- Басты
- Жаңалықтар
- Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет
Бүгінгідей өзгеріске толы әлемде ата-аналар баласының заман ағымына сай білім алып, тұлға ретінде қалыптасып, белгілі бір табысқа жетуі үшін бар жағдайды жасауға тырысады. Десек те, қазіргі заман бұрынғыдан өзгерек. Осы орайда, қазіргі кезде балаға қалай бағыт берген дұрыс, оларға қандай дағдылар қажет және оның қоғамға бейімделуіне не көмектеседі және білім берудің қандай жаңа бағыттары маңызды деген секілді сауалдар туындайды. Осы тұста, шілде айының басында басында АХҚО бюросы білім беру технологиялары форумын атап өткен жөн. Аталған жиынға қатысқандар жоғарыда біз көтерген сауалдардан бөлек, халықаралық олимпиадаларға дайындық, кәсіби бағдар беру және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу туралы талқылаған болатын. Форумда айтылған маңызды ой-пікір мен ұсыныстарды назарларыңызға ұсынамыз. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Білім мен дағды: Қайсысы маңызды
Форумға қатысқан "Beyond Curriculum" ҚҚ негізін қалаушылардың бірі Антон Моргунов қазіргі таңда оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту керегіне тоқталып өтті. Ол білім мен дағдының айырмашылығына назар аударып, жаңа дағдыдан бұрын, жастарды білім алуға шақырды.
«Даму үшін қажет дағдылар туралы айтпастан бұрын, білім мен дағдылардың арасында қандай айырмашылық барына тоқталып көрейік. Қазіргі кезде білім туралы мәселе туындаған кезде, максимализм сезімі пайда болады. Бізге бұрын білім дұрыс берілген, ал қазір адамдар бәріне қарсы. Олар бірінші орынға білімді емес, жаңа дағдыларды үйренуді қояды. Бірақ, дағдылар механикалық, автоматтандырылған заттарға қатысты, яғни бұл күнделікті нәрсе. Мысалы, бағдарламалау, дағды - бұл зауытта жұмыс істеу. Дағдылар бізге бұрын кездескен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, яғни бірдей контексте қолдану», - дейді ол.
Оның пікірінше, қазіргідей заманда сыни тұрғыдан ойлау және стандартты емес мәселелерді шешу қабілеті тек жиған білімі негізінде қалыптасады. Ол үшін адамның көкірегі ояу, көзі ашық, фундаменті мықты болуы керек, ол адамдарға жаңа стандартты емес міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
«Мәселен, мен болашақта geekbrains-те "вакцина жасау мамандығын игеру" немесе "вакцина жасау дағдылары" курстары болатынына күмәнім бар. Жоқ, мұндай болуы мүмкін емес. Вакциналарды процестерді түбегейлі білетін және түсінетін, логикалық ойлай алатын және соның арқасында ғылыми жаңалықтар ашатын ғалымдар мен арнайы мамандар жасайды. Сондықтан студенттерге оқуға қаражат салуға, кітап оқуға, тіл үйренуге кеңес беретін едім», - деп толықтырды Антон Моргунов.
Ол Beyond Curriculum командасында әлемнің үздік оқу орындарының студенттері барын атап өтті. Оның сөзінше, олар жоғары балл алып, Олимпиадада жеңіске жеткен адамдар.
«Олар бұған қалай келді? Өте қарапайым жолмен, жай жұмыс істеді, кітап оқыды, креативті ойлау қабілетін дамытты. Осының арқасында олар осы дағдыларды басқа салаларда да қолдана алады. Бізде қазір түрлі ресурстар бар. Интернетте барлығы толып тұр. Адамдар оны дұрыс пайдаланбайды, не болмаса, қиын деп жаба салады. Білім алу мен өзін-өзі дамыту әрқашан күш-жігерді қажет етеінін есте ұстаған жөн. Егер сіз күш салмасаңыз, онда сіз ештеңе үйренбейсіз және дамымайсыз. Сондықтан, қазірден бастап білім алуға, жаңа дүние үйренуге тырысу керек», - деді ол.
Сонмен қоса, ол американдық университеттерге түсу кезінде олимпиадаларға қатысу қаншалықты маңызды екенін айтып өтті.
«Олимпиадаға қатысу тек қалаған нәтижеге жету үшін қажет емес. Бұған даму процесі және жаңа нәрселерді үйрену мүмкіндігі ретінде қарау керек. Жарыстарға қатысу - бұл сізді дамытатын процесс. Нәтижелер бойынша біреуден озу үшін қатыспау керек», - деп түйіндеді ол.
Ғылым мен техника саласындағы стереотиптерді жеңу
Бұдан бөлек, жиында Alpharabius.kz білім беру платформасының жетекшісі Диана Цой ғылым мен техника саласындағы стереотиптерге тоқталды. Соларға қарамастан, қалай дамуға болатыны жөнінде айтып берді.
«Қазір барлық адамдар жынысына қарамастан қысымға ұшырайды. Жастар үшін маңызды нәрсе - өз көзқарасын қалыптастыруды үйрену. Мен Антонмен келісемін. Сыни тұрғыдан ойлау және келесі инфлюенсер сізге не айтатындығын емес, сізге не маңызды екенін анықтау өте маңызды. Сіз өмір бойы жүретін білім мен ішкі құндылықтардың негізі маңызды. Егер сіз өзіңіздің ішіңізде белгілі бір салаға деген құмарлықты сезсеңіз, онда айналаңыздағы шектеулер мен шеңберлерге қарамаңыз. Өзіңізді сынап көріңіз, осы салада өзіңізді дамытуға дайын екеніңізді, қосымша сағатты өткізуге дайын екеніңізді анықтауға көмектесетін көптеген бағдарламалар бар», - деді Динара Цой.
Сонымен қоса, ол оқушылар мен студенттерге ағалшын тілінің маңызды екенін айтып, ол көп есіктердің ашылуына мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Цифрлық білім беру нарығы өте бай, егер сіз ағылшын тілін білсеңіз, оқуға арналған ресурстар көп екенін байқайсыз. Қазір жастарға қосымша нәрсе беру керек, және қосымша нәрсе ретінде цифрлық технологиялар арқылы адами қарым-қатынас жасауды ұсынатын едім. Біз секілді контент өндірушілерге жастардың сұранысы жоғары әрі әрдайым өсіп отырады. Сондықтан да, контент сапасынан басқа интерактив қажет. Бұл edtech стартаптарын құруда маңызды құндылық болып отыр», - деп қорытындылады ол.
Білім берудің жаңа бағыттары
Ал, формуға қатысып, сөз сөйлеген Smartestprep негізін қалаушы Лаура Вайгорова Қазақстанда білім берудің қандай жаңа бағыттары маңызды екеніне тоқталып өтті. Ол бірнеше жаңа бағытты ұсынды.
Жаңа бағыттар:
- цифрландыру;
- soft skills (жұмсақ дағдылар) пен гуманитарлық мамандықтар;
- шығармашылық;
- микро- оқыту (жеке оқыту\ дербестендірілген оқыту);
- мұғалімдердің әсерін емес, деректерді талдау;
- дәлелді білім;
- нетворк пен комьюнити (қоғамдастық).
«Ата — аналар мен мұғалімдер баланы шектемеуі керек және оған қателік жіберуге, өзін жаңадан көруге мүмкіндік беруі қажет. Бұл оған өзін табуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Сонымен бірге, ол Қазақстанда жұмыс істеудің артықшылықтары туралы айтты.
«Менің ойымша, адам барлық жерде дамып, оқи алады. Қазақстанда жұмыс істеу мен оқудың артықшылықтары өте көп. Мысалы, өз жобамызды іске қосу үшін салыстырмалы түрде бәсекелестік аз екенін айтуға болады. Сондай-ақ, салықтың аздығы, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, венчурлік нарықты дамыту», - деді ол.
Жеке брендті қалай дамытуға болады
Бұдан бөлек, Qamalladin Media Agency операциялық директоры Назерке Елубаева жеке брендті қалай дамытуға болатынын және бұл жастар үшін қаншалықты маңызды екенін тілге тиек етті.
«Бүгінгі таңда жеке брендті дамыту кең таралып отыр. Ол жаңа мүмкіндіктерді ашады және өзін спикер немесе кез-келген салада сарапшы ретінде дамуға көмектеседі», - деді ол.
Бұл:
- ниет немесе мақсат, егер адам көпшілікке не әкелу керектігін түсінсе, онда біз қайда бара жатқанымызды түсінеміз;
- тақырып таңдау және орналастыру. Қазір тақырыпты таңдау міндетті, өйткені қазір бір бағыттағы сарапшылар көбірек танымал;
- сарапшы болу және өз аудиторияңыз үшін пайдалы болу;
- пайдалы әрі қызықты контент жасау;
- БАҚ-қа сұхбат, көпшілік алдында сөйлеу.
«Жеке брендті дамыту - бұл сіздің болашаққа салған инвестицияңыз, егер адам өз атына инвестиция сала бастаса, болашақта бұл атау оған жұмыс істейді. Сонымен қоса, жеке брендті құру кезінде ең бастысы — контентті жүйелі түрде жасау керек», - деп түйіндеді ол.

-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру

