• Басты
  • Салық конвенциялары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ықпалдасады– Ә.Смайылов
5 Ақпан, 2020 11:55

Салық конвенциялары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ықпалдасады– Ә.Смайылов

Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов «2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және  салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде аайтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Салық конвенциялары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге  ықпалдасады– Ә.Смайылов

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов келісім екіжақты халықаралық шарт боп табылатынын айтты.

«Келісім Қазақстанның Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резервтерді растайтын ресми құжаттарды тану тәртібін жеңілдету мақсатында жасалды. Аталған тәртіп екі мемлекеттің салық төлеушілеріне талап қоюсыз, резервтерді салық агентіне жібереді. Бұл екі мемлекетке қосарланған салықты болдырмауға мүмкіндік береді. Осы келісім елдердің әрі қарай дамуына бағытталған. ЕАЭО шеңберіндегі шаралардың бірі болып табылады. Келісімді іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді», - деді Ә.Смайылов.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігі екіжақты салық конвенциялары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге өз ықпалын тигізетінін айтты.

«Қаралып отырған келісім екіжақтың ережелерін қолдануға жеңілдету береді. Беларусь пен Ресей ЕурАзЭҚ мүшелері Қазақстанның сол елдермен бірге өзара саудасы соңғы үш жылдың ішінде 5 пайызға өсіп, 16 млрд доллардан 20 млрд долларға көтерілді. Дәл осындай келісім Өзбекстанмен жасалды. Қазір тиісті ратификациялау жұмыстары жүргізілуде. Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Грузия, Әзербайжан, Литва, Молдова және Украинамен осындай келісім орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде», - деді ол.

Оған қоса, Ә.Смайылов апостильді (халықаралық стандарттық пішін) жою мәселесіне де тоқтап өтті.

«Тәжірибеге сәйкес, екі жоба бар. Ол екіжақты қолданыстағы салық конвенциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша хаттама шеңберінде жасауға болады немесе ноталармен алмасу тәртібінде қосымша келісімге келуге болады. Беларусь тарапымен біз апостильді жою мәселесі туындаған кезде екіжақты салық конвенциясына өзгерістер енгізетін хаттаманың жобасын келісіп отырғанбыз, сол кезде Беларусь тарапы апостиль мәселесін осы хаттаманың шеңберінде шешейік деген ұсыныс тастады. Біз оны қолдадық», - деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар, екіжақты конвенция аясында тараптар ақпаратпен кез келген уақытта алмаса алады деген тәртіп бар.

«Екі елдің Салық органдары кез келген уақытта ақпаратпен алмаса алады. Оның ішінде резиденттік сертификатының жарамсыздығы жайында да», - деді ол.

Ә.Смайылов бұл апостильді қоюдың күшін жою туралы келісім екенін айтты.

«Енді тараптар апостильді талап етпейтін болды. Бірақ, екі тараптың біреуі бес жылдан кейін бұл келісімнен шығам десе, қайтадан апостильді талап етеді деген сөз. Ондай құқық пайда болады. Алайда, мұндай жағдайда салық бойынша сұрақтар туындауы мүмкін.Резиденттік бойынша келіспеушіліктердің де пайда болуы әбден мүмкін. Бұл салық салу конвенция шешімі ретінде шешідеді. Бұл мәселесі шешілмесе, екі тарап та салық салатын болады. Салық салушы сотқа жүгіне алады», - деді ол.

Аталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Аягөз Құрмаш


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды