• Басты
  • "Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға 50 млрд теңге жіберді
24 Маусым, 2020 11:34

"Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға 50 млрд теңге жіберді

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның SPO-дан  түскен 50 миллиард теңгені Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорына жіберді, деп хабарлады баспасөз қызметі. 

"Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға 50 млрд теңге жіберді

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 2 маусымында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқару Кеңесінің отырысында, Ұлттық холдингтің 2020 жылдың соңына дейін Ұлттық қорға 100 миллиард теңге жіберуге дайындығы туралы мәлімделді. Кеңес төрағасы – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, оның дағдарыс кезіндегі ерекше маңыздылығын атап өтті.

«Қор басшылығының уақытылы қабылдаған шешімдерін оң бағалаймын және қолдаймын. Олар өздерінің тиімділігін көрсетті. Дағдарыс кезінде мемлекет экономиканы қолдауға Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлді. Алайда, бұл жағдайда «Самұрық-Қазына», керісінше, Ұлттық қорға 100 миллиард теңге жібереді », - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

«Самұрық-Қазына» Қорының басшылығы елдегі экономикалық жағдайды ескере отырып, қаражаттың бірінші бөлігін Ұлттық қорға мерзімінен бұрын жіберуді ұйғарды. Қалған соманы «Самұрық-Қазына» ағымдағы жылдың соңына дейін жіберуді жоспарлап отыр.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды