• Басты
  • Сарапшылар пікірі: «Парламентке өтпеген партиялар өз ұстанымдарын өзгертпейді»

Сарапшылар пікірі: «Парламентке өтпеген партиялар өз ұстанымдарын өзгертпейді»

11 Қаңтар, 2021 16:38

Қоғам белсенділері мен саяси сарапшылар 10 желтоқсанда өкен сайлау қорытындыларына қаысты өз пікірлерін білдірді, деп хабарладыStrategy2050.kz тілшісі.



Қоғам белсендісі Ерлан Сайыровтың айтуынша, сайлау қорытындысы қазақстандықтардың тұрақтылықты таңдайтынының көрсетті.

«Экзит пул берген мәлімет қазақстандықтардың электоральді таңдауын анық көрсетті. Біз күткен нәтиже болды. Бұл дегеніміз электоральді процесстердің тұрақты дамуын көрсетеді. Қазақстандықтарды таңдауы радикалды түрде өзгермейді. Олар дауыс беру арқылы тұрақтылық пен эволюциялық прогрессті таңдайтынын растады. 7 % дауыс жинай алмаған партиялар өз позицияларын өзгертпейді, керісінше нығайта түседі. Олар өңірлердің мәселелерін шешуге белсенді араласады деп ойлаймын. Сайлаудың ең басты артықшылығы партия позицияларын нығайтады және аймақтардағы саяси үрдістерді жандандырады", - деді Ерлан Сайыров.

Ол партиялардың миссиясына тоқталды.

«Кез келген партияның миссиясы – халықтың әл-ауқатын көтеру. Халықтың әл-ауқатын көтеру ісімен жергілікті атқарушы мәслихаттар құрамында да айналысуға болады. Қазақстанда бұған дейін қандай проблема бар еді. Елдегі басты проблема – өңірлерде (аудандық болсын, облыстық болсын) қоғамдық-саяси процес жоқ болатын. Осы процесті қалыптастырып, құрып, қалпына келтіру керек», - деді ол.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың айтуынша, елдің бас қалаларында дауыс берушілердің саны көп болған жоқ.

«Біз Нұр-Сұлан мен Алматы қалаларында дауыс берушілердің аздығын байқадық. Бұған екі себеп бар. Бірі – пандемия, екіншісі – экономикалық жағдай», - деді ол.

Ол сайлаушылардың 63,3 пайызы қатысуы көрсеткіші соңғы рет 1999 жылы тіркелгенін де айтты.

«Солтүстік, орталық өңірлер мен Алматы және Қызылорда облыстары жақсы көрсеткіш көрсеткен. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, сондай-ақ батыс өңірлерде сайлауға қатысқандар аз. Меніңше, партиялар өздерінің үгіт-насихат жұмыстары кезінде барлық өңірді қамти алмаған. Мегаполистердегі жағдай қиын. Ұзақ уақыт бойы ешкім қала басшылығының жұмысы туралы оң пікір айтқан жоқ, ал халықтың аз келуі әкімдерге көп нәрседен хабар беру керек», - дейді Әшімбаев.

Саясаттанушы Расул Жұмалы сайлауға өз бағасын берді.

«Кешегі өткен сайлауды мінсіз деп айта алмаймыз. Кем тұстары жоқ емес. Жалпы сайлау өркениетті елдерде мінсіз өтпейді. Бірақ саяси үрдіс, процес ретінде бұл – біздің ел үшін өте маңызды қадам болды. 2020 жылғы сайлау тәжірибесін қарайтын болсақ, сынақтан көптеген мемлекеттің сүрініп, құлап жататынын көріп отырмыз. Әлі күнге дейін басылмай жатқан Беларусьтегі оқиғалар, Қырғыз Республикасындағы үшінші революция, Армениядағы жағдай, АҚШ-тың өзіндегі тығырыққа ұшырағанын көріп отырмыз», - деді ол.

Ол халықтың сайлауға толық қатыспауын қалыпты жағдай деп есептейді.

«Негізі Парламент сайлауына қарағанда Президент сайлауына халық көп қатысады. Кешегі сайлауда Қазақстан халқының 63 пайызының қатысуы – демократиялық мемлекет үшін жақсы көрсеткіш. Егер 90 пайыздан аса адам қатысты деп көрсетілсе, бұл ақылға қонымсыз көрсеткіш болар еді», - деді ол.

«China Center» Қытай зерттеу орталығының директоры Әділ Қаукеновтың айтуынша, сайлау қорытындысы - Қазақстан қоғамының кемелденуі жолында емтихан.

«Мәселен, сайлау қорытындысына екі үлкен фактор әсер етті: біріншіден, сайлау Мемлекет басшысы бастаған ауқымды реформалар кезінде өткізіліп отыр. Сонымен бірге елде тағы бірқатар демократиялық қадам жасалғанын атап өту керек. Сондықтан Қазақстан қоғамы бұл реформалардың өзін қалай бағалайды? Ары қарай не болады? Халықтың көбі консервативті көзқараста ма, әлде жаңа реформаларды күте ме? Осы ретте сайлаудың өзі «Nur Otan» партиясының көп дауыс алуы – бағдардың дұрыс екенін көрсетті», - деді ол.

Барлық жаңалықтар