• Басты
  • Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес"

Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес"

7 Маусым, 2021 12:51

Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің жаңа шекті бағалары өңірге байланысты орта есеппен 11%-ға көтерілді. Осы орайда, халық үшін қаншалықты тиімді не тиімсіз екенін екенін білу мақсатында Мұнай және газ саласының еңбек сіңірген ардагері Таңбай Есенәліұлының пікірін білген едік. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Қазақстанның ішкі нарығында газдың соңғы құнын ұстап тұру үшін «ҚазТрансГаз» АҚ жыл сайын газ экспорты арқылы елдің ішкі нарығына субсидия береді. 2015-2020 жылдар аралығында Ұлттық оператордың ішкі нарықты субсидиялаудан келген шығындарының мөлшері шамамен 425 млрд теңгені құраған.

Мұнай және газ саласының еңбек сіңірген ардагері Таңбай Есенәліұлы айтқандай, ішкі нарықта газдың соңғы бағасын ұстап тұру үшін «ҚазТрансГаз» АҚ газды батыс өнiрдегi негiзгi газ өндiрушiлерден сатып алады да, шығыс жане орталық өңiрге тасымалдайды. Өңiрлерде газдын бағасы 11%-ға көтерiлсе, сөзсiз ол ұлттык операторға тиiмдi.

«Бұған едәуiр көлемде қаржы жұмсалады, тасымалдау ұзактыгы 3500 шакырымнан асады. Тұтынушы үшiн газдың бағасы сатып алу бағасымен қатар, тасымалдау шығыны, салықтар, келiсiлген тиiмдiлiк, тағы сол сияқты төлем шығындарынан тұрады. Оның үстiне, газ таратушы мекеменiн шығындары тағы косылады. Сонымен қатар, газ құбырын салу үшiн ұлттык оператор жуздеген млрд қарыз алған, оны келiсiлген график бойынша төлеп отыру керек. Соның барiн есептегенде 11%-ға артуы түк болмай қалуы мүмкiн», - деді ол.

Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары соңғы рет 2019 жылғы 1 қаңтарда түзетілген болатын, ол кезде бағалар өңірге байланысты 3,8%-дан 17,5%-ға дейін төмендетілді және осы уақытқа дейін көтерілмеді. Мұнай және газ саласының еңбек сіңірген ардагерінің айтуынша, қазіргі уақытта ішкі нарықта бекітілген тауарлық газдың шекті көтерме сауда бағалары жеткізілетін газдың өзіндік құнынан төмен. Ал тұтынушы үшін арзан баға қашан да қолайлы. Алайда, газ өндіру ауыр жұмыс екенін атап өтті.

«Газды өндiру үшiн терең ұнғылар бұрғыланады, ол өте жауапты әрі қауiптi жұмыс. Бiр ұнғынын құны 10-12 млн- 90-110 млн долларға жетуi мумкiн. Ал, одан шығатын газ сұйықпен бiрге жер бетiне көтерiледi. Өндiрушi компанияға керегi сұйык компоненттер, ал оны жоғары көтеретiн жоғары қысымды газ. Сондыктан, жер бетiне шығарылған газдың 48-49%-ы пластыга кейiн айдалады. Мiне, бiз өндiрiлген газдың тек кана жартысын сатып аламыз. Оның үстiне, iшкi тұтынушыға әлемдiк баға 1000 текше метрге 200-300 доллар. Сондықтан, газды сата алмаймыз. Яғни, ол терiс рентабельдi тауарға жатады», - деді ол.

Сонымен қатар, маман өз сөзінде сұраныс пен тұтыну қажеттілігі өте жоғары газдың бағасының өсуі тиімді немесе тиімді емес деп қорытынды шығаруға болмайтының айтып өтті.

«Тiптi, тұтынушы газдан бас тартуы да мүмкiн. Егер көмiрдiң эквиваленттi көлемi газдан арзан болса, ондай жағдайда тұтынушы сөзсiз көмiрдi таңдауы мумкiн», - деді Таңбай Есенәліұлы.

Барлық жаңалықтар