• Басты
  • «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы аяқталды
9 Қазан, 2019 17:22

«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы аяқталды

 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Сарыарқа» газ құбырының «алтын бөлігін» дәнекерлеу рәсіміне қатысты, құбырдың желілік бөлігінің құрылысы ресми түрде аяқталды. Газ құбырының жалпы ұзындығы 1061,3 км құрайды және 171 елді мекенді қамтиды. Жобаның құны – 267,3 млрд.теңге. 

«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы аяқталды

Шараға сондай-ақ Энергетика министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдік өкілдері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Еуразиялық даму банкі»  қатысты. Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатыр. Ауқымды жобаны қаржыландыруға «Самұрық-Қазына» қоры белсене қатысты, құрылыс мердігері «ҚазҚұрылысСервис» МГҚК» АҚ, операторы – «Астана Газ ҚМГ».

 Айта кету керек, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы желісі бойынша жобаның желілік бөлігінің құрылысы ағымдағы жылдың наурыз айында басталды. Осылайша, құрылысшылар 8 айдың ішінде Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау –Нұр-Сұлтан бағыты бойынша газ құбырын тартты.

Салтанатты рәсім барысында Ахметжан Есімов құрылысқа оң баға беріп, еліміздің солтүстік және орталық өңірлерін табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етудің, көмірден жылу беру нысандарын газға көшірудің, сондай-ақ газ құбыры өтетін облыстардың экологиясын жақсартудың маңыздылығын атап өтті. 

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасы аясында салынған газ құбыры еліміздің Орталық Қазақстан мен астанасын ортақ газ тасымалдау желісімен байланыстырды. Бұл бір жылдан аз уақыт ішінде салынған тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба»,- деді Ахметжан Есімов. 

 Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлкен жұмыстың атқарылғанын атап өтті. Жергілікті атқарушы органдардың міндеті-газды қала ішінде бөлу.

Жобаның бірінші кезегі ЖЭО-1,2,3, Көктал-1,2, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол) дейін газ тарату желілеріне газ беруді көздейді. 1 кезең аяқталған соң 13,5 мың үйдің тұрғындары газбен қамтылады. 

Жобаның екінші кезегі-Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3 ПК), Пригородный, Garden Village, Family Village (4 ПК) елді-мекендері газбен қамтылады. Ал үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ДК), Шұбар (3-ші ДК), Өндіріс (4-ші ДК) елді-мекендері газдандырылады.Пайдалануға берілгеннен кейін газ құбыры газ тасымалдауды жүзеге асыруға «Интергаз Орталық Алия» АҚ-на (ИОА) жалға беріледі. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды