• Басты
  • Сарапшылар қауымдастығы Президенттің Жолдауын талқылады
7 Қазан, 2019 17:04

Сарапшылар қауымдастығы Президенттің Жолдауын талқылады


Сарапшылар қауымдастығының диалогтық алаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 


 Сарапшылар қауымдастығы Президенттің Жолдауын талқылады

«Амирам» қайырымдылық қорының жетекшісі Марина Чейшвили ҮЕҰ ұйымдардың рөлі әрқайсымыз үшін өте маңызды екенін атап өтті.

 «Мен қан обырымен күресетін адамдарға көмек көрсету қайырымдылық қорында жұмыс істеймін. Мен пациент пен медициналық ұйымдардың, әлеуметтік қорғау ұйымдарының арасында конструктивті қарым-қатынас қалай орнату қажеттігін білемін. Адамдар өздерінің сұрақтарына әркез жауап алулары тиіс. Ал, сұрақтар өздеріңіз білетіндей өте көп. Пациенттер мен медициналық ұйымдар, не болмаса өзге ұйымдар арасында түсініспеушілік болған жағдайда, қоғамда ол әсіреленіп, біреулерден халық жауын жасап жіберуі мүмкін», - деді ол.

Спикердің айтуынша, осындай алаңдарда өз ойыңды ашық, айқын, түсінікті етіп жеткізу мүмкіндігі туады.

  «Меніңше, бүгін талқыланатын мәселелердің барлығы шешуін табады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мен үшін өте қарапайым әрі түсінікті. Біз бір-бірімізбен ортақ тіл табысуымыз керек. Бүгінгі алаңда өзімді мазалайтын бірқатар сұрақтардың жауабын аламын деп ойлаймын», - деді М.Чейшвили.

Өз кезегінде, «Мемлекеттік тілді дамыту қорының» директоры Азат Шауеев ҚР Президентінің Жолдауында айтылған мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бойынша жұмыс жасалып жатқанын айтты.

 «Қазақ тілінің рөлі күшейіп,келешекте ұлтаралық қарым-қатынас тілі болатынына Президент сенім білдіріп отыр. Бұл пікірге, әрине, мен де қосыламын. Жолдауға сәйкес, мемлекетімізде «Мемлекеттік тіл туралы» деген жеке заңын жасап, бекітуіміз керек деп ойлаймын. Сол кезде ғана қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп, ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналуға бірталай жақындай алар еді деген пікірдемін», - деді ол.

Сарапшы айтып өткендей, бүгінгі алаңда еліміздегі үкіметтік емес ұйым өкілдері мен сарапшылары басқосып отыр.

 «Жолдауда келешекте үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыруымыз керек делінген. Сондай-ақ, ПРезидент 2025 жылға дейінгі Азаматтық қоғамның даму тұжырымдамасын әзірлеп, бекітуді тапсырған болатын.Осыған орай, тұжырымдамамен танысып шықтым. Мәселен, батыс елдерінде мемлекеттік қызметтің бірқатар бөлігін үкіметтік емес ұйымдарға атқаруға береді. Мен басқаратын «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры – үкіметтік емес ұйым болып табылады. Интернет апрқылы біз халыққа тегін тіл үйретеміз. Бүгінгі таңда «Soyle.kz» деген онлайн курсымыз бар. Сол арқылы дүние жүзі бойынша 120 мың адам тіркеліп, күнделікті тегін қазақ тілін үйреніп жатыр», - деді ол.

Сонымен қатар, сарапшы мемлекет тарапынан да тіл саласын дамытуға қыруар қаржы бөлініп жатқанын айтты.

«Оны үкіметтік емес ұйымдарға да берсе, онлайн курстарды дамытып, басқа да тіл үйренеміз деген жастарға қазақ тілі мен латын әліпбиін үйретуді арттыратын едік», - деді ол.

 Ал «Өмір тынысы» қоғамдық ұйымының жетекшісі Жәнібек Оспанов осы сынды алаңдар өзара тәжірибе алмасу үшін де тиімді екенін айтты.

 «ҚР Президентінің Жолдауы өте мағыналы ірі өзекті болды. Қазақстандықтардың өміріндегі барлық маңызды салаларды қамтыды. Біз ҮЕҰ ретінде өзімізге қатысты көптеген бастамаларға куә болдық. ҰЕҰ бұрыннан да өздеріне қатысты маңызды жұмыстарды атқарып жүргені белгілі. Енді осыған Президенттің көңіл аударуы өте маңызды болып отыр», - деді ол.

   Сондай-ақ, ол сарапшылар қауымы Жолдауда айтылған әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды талқылайтынын айтты.

«Бүгінгі алаңда үкіметтік емес ұйымдар арасында тәжірибе алмасуға да үлкен мүмкіндік туып отыр деп ойлаймын. Мәселен, біз 2005 жылдан бастап қана жұмысқа кірістік, сондықтанда да осы салада көп қызмет етіп жүрген ҮЕҚ-дан тәжірибе алып, белсенді жұмыс істеуге мүмкіндік бар деген ойдамын», - деді ол,

  Айта кетейік, шараның өтуіне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мұрындық болды.

   Аягөз Құрмаш 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды