- Басты
- Сарыағаштық шаруалар көршілес елдерге 500 тонна азық-түлік экспорттады
Сарыағаштық шаруалар көршілес елдерге 500 тонна азық-түлік экспорттады
Сарыағаш ауданының дихандары көршілес елдерге 500 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдерін экспорттап үлгерген. Бүгінге дейін ауданның тауар өндірушілері Ресейге 60 тонна азық-түлік өнімдерін экспорттады, деп хабарлады Strategy2050.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Жартытөбе ауылдық округінің шаруалары 22 тонна қырыққабат, 18 тонна көкөніс және 20 тонна қияр мен қызанақ өнімдерін жөнелтті.
Ауданда күніне жүздеген келі өнім жиналуда. Бұл елімізден бөлек көршілес елдерге азық-түлік тауарларын шығаруға жететінін айтады аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы. Қазіргі таңда дайын өнімдер республикамыздың солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне, және алыс жақын шет елдерге экспортқа шығарылуда. Алдағы уақытта ауданда экспорт көлемін ұлғайтуға байланысты тиісті шаруалар атқарылуда.
Айта кетейік, жыл басынан бері ауданда жоспарға сәйкес 140 га жерге тамшылатып суару тәсілі ендірілді. 12 гектарға жылыжай көлемі ұлғайды.
Бір алқаптан 2-3 өнім алу жоспары 92 бірлік болса, жыл басынан жоспардың орындалуы 399 - бірлікке немесе 917,59 га орындалды. 2020 жылы жалпы астықтан 75,0 мың тонна, майлы дақылдан 2,05 мың тонна, картоптан 80,5 мың тонна, көкөністен 275,7 мың тонна, жеміс-жидектен 14,7 мың тонна және жүзімнен 9,6 мың тонна өнім жинау көзделуде.
-
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Диляра Қайдарова: Онкологиямен ауырған 2500 науқас коронавирус жұқтырды
-
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс
-
InfoKazakhstan е-платформасы қалай жұмыс істейді/ Бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлер үшін 42 500 төлене ме
-
2,3 млн-нан астам азамат табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды
-
2 млн 250 мыңнан астам азамат карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды
-
2,1 млн қазақстандықтың шотына 42 500 теңге түсті
-
Карантин: Тамызда 42 500 теңге қалай беріледі
-
Қазақстанда 53 млн тонна көмір өндірілді
-
42500 тг: 1,6 млн-ға жуық қазақстандықтың шотына түсті
-
Қазақстандықтар 42500 теңге біржолғы төлемін ала бастады
-
42500 теңге 880 мың адамға тағайындалды
-
42 500 теңге алуға өтініш қабылдау басталды
-
42500 теңге алу реттілігі белгілі болды
-
42500 теңгені шілдеде алу үшін өтінішті қайда жібереміз

