. Енді осы елдердің ішінде асі ірі 4-5 ойыншы бар.   Аз дамыған және өте нашар дамыған елдердің саны 100 асады. Дамушы елдер де аз емес. Қазақтан да сол дамушы елдер қатарында. Әйтеуір халқының 100 пайызы әріп таниды, ауылдық жерлерде мектеп пен жақсы-жаман жолдары бар. Кейбір елдерде бұл да жоқ. Көптеген мемлекеттерде халқының 40 пайызы әріп танымайды. Инфрақұрылым мүлдем жоқ елдер де бар. Жоғарыдағы 4-5 ойыншының ішінде Ресей мен Қытай дамушы елдер қатарына жатады. Бірақ геосаяси жағынан, жер асты байлығы, халқы, әскері жағынан күшті, әлемдік салмағы бар. АҚШ пен Еуроодақ елдері – дамыған ойыншылар. Осы елдер әлемнің бағытын, жүрісін айқындап отырады.

 Әлгі ірі ойыншылар бір-бірінің ықпал ету аймағына таласып алдын ала жоспарланған стратегиялық жүрістерін жасап отырады. Сол ойындар арасында кіші және орта мемлекеттер «құрбан болып» кетіп отырады.

«Құрбан болып» кететін елдер де кез келгені емес, ішкі саясатта ауызбіршілігі жоқ, халық пен билік арасында диалог орнамаған, сыртқы саясатын дұрыс орната алмаған елдер бірінші қармаққа ілінеді.

Мысалы, кезінде Ирак пен Ливияда жақсылы-жаманды біртұтас мемлекет бар еді. Сөз жоқ ел ішідегі бірнеше топ сыртқы күштердің айтақтауымен ел ішінде бүлік шығарды. Осындай жағдайларға жіберіп қойған сол мемлекеттік құрылымдарында да ақау бар. Сонымен не болды? Иракта елдің ауызбіршілігі болмағандықтан 2003 жылы АҚШ әскері кірді. Елдің мұнайы Батыс компаниялары тарапынан жерден сорылып сыртқа кетіп жатыр. Елден тыныштық кетті. Күнде жарылыс. Ливияда 2011 жылдан бері тыныштық орнамады. Муаммар Кадаффи кезіне зар болып қалды. Елде екі билік орнады. Екі биліктің артында да сыртқы күштер тұр. Ондағы жағдай да Иракқа ұқсайды. Мұнай шығарылып жатқан жерлерде қақтығыс жоқ. Мұнай сыртқа кетіп жатыр. Ал халық бір-бірімен соғысып жатыр. Жастар елді тастап сыртқа кетіп жатыр.

Таяу Шығыстағы тынштығы кеткен бұл екі ел ғана емес. Сирия, Иемен, Палестина бар. 2011 жылы діни алауыздықтан Сирияда туындаған жағдай әлі басылған жоқ. Үлкен азаматтық соғысқа айналды. Қазір елде бірнеше сыртқы күштер келіп соғысып жатыр. Де-юре Сирия бар, бірақ де-факто мемлекет жоқ. Бірнеше мемлекетке бөлініп кетудің аз алдында тұр.

Бұл мелекеттердің не үшін бұл халге жеткенін ұзақ жазуға болады. Бірақ қысқа айтсақ, ішкі аузыбіршіліктің болмауы халық пен биліктің түсінісе алмауы осы халге жеткізді.

Сирияда 2011 жылдың қаңтар айынан шілде айына дейін жалғасқан митингілер, қарсылықтар соңында елді азаматтық соғыс жағдайына алып келді. Иә, басқа да себептер көп, бірақ барлық толқулардың шығуына Сирия үкіметінің ауыл шаруашылығы саласындағы жүргізген сәтсіз себеп болды.

Бірнеше жылдар бойы арнайы қоймаларға жинаған суды мөлшерден тыс қолданып судың кемдігенен құрғақшылық басталды.

Мысалы аграрлық сектор 2003 жылы елдің ЖІӨ-нің 25% құрады, бірақ 2008 жылға қарай олардың үлесі 17% дейін төмендеді. Су саясатының қателігенен БҰҰ-ның бағалауы бойынша 2010 жылы миллионға жуық Сириялық аштыққа, тақыр кедейшілікке ұшырады.

Осы бір қателіктің салдарынан ел ішіндегі көші-қон күшейді, жұмыссыздық арты, сыбайлас жемқорлық күшейді, әлеуметтік теңсіздік артты.

Ел үкіметі осындай төтенше жағдайларға дер кезінде тиімді саясат жүргізе алмады. Үкімет дер кезінде тиімді шешім қабылдағанда елге төнген үлкен апатқа жол бермеуге болар еді.   

Ол енді Таяу Шығыс. Енді өзіміздің ТМД аймағымызға келейік. Халқы 50 млн-ға таяған, КСРО кезінде Ресейден кейінгі екінші экономика, өндірісі мен өнеркәсібі қалған КСРО елдеріне қарағанда бірнеше есе дамыған Украинаның жағдайы қалай болды? Тоңазытқыштан бастап жеңіл көліктер, трактор, жүк көлігі, ұшақтар мен зымырандарға дейін шығыратын Украина еді.

2013 жылы Украина билігі Еуроодақпен қауымдастық туралы келісімге қол қоюдан бас тартты. Сылтау іздеген елдегі оппозиция жаппай ереуілге шықты. Кейін Еуромайдан деген атау алған бұл шеру 2014 жылғы көктемге дейін жалғасты. Шеруге шығушылар мен құқық қорғаушылар арасында қақтығыстар басталды. Осы қақтығыстарға үшінші бір жасырын күштер араласып кетті.

Билікке талас пен ішкі алауыздық елдің берекесін кетірді. Іште жанжал басталғанда сырттан килігіп Қырым, Донбасс пен Луганскіні   кімнің тартып алғанын жақсы білесіздер. Бұл артында алып Еуроодақ тұрған Украинаның жағдайы.

Шерулер нәтижесінде қақтығыс үкімет мүшелері арасына өтті. Былай айтқанда ел толығымен саяси және экономикалық дағдарысқа келіп тірелді. Салдарынан Украина біраз жерінен айрылды, ал оның жаңғырығы бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

Киев мемлекеттік университетінің доценті Олес Кульшинскиидің айтуы бойынша « Украина Ресей ұсынған Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше болып кіре тұру керек еді. Сол кезде біз Қырымнан және Шығыс Украинадан айрылмас едік. Еуропа бәрбір біздің өндірген тауарды сатып алмайды. Біздегі бір топ оппозиция Еуроодақпен сауда келісіміне отыруға асықты. Елдің Шығысындағы орыс тұрғандарының басым екенін ескермеді. Ресейде онсыз да демографиялық жағдай нашар. Уақыт өте келе олар Ресейге көшетін еді немесе бізбен бірге тұруды үйренер еді. Сосын Еуразиялық экономикалық одақтан біртіндеп шыға бер. Қазақстан Украина сияқты рискке бармады. Дұрыс қадам жасады. Біртіндеп солтүстік аймақтарын қазақыландырып келеді. Орыс тілінің де жолын жаппады. Саяси реалды жақсы түсінді. Қазақ халқына сабыр мен жарқын болашақ тілеймін».

Ішкі жағдайы ушығып тұрған тағы бір ел Белоруссия. Атақты МТЗ тракторларынан бастап трамвай, тролейбустар мен БелАЗ жүк көліктерін, үй жиһаздарынан бастап үлкен тамақ өнеркәсібі бар Белоруссияға кез келген Орта Азия елдері қызыға қарайтын. Сыртқы күштер Батьканың ұзақ отырғандығын желеулетіп ол жерде де саңылау тауып бүлік шығарды. Соңы немен аяқталары белгісіз. Сөз жоқ, Ресей тағы килігеді. Экономика артқа кетеді. Батысқа тартатындар мен Ресейге тартатындар арасындағы жанжал елді тығырыққа тіреп, кейін осы күндеріне де зар болып қалулары бек мүмкін.

ТМД ішіндегі тағы бір ел, «демократия аралы» атанған біздің көршіміз қырғыз бауырлар. Естеріңізде болар елдегі әлеуметтік жағдайдың төмендеп кеткендігінен 2005 жылы Ақаевты қуып шықты. Бәрі жақсы болады деп бір қуанды. Жағдай өзгерген жоқ. 2010 жылы Бакиевті қуып шықты. «Жөндейміз, қатырмыз» деп келгендері де бәрбір батпақтан шыға алмады. Себебі мұның барлығы елдегі саяси- әлеуметтік жағдайларды о бастан дұрыстап құра алмағандықтан, сыртқы күштердің араласуына жол беріп қойғандықтан болды. Иә, қырғыз елінде айтарлықтай бір сыртқы күштер кіріп тұрып алмады. Себебі Орта Азияда Қырғызстан көршілері Өзбекстан мен Қазақстан сияқты геосаяси маңызы бар ел емес. Егер Қазақстан мен Өзбекстанда жағдай Қырғыз еліндегідей өрбігенде жағдай басқаша болар еді.

Кім не айтса, оны айтсын, Қазақстан бұл жөнінен кейбір мәселелерді шеше алмағанымен халықпен байланысы бар мемлекеттік жобаларды жақсы жүргізіп келеді. Елдің тірегі болатын мемлекеттік құрылымдарға бірінші президент жақсылап көңіл бөліп, оларды құрып кетсе, қазіргі президент ол құрылымдарды одан ары дамыту үстінде.

Біздің басшылық жоғарыда аты аталған елдердегі қателіктерді уақытында көре білді. Сондықтан қоғам мен мемлекеттік билік арасындағы диалогқа көңіл бөлініп елдегі жағдайларды революциялық жолмен емес эволюциялық жолмен шешіп келе жатыр.

Бұл жерде билік пен басқарушы партияның қоғаммен диалогын және екіжақты байланыс орнату жөніндегі табыстары мен көптеген бастамаларын атап өткен жөн болар еді. Нәтижесінде   наразы топтың мәселелері біртінде шешіліп, болашаққа сенімдері ұялай бастады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Естуші мемлекет» тұжырымдамасы мен «Ұлттық сенім кеңесін» құруы халық пен билік арасындағы сенімді диалогты орнатуға ықпал етті. Жауапты мемлекеттік органдар азаматтардың сұрақтарына жедел жауап берудің жолдарын тапты.

«Нұр Отан» партиясының қайта жаңаруы, жаңа әдістер қолдануы еліміздегі жастардың едәуір бөлігін саяси үдерістерге белсенді түрде қатыстырды. Жастардың алға жылжуы үшін нақты әлеуметтік лифтілер құра отырып өзекті мәселелерін шешіп жатыр. Қысқа айтқанда үкімет дер кезінде шаралар қолданып жатыр.

Барлық жаңалықтар
66.249.70.90, 192.168.88.100