• Басты
  • Самұрық-Қазына» ҰӘҚ" АҚ активтерін жекешелендіру мәселесі қаралды
10 Маусым, 2020 11:26

Самұрық-Қазына» ҰӘҚ" АҚ активтерін жекешелендіру мәселесі қаралды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру мәселелері қаралды, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Самұрық-Қазына» ҰӘҚ" АҚ активтерін жекешелендіру мәселесі қаралды

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 167 активі енгізілген, олардың ішінде қазіргі уақытта 138 актив бойынша тармақтар орындалды. 21 компанияда өткізу және тарату/қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Халықаралық капитал нарықтарындағы жоғары құбылмалылыққа, энергия тасығыштарға бағалардың төмендеуіне және әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты «ҚазМұнайГаз», «Air Astana», «Тау-Кен Самұрық», «Qazaq Air», «Самұрық-Энерго», «Қазақстан темір жолы» және т. б. бірқатар стратегиялық активтерді бәсекелі ортаға беру мерзімін 2021-2023 жылдарға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Барлық жаңалықтар