• Басты
  • Сарапшы: Біз жағдай дұрысталғанша шыдамдылық танытуымыз керек
3 Шілде, 2020 15:26

Сарапшы: Біз жағдай дұрысталғанша шыдамдылық танытуымыз керек

Кеше ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралған еді. Мысалы, көлік қатынасы, азаматтардың жүріп-тұруы бойынша шектеулер енгізіліп, бірқатар нысанның қызметіне тыйым салынды. Осы орайда Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы, саясаттанушы Самат Нұртазаның пікірін білген едік. Оның сөзінше, жеке басымыздың қауіпсіздігі үшін карантин шараалары сақтау керек, алайда мемлекеттік комиссия қабылдағана шараларда нақтылық жетіспейді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Сарапшы: Біз жағдай дұрысталғанша шыдамдылық танытуымыз керек
"Маған жалпы коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынған шектеулері мен тыйымдары ұнады. Бұл біздің қоғамды қауіпті індеттен құтқаратын, азаматтардың өмірін сақтауда қажетті шаралардың бірі. Біз жағдай жақсарып, аурудың беті қайтқанша күтуіміз керек. Мен толықтай қолдаймын, алайда бірнеше сұрағым бар", - деді ол.


Оның сөзінше, мемлекеттік комиссия қабылдаған шараларда нақтылық жетіспейтін сияқты. 

"Мемлекеттік комиссия қабылдаған шараларда азаматтардың жүріп-тұруы бойынша бірқатар нақты шаралар ұолға алынғалы отыр. Мәселен, ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу. Бұл арудың отбасы арасында таралмауына септігін тигізеді деп ойлаймын. Сонымен қатар, тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуіне шектеу қоюы да құптарлық іс. Алайда бір отбасыда 5 адам болса, олар не істейді? Сондай-ақ 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылды. Бірақ 70 жастағы адамдар жалғыз тұрса, дүкенге қалай барады? Міне, осындай сауалдардың да жауабын қарастыру керек", - деді Самат Нұртаза.