- Басты
- Жаңалықтар
- SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
Бүгін "ҚазАқпарат" халықаралық ақпараттық агенттігінің SAILAU TALKS 2021 платформасында қазақстандық сарапшылар елде өтіп жатқан Парламент сайлауының маңыздылығы мен ерекшелігі, Қазақстанның саяси реформалары мен жалпы сайлау кампаниясының ұйымдастырылуы мен өткізілуін, сонымен бірге саяси партиялардың тізіміндегі әйелдер мен жастардың үлесі жөнінде талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Талқыға қатысқан «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова елімізде жаңа партиялардың пайда болуы саяси плюрализмді көрсетіп қана қоймай, саяси мәдениеттің өсуіне де ықпал ететінін атап өтті.
«Сайлаудан біз жаңашылдық күтеміз. Мәселен, бүгін мемлекет басшысы да үкіметке, парламентке жаңа адамдар келуі мүмкін екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, жаңа саяси партиялардың пайда болуы да бұл сайлауды ерекшелеп тұр. Кеңес кезінен келе жатқан партиялардың күші жойылып келеді. Дегенмен, олардың өз аудиториясы бар. Бірақ, бүгінде жаңа саяси партиялардың пайда болғанына өз басым өте қуаныштымын. Бұл еліміздегі саяси плюрализмді көрсетеді. Сонымен бірге, бұл саяси мәдениеттің өсуіне де мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жастар да өздерінің мүмкіндіктерін көріп, белсенділігін арттыруда», - деді мекеме басшысы.
Бұдан бөлек, Жанар Боқанова саясат та, білім саласын да болсын қызмет етіп жүрген әйелдің потенциалы жоғары екенін тілге тиек етті. Оның сөзінше, басшылық қызметте де нәзік жандылар жетістікке жетіп жүр.
«Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әйелдердің 80 пайызы білім саласында, денсаулық саласында 75 пайыздан астамы қызмет етіп жүр. Сонымен қатар әлеуметтік салаларда да нәзік жандылардың үлесі жоғары. Негізі әйел адамдарға әлеуметтік мәселелер жақын. Дегенмен, 30 пайызға жетуге әйелдердің мүмкіндігі бар. Мәселен, мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің 56 пайызы әйелдер. Олардың 41 пайызы басшысылқ қызметті атқарып жүр. Сонымен бірге, олар өздерінің саяси потенциалын көрсетуге қабілеттері жетеді», - деді ол.
Сонымен қоса, жиынға қатысқан ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина да осы мәселеге тоқталды. Алайда, оның сөзінше, бұл уақытша науқан, өйткені шетелдік тәжірибе соны көрсетіп отыр.
«Талқыға түсіп отырған тақырып қызықты, әрі өзекті. Бірақ әйелдердің әртүрлі екенін ескеру керек. 30 пайыздық квотаны енгіздік дегенмен, әйелдердің барлығы саясатқа жүгірмейді. Дәстүрлі әйелдердің тобы бар, мысалы. Қоғам әртүрлі болғандықтан, бұл да дұрыс процес. Кейбіреу отбасын, отбасылық өмірді таңдайды. Бұл өзгерісті ертең әйелдер саясатпен айналысып, феминизм болады деп қабылдамау керек. Менің ойымша, бұл уақытша іс-шара да болуы мүмкін. Әлем елдеріндегі тәжірибеге назар аударсақ, көптеген мемлекет осындай квотаны белгілі бір уақытқа енгізіп, кейін алып тастады. Яғни, 30 пайыздық квотаны өмір бойына ұстанамыз деу қате пікір. Уақытша іс-шара екенін түсінуіміз керек», - деді ол.
Алуа Жолдыбалинаның пайымынша, бұл қазіргі кезде әйелдердің саясатқа араласу белсенділігін арттыру мақсатында жасалып отыр. Алайда, оның сөзіне сенсек, әйелдерді белсенді емес деп айтуға болмайды, керісінше, азаматтық сектордағы әйелдердің белсенділігі өте жоғары.
«Мәселен, үкіметтік емес ұйымдардың басым бөлігінде әйелдер қызмет етіп жүр. Олардың қатарында сәтті, табысты жұмыс істеп жүргендер жетерлік. «Әйелдердің қырық жаны бар» деп қазақ бекер айтпаған, яғни отбасын да, қызметті де қатар алып жүр. Бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге әйелдердің қатысуын бір механизм ретінде қарастыру керек», - деді бөлім басшысы.
Еске салайық, бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаты депутаттарын сайлау өтіп жатыр.
Назерке Сүйіндік
фото:
Бауыржан Жуасбаев
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр