• Басты
  • Сарапшы Тоқаевтың «шексіздік» қадамы немесе сегіз басымдығы туралы айтып берді
1 Сәуір, 2020 18:31

Сарапшы Тоқаевтың «шексіздік» қадамы немесе сегіз басымдығы туралы айтып берді

Төтенше жағдай режимі – қазақстандық қоғамды қайта қуаттау мүмкіндігі. Бұрылыс кезеңі экономикалық және әлеуметтік салдарын бағамдаған Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2112 сөзден құралған (оның 607 мемлекеттік, 1505 орыс тілінде) баяндамасын 20 минуттан астам қазақстандықтарға ұсынды, деп өз пікірін  сарапшы Нұрбек Пұсырманов Strategy2050.kz тілшісіне жеткізді.
Сарапшы Тоқаевтың «шексіздік» қадамы немесе сегіз басымдығы туралы айтып берді
«Мәлімдеменің негізгі басымдығы экономикадағы шағын және орта бизнес, ал әлеуметтік салада жұмыспен қамтуды құрайды.Контент-талдау көрсеткендей, мәлімдемеде көп кездесетін сөздер – «экономика» – 10, «коронавирус» – 8, «азық-түлік» – 5 рет. Сұрыптау анықтап отырғандай, экономикаға әсер төтенше жағдай режимі ғана емес ғаламдық процестердің де әсерінен туындап отырғандығын анықтауға болады», - деді Н.Пұсырманов.

Ол айтып өткендей, «Қайта жүктелінетін» қоғамның серпін беретін драйвері - «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы болып отыр.

« Бұл Республиканың әлемдік жүйеде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін анықтайтын жалғыз жолы. ​Осыған дейінгі жазғанымдай, "Модернизацияланған Қазақстан" мүмкіндігі технология мен рухани бағдарына сүйену арқылы мүмкін болмақ. Ал бүгінгі жағдай технологияны (цифрлық) түбегейлі меңгеруге мүмкіндік. Рухани толысуды игеру "үйде қалып", Ұлы Абай айтқандай, өз өзіне есеп беруден басталмақ», - деді Н.Пұсырманов.

Айта кетейік, 31-наурыз күні Мемлекет басшысы Қ.ТОқаев барлық республикалық арналардан мәлімдеме жасаған болатын. Мәлімдеменің толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.

Аягөз Құрмаш 



 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды