• Басты
  • Сарыағаш ауданында арналар арқылы су беру қызметіне тарифтер төмендетілді
13 Мамыр, 2020 14:10

Сарыағаш ауданында арналар арқылы су беру қызметіне тарифтер төмендетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Ж. Сүлейменов» ӨК көрсетіп жатқан Сарыағаш ауданының тұтынушылары үшін арналар арқылы су беру қызметіне тариф төмендетті, деп хабарлады Strategy2050.kz ҰЭМ-ге сілтеме жасай отырып.

 

 Сарыағаш ауданында арналар арқылы су беру қызметіне тарифтер төмендетілді

Осы шара реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің артуына байланысты, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қабылданды.

 «Ж. Сүлейменов» ӨК-нда 2018 жылғы тарифтік сметаны орындамағаны үшін, 2020 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде 199,81 теңге/1000 м3 мөлшерінде  уақытша өтемдік тариф әрекет еткенін атап өту қажет.

Қазіргі уақытта уақытша өтемдік тариф 199,81 теңге/1000 м3-ден 70,01 теңге/1000 м3-ге дейін немесе 64,96% - ға 2020 жылғы 1 маусымнан бастап 2020 жылғы 31 қыркүйекке дейін қолданысқа енгізумен төмендеді.

Ал әры қарай 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қолданыста болатын негізгі тариф 341,48 теңге/1000 м3-тен 119,64 теңгеге/1000 м3 немесе 64,96%-ға төмендетілді, бұл тариф 2021 жылғы 1 маусымға дейін қолданыста болады.

 

Барлық жаңалықтар
66.249.66.90, 192.168.88.100