- Басты
- Жаңалықтар
- SAILAU TALKS 2021: «Сайлау науқанында жастардың азаматтық, саяси белсенділігі артты»
SAILAU TALKS 2021: «Сайлау науқанында жастардың азаматтық, саяси белсенділігі артты»
Бүгін "ҚазАқпарат" халықаралық ақпараттық агенттігінің SAILAU TALKS 2021 платформасында қазақстандық сарапшылар елде өтіп жатқан Парламент сайлауының маңыздылығы мен ерекшелігі, Қазақстанның саяси реформалары мен жалпы сайлау кампаниясының ұйымдастырылуы мен өткізілуін талқыға салды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Жиынға қатысқан «Team Qazaqstan» жастар қозғалысының көшбасшысы Асхат садырбай бұл сайлаудың бұрынғы сайлаулардан өзгерек екенін атап өтті. Өйткені, бұл сайлауға жастар белсенді түрде қатысып жатыр.
«Бұл сайлауда жастардың белсенділігі жоғары. Өйткені, 30 пайыз квота әйелдер мен жастарға бөлінді. Бұрын мәслихатта, парламентте жастардың үлесі қанша пайыз болғаны бәрімізге белгілі, яғни 1-2 пайызды ғана құраған еді. Осы сайлауда жастардың үлесі бірнеше пайызға артты, олардың қатарында әйелдер де бар. Жастардың сайлауға дайындық кезеңінде, сайлау науқанында азаматтық, саяси белсенділігі артты деуге толық негіз бар. Олардың сайлауға деген қызығушылығы, елде болып жатқан оқиғаларға деген белсенділігін түрлі әлеуметтік желілерден, мессенжерлерден байқап отырмыз. Расында да, бар назары елдегі саяси реформада және сайлауда», - деді жастар қозғалысының көшбасшысы.
Асхат Садырбайдың пайымынша, өз кандидатурасын ұсынған жастардың барлығы елдегі жағдайды жақсартуға, дамытуға ат салысуды көздейді.
«Шетелде білім алған, көзі ашық, білімді, шетелдік алпауыт компанияларда қызмет істейтін жастарымыз көп. Олар да өзіміздің елде де көп дүниені жақсартуға, елді дамытуға үлес қосықысы келеді. Мәселен, өз кандидатурасын ұсынған жастардың арасында кәсіпкерлер, тағы басқа салалардың үздік мамандары бар. Оларды өз ортасы, айналасындағы достары қолдау көрсетіп жатыр. Бұл жастар үшін үлкен қолдау болмақ. Жастарды қолдау мемлекет басшысының сәтті саясатының бірі деп айтуға болады», - деді ол.
«Биылғы сайлаудың бірқатар ерекшелігін атап өтуге болады. Бірінші ерекшелігі – конституцияда белгіленген мерзімде өтіп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстанда тұңғыш рет мәслихаттарға пропорционалды жүйе бойынша өтуде. Сонымен қоса, саяси партиялардың тізімінің барлығында 30 пайыздық квота сақталған. Бұдан бөлек, қазіргі таңда бізде «парламенттік оппозиция» деген түсінік қалыптасты. Осының арқасында бізде алғаш рет парламенттің құрамында жұмыс істейтін болады», - деді ол.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.

-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары
-
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары
-
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы
-
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
-
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер
-
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары
-
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары
-
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы
-
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады
-
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды
-
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады
-
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері

