• Басты
  • Салық кодексіне қандай түзетулер енгізілмек
12 Қараша, 2020 11:32

Салық кодексіне қандай түзетулер енгізілмек

Бүгiн сенат отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Руслан Дәленов «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» ҚР Салық кодексiн қолданысқа енгiзу туралы pаң жобасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жобасы жөнiнде баяндама жасады. Министр аталған құжат инвестиция тартуды ынталандыру, бизнес-ортаны дамыту, салықтық әкiмшiлендiрудi жақсартуға бағытталғанын атап өттi, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшiсi.

Салық кодексіне қандай түзетулер енгізілмек

Бүгiн сенат отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Руслан Дәленов «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» ҚР Салық кодексiн қолданысқа енгiзу туралы pаң жобасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жобасы жөнiнде баяндама жасады. Министр аталған құжат инвестиция тартуды ынталандыру, бизнес-ортаны дамыту, салықтық әкiмшiлендiрудi жақсартуға бағытталғанын атап өттi, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшiсi.

Руслан Дәленов заң жобасы қандай негiзгi бағыттарды қамтитынын атап өттi.

1.      Жеке тұлғаларға салық салуды жақсарту

2.      Инвестицияларды ынталандыру.

3.      Транзиттiк әлеует және телекоммуникациялар

4.      Қаржы секторы

5.      Салықтық әкiмшiлендiру


Жеке тұлғаларға салық салуды жақсарту

Министрдiң мәлiметiнше, салық элементтерiн өзгертпей жеке тұлғалардың мүлiк және жер салықтарын бiрiктiру ұсынылады, яғни екi салық бiрыңғай төлеммен төленедi. Бұл ретте, ол көп пәтерлi тұрғын үйлердiң иелерi үшiн жер салығын алып тастау ұсынды. Оның өзiнше, салық төлеушiлерге қолайлы болу мақсатында көлiк салығын төлеу мерзiмiн ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан келесi жылдың 1 сәуiрiне ауыстыру ұсынылған. 

Инвестицияларды ынталандыру

Осы орайда, министр инвестициялық салықтық кредиттi енгiзу ұсынды. Кредит корпоративтiк табыс салығы және мүлiк салығы бойынша
3 жылға берiлетiн болады. Ол пайызсыз, бiрақ шарттар орындалмаған жағдайда өсiмпұл есептеледi.

«Мақтаны қайта өңдеуге, ашытқы, кондитерлiк өнiмдер, қант қызылшасынан қантты өндiруге есептелген қосылған құн салығының сомасын 70%-ке азайту бойынша норманы қолдану ұсынылады. Бұл ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi, отандық тауар өндiрушiлердiң өндiрiс көлемiн ұлғайтуды ынталандыратын болады», - дедi министр.

Оның айтуынша, экспорт кезiнде қосылған құн салығын қайтару рәсiмiн оңайлату мақсатында отандық өндiрушiлер үшiн қосылған құн салығын жеңiлдетiлген түрде қайтару құқығын беру ұсынылады, яғни тексерусiз – 50 пайыз, тексеруден кейiн – 50 пайыз.

Сонымен қоса жаңа заңда, министрдiң сөзiне сүйенсек, көлiк құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының компоненттерiн өндiру үшiн қосылған құн салығы бойынша жеңiлдiктi қолдану ұсынылды. Бұл, оның айтуынша, отандық автокөлiктердегi қазақстандық қамту үлесiн арттырмақ.

Транзиттiк әлеует және телекоммуникациялар

Министрдiң мәлiметiнше, әлеуметтiк бағыттар бойынша тарифтердiң тиiмсiз болуына және субсидиялауға қаржының жетiспеуiне байланысты тасымалдаушылар шығынға ұшырайды. Тұрақты әлеуметтiк маңызы бар автомобиль тасымалдары бойынша қосылған құн салығынан 3 жылға босату ұсынылады.

Сонымен қоса, теңiз көлiгi арқылы транзиттi дамыту, транзит құнын төмендету үшiн жағдай жасау мақсатында жүктi теңiз портына дейiн темiр жол арқылы жеткiзiп, су көлiгiне ауыстырып тиеу арқылы жүргiзiлетiн тасымалдарды халықаралық деп тану және оларға қосылған құн салығының нөлдiк мөлшерлемесiн қолдану ұсынды. Бұдан бөлек, 5G жаңа байланыс түрiн құруға инвестициялар тарту және жасанды интеллекттi дамыту мақсатында радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерiн 5 жыл мерзiмiне 10 есеге дейiн төмендету ұсынылды. Сонымен қатар, жеке тұлғаларға қызметтерi мен тауарларын электронды түрде өткiзетiн шетелдiк интернет-компаниялар қосылған құн салығын төлеуге мiндеттi болады.

Қаржы секторы

Министрдiң айтуынша, ипотекалық компанияларды нашар кредиттерден тазарту мақсатында проблемалық кредиттердi кешiру кезiнде қарыз бойынша мiндеттемелердi тоқтатуды банктердегi сияқты жеке тұлғалардың кiрiсi ретiнде қарамау ұсынылады.

Салықтық әкiмшiлендiру

Руслан Дәленовтың айтуынша, жүргiзiлген цифрландыру мен жүйелердi жаңғыртуды ескере отырып, қолданыстағы рәсiмдер қайта қаралды. Мемлекеттiк қызметтер бойынша электронды форматқа ауыстыру, оларды көрсету мерзiмдерiн қысқарту, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың қызметiн тоқтату рәсiмiн оңтайландыру ұсынылған.

«Салық есептiлiгiн тапсыру мүмкiндiгi кеңейтiлiп, ендi оны бiр реттiк парольдi пайдалану арқылы ұсынуға болады. Салықтық дауларды болдырмау үшiн қосылған құн салығын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдану кезiнде тексерiлетiн кезеңге қайтару туралы талап қойылған кезеңдi ғана қосу ұсынылады», - дедi министр.

 

Сонымен қоса ол декларацияларды беру рәсiмi оңайлатылатынын жеткiздi. Оның сөзiнше, нақтылаушы және редакциялық сипаттағы түзетулер енгiзiлген.

Бұдан бөлек Сенаторлар кеңесiнiң хатшысы Нұрлан Қылышбаев аталған заң жобасының мақсат-мiндеттерiне тоқталып өттi.

Заң жобасының мақсаты:

          - салық саясаты мен салықтық әкiмшiлдендiрудi жетiлдiру

          - жеке тұлғалар мен кәсiпкерлер үшiн салық төлеу рәсiмiн оңайлату

          - салық салынатын базаны кеңейту;

          - бизнес жүргiзу тәртiбiн оңайлатуға, ҚР инвестиция тартуға және оны жүзеге асыруға жәрдемдесетiн заңнаманы қамтамасыз ету

Нұрлан Қылышбаевтың сөзiнше, заң жобасының негiзгi мiндеттерi қатарына мыналар жатады:

1.  Жеке тұлғаларға салық салуды жақсарту. Мүлiк және жер салықтарын бiр төлемге бiрiктiру және көппәтерлi тұрғын үйлердегi пәтер иелерi үшiн жер салығын алып тастау, сонымен қоса көлiк салығын төлеу мерзiмiн өзгерту.

2. Кiрiстерге салық салуды нақтылау. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша мiндеттi зейнетақы жарналары сомаларын шегеру, нысанды киiмнiң құнын жеке тұлғаның кiрiсi деп танымау, демеушiлiк және қайырымдылық көмек қаражаты есебiнен науқас адаммен бiрге жүретiн адам шығыстарының төлемдерiн салық салуға жататын кiрiстерден алып тастау, ипотекалық компаниялардың борыштарды есептен шығаруы жеке тұлғалардың кiрiсi болып есептелмейдi, жұмыс берушiнiң жұмыскердi оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға және (немесе) жұмыскердi қайта даярлауға жұмсаған нақты шығыстарын шегерiмге жатқызу, оқудағы адам сырқаттанған жағдайда сақтандыру бойынша шығыстарды оқуға арналған шығыстарға жатқызу және жұмыскердiң кiрiстерiн айқындау бойынша нақтылау.

3. Инвестицияларды ынталандыру. Инвестициялық салық кредитiн ендiру, сонымен бiрге 2009 жылдың 1 қаңтарына дейiн жасалған, аяқталған келiсiмшарттар бойынша инвестициялық салық преференцияларын қолданған ұйымдарға арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметтерiн жүзеге асыруға құқық беру.

4. Агроөнеркәсiп кешенi үшiн ынталандыру. Ммақтаны қайта өңдеу, ашытқы, қант қызылшасынан қант, шоколад, қантты кондитер өнiмдерiн, печенье және ұннан жасалған ұзақ сақталатын кондитер өнiмдерiн өндiру үшiн салық сомасын қосымша құнға қосымша есепке жатқызу (70%), тiркелген шегерiмдi пайдалана отырып, арнаулы салық режимi бойынша салық салынатын кiрiстi есептеген кезде шегерiмге жатқызылатын шығыстардың тiзбесiн кеңейту, iрi қара мен ұсақ малдарды әкелген кезде импортқа қосылған құн салығын төлеген шаруашылықтар үшiн бiрыңғай жер салығын қолдану құқығын сақтау.

5. Отандық өндiрушiлердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру. Отандық өндiрушiлер үшiн қосылған құн салығын қайтаруды оңайлату, көлiк құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының құрамдастарын өндiру үшiн ынталандыру, арнайы экономикалық аймақ аумақтарында тауарларды өткiзген кезде қосылған құн салығын салудың бiрыңғай тәртiбi.

6. Көлiк және телекоммуникация. Әлеуметтiк маңызы бар тасымалдарды қосылған құн салығын төлемей жүзеге асыру, темiржол көлiгiнен теңiз көлiгiне жүктi ауыстырып тиеген кезде операцияны халықаралық тасымал деп тану, халықаралық пошта жөнелтiлiмдерiнiң транзитiн ҚҚС-тан босату, бесжылдық кезеңге арналған радиожиiлiк спектрiне төлем үшiн 0,1 коэффициентiн белгiлеу.

7. Акциздердiң фискальдық функциясын күшейту. Алкоголь және темекi өнiмдерi акциздерiнiң мөлшерiн кезең-кезеңiмен арттыру, газохолды, бензанолды, нефрасты, жеңiл көмiртектер қоспасын, экологиялық отынды акцизделетiн тауарлар тiзбесiне жатқызу, алкоголь өнiмдерiн экспортқа шығарған кезде салық базасын түзету.

8. Көлеңкелi экономиканы төмендету. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою үшiн салық төлеушi айналымының шектi мәнiнiң мөлшерiн өзгерту, қолма-қол есеп айырысу төлемi айлық есептiк көрсеткiштiң 1000 еселенген мөлшерiнен асатын, сатып алынған тауарлар, жүргiзiлген жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша шығыстарды корпоративтiк табыс салығы бойынша шегерiмдерге жатқызуға шектеу енгiзу.

9. Қаржы секторына салық салу. Инвестициялық пай қорларының пайларын өткiзу кезiнде құн өсiмiнен алынатын табыстарға салық салынбайды, сатуға арналған активтердiң құрамына ауыстырылған тiркелген активтер бойынша бастапқы құнды, сондай-ақ қатысу үлесiнiң бастапқы құнын айқындау.

Бұдан бөлек кеңес хатшысы проблемалық кредиттер қорының қызметiне байланысты түзетулер туралы айтты.

«Борышты кешiру кезiнде провизияларды төмендетуден түсетiн кiрiстер бойынша жеңiлдiктер, сондай-ақ проблемалық кредиттерден тазарту кезiнде жеңiлдiктi ұзарту, сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының инвестициялық кiрiстерiне салық салудан босату, бейрезидент заңды тұлғаның ҚР тұрақты мекемесi алған дивидендтерге корпоративтiк табыс салығын салу және «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденттiгiне байланысты түзетулер енгiзiлдi», - дедi ол.

10. Халықаралық салық салу. Бақыланатын шетелдiк компанияларға салық салуға байланысты ережелер, қазақстандық көздерден алынатын кiрiстер, коммерциялық емес ұйымдардан түсетiн кiрiстер және резидент емес заңды тұлғалардың әуе кемесiн жалға беруден түсетiн кiрiстерi ретiнде танылмайтын кiрiстердi толықтыру, резидент еместерге төленген табыс салығын қайтару бойынша қайта өтiнiш жасау үшiн шектеу белгiлеу, резиденттiктi растайтын құжаттарды электрондық апостильмен қолдану мүмкiндiгiн беру.

11. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуды жақсарту. Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы конвенцияға сәйкес келтiру жөнiндегi нормалар, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттан лицензиялық режимге ауысу кезiнде өтпелi ережелердi белгiлеу, қол қойылатын бонус мөлшерлерiн есептеу бойынша нормаларды жер қойнауы туралы заңнамаға сәйкес келтiру, сiлтiлендiруге арналған күкiрт қышқылын жер қойнауын пайдаланушылардың амортизацияланатын активтерiне қосу және жерасты суларын өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша инвестициялық салықтық преференцияларды қолдану мүмкiндiгiн беру.

12. Салықтық әкiмшiлiк ету мәселелерi. Бұл бойынша ҚР уақытша келген бейрезиденттерге жеке сәйкестендiру нөмiрiн және одан құжат беру функциясын салық органдарының құзыретiнен алып тастау, салық салу кезiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету мерзiмдерiн оңтайландыру, салық мiндеттемесiн орындауды оңайлату, салықтың, бюджетке төленетiн төлемнiң артық төленген сомасын салықтық мiндеттемелер туындаған тиiстi салықтарға автоматты түрде есепке жатқызу, салық есептiлiгi нысандарын ұсыну санын қысқарту, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 5 жыл талап қоюдың өту мерзiмiн белгiлеу, салықтар бойынша аудитпен қамтылған салық кезеңiн тексерiлетiн кезеңге қоспау бойынша норманы алып тастау, тексерiлетiн кезеңдi қосылған құн салығының асып кетуiн қайтаруға талап қойылған кезеңмен шектеу, соттарда мемлекеттiк баждың жекелеген мөлшерлемелерiн ұлғайту, сондай-ақ босатылатын субъектiлер бойынша қайта қарау.

Оның айтуынша, заң жобасынан күтiлетiн нәтиже – қолайлы бизнес-орта мен инвестициялық ахуал қалыптастыру, бұл салық төлеушiлердiң, нарық субъектiлерiнiң және мемлекеттiң мүдделерiне оң әсерiн тигiзедi.

Барлық жаңалықтар
100.24.113.182, 192.168.88.100