- Басты
- Салықтық рақымшылық аясында алматылықтар 3 млрд.теңге борыш өтеді
Салықтық рақымшылық аясында алматылықтар 3 млрд.теңге борыш өтеді
Қазіргі уақытта салық бойынша негізгі борышты 5,3 млрд.теңге сомасына 242 387 қазақстандық өтеген. Есептен шығарылған өсім 1,13 млрд. теңгені құрады.Бұл ретте, бір апта ішінде салықтық рақымшылық жасау мүмкіндіктерін пайдаланған азаматтар саны 65 322 жеке тұлғаға өсті, оларға осы уақыт аралығында 254,4 млн. теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Салықтар бойынша қарыздарын өтеген азаматтардың ең көп саны Алматы қаласында (42 500), Қостанай (28 137), Ақтөбе (25 391) облыстарында тұрады.
Негізгі қарызды өтеу бойынша көшбасшылар Алматы қаласы (3 млрд.астам), Қостанай (451,1 млн.), Алматы (220,6) облыстары болды.
Өсімақыны есептен шығару бойынша ең көп саны Алматы қ. (533,1 млн.), Павлодар облысы (145,1 млн.), Нұр-сұлтан қ. (72,4 млн.).
Жалпы, 1,4 миллионға жуық адам рақымшылыққа ілігіп, 13,9 млрд. теңге көлемінде қарыздың негізгі сомасын төлеген жағдайда, 6,3 млрд. теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылады.
Айта кетейік, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) күшіне енуі туралы» 2019 жылғы 3 шілдеде жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасауға мүмкіндік беретін өзгертулер енгізілді. Бұл түзетулер 2019 жылдың 16 шілдесінде күшіне енді.
Сондай-ақ, 2019 жылғы 13 тамызда күшіне енген өсімпұл сомаларын есептен шығару ережелері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 797 бұйрығы) 2019 жылғы 2 тамызда Анықтамалық бақылау банкінде жарияланды.
Сонымен бірге, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қаржы министрі 2019 жылғы 9 шілдеде бекіткен Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасау бойынша Жол картасы жасалып, МКД-да орындалуға ұсынылды.
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді
-
ШОБ-ты қолдау: салықтық ынталандыру, әкімшілік жүктемені азайту, қызметтерді электронды форматқа көшіру
-
Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр
-
«Адамдарға көмектесу-мақтаныш емес, азаматтық борышым». Жүкті әйелді босандырып алған полицейдің әңгімесі
-
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді
-
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау процесі қалай өтеді, қанша қаржы бөлінді
-
Қазақстанда жас отбасылардың фестивалі өтеді
-
Алматылықтарды дәрі-дәрмекпен қамтуға қанша қаражат бөлінді
-
Конституция күніне арналған шаралар онлайн форматта өтеді
-
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қандай жобалар жүзеге асып жатыр
-
Бизнес өкілдерінің проблемасын жақсы білеміз - ҚР Ұлттық экономика министрі
-
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 130 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

