• Басты
  • Sailau Talks 2021: «Халықтың 63 %-ның сайлауға қатысуы - шындыққа жақын көрсеткіш»

Sailau Talks 2021: «Халықтың 63 %-ның сайлауға қатысуы - шындыққа жақын көрсеткіш»

10 Қаңтар, 2021 23:00

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің SAILAU TALKS 2021 платформасында соңғы талқылау өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.




Қазақстанның барлық өңірінде дауыс беру аяқталды. Қазақстан халқының 63,1 пайызы дауыс берді. Соңғы талқылауға Талғат Қалиев – этно-саяси зерт институтының директоры, Әділ Қаукенов – Қытай зерттеу орталығының директоры, Андрей Чеботарев, «Альтернатива» өзекті мәселелерді зерттеу институтының директоры, саясаттанушы  Расул Жұмалы, Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов қатысты.

Чеботаревтің айтуынша, Қазақстанның сайлау өткізуде тәжірибесі мол.

«1999 жылы 10 қаңтарда Президент сайлауы өткен болатын. Жалпы Қазақстанда Парламент сайауынан гөрі Президент сайлауына халық көбірек қатысады. Осы жолы Парламент сайлауы қарсаңында партиялар үгіт-насихатты белсенді жүргізді. Дебаттардың бәрін көріп шықтық. Партия – азаматтардың шағымын кез келген уақытта құлақ асатын орталық болу керек. Депутаттар мандаттықты өзінің жеке басының лауазымы деп қарамай, халық, партия, Мәжіліс арасында байланыс орната отырып, жұмыс істеу керек», - деген ойын білдірді.

Расул Жұмалының пікірінше, салыстырмалы түрд Қазақстанда өткен сайлаудың артықшылықтар бар.

«Кез келген сайлаудың қалай өткені салыстыруға келгенде білінеді. Біздегі сайлауды «керемет» деп айту артық. Экзит пулдың шешімі шықпай жатыр. Дегенмен алға басу бар. Заңбұзушылықтар да жоқ емес. Бақылаушыларға орын жетпей жатқанын, жылу болмағанын естідік. Бірақ үлкен тәртіп бұзушылық болған жоқ. Дегенмен 2020 жылы Сайлау туралы Заңға өзгеріс енгізілді. Әйелдер мен жастарға берілген квота, саяси партиялардың сайлауға ешбір қиындықсыз тіркелуі және қатысуы – өзгерістердің бастауы. Дегенмен, халық арасында партияға сенбеушілік бар.  Әсіресе пандемия наразылық бар. Дегенмен 63,1 % қазақстандықтардың сайлауға қатысуы - жақсы көрсеткіш. Мәселен, бүгін өткен Қырғызстандағы сайлауға халықтың 33 пайызы келген», - деді ол.

Саясаттанушы сайлау учаскелерінде әкішілік ресурстарды асыра пайдаланып, билеуші партияның пайызын көбейту үшін жасалған әрекеттерді байқамағанын жеткізді.

  «Біздегі электориалды проецесстердің тұрақты өткізуі қуантады. Бұрынғыдай пайыз қуушылық жоқ. Мен 90-нан асқан пайыз көрсеткішпен халықтың сайлауға қатысуынан қорқам, шынын айтсам. Мұндай көрсеткіш Солтүстік Корея, Түркменстанда болады. Ал Қазақстан сияқты демократиялық мемлекет үшін 50-60 пайыз адамның сайлауға қатысуы шындыққа жақын көрсеткіш. Билік, ұйымдастырушылар, билеуші партияның 80-90 пайыз дауыс жинауға әкімшілік ресурстарды асыра пайдалануын байқамадым. Кей жағдайда жергілікті әкімдер мен ұйымдастырушылардың билеуші партияға көбірек дауыс жинау үшін теріс әрекеттерге баратынын көреміз. Бұл жолы байқалмады. Мұндай жағдайлар Ресей мен Украинада болды. Қазақстандағы сайлау науқаны белсенді өтті. Дебаттар керемет өтті деп айта алмаймын. Кандидатттардың базарды, нарықты аралап,  өңірлердегі жұмысшылармен, халықпен кездескенін көрдік.  Сайлауға партиялар үлкен дайындықпен келді. Сайлаудың конституциялық заңға сәйкес өтуі – биліктің өзіне сенімін, халықпен байланысын білдірді», - деді ол

Сарапшылар қыс мезгіліне, пандемияға, партияларға сенімсіздіктің барына қарамастан, халықтың сайлауға қатысуы – халықтың өзгерісті талап ететінін білдіреді деп есептеді.

Сонымен қатар олар сайлауалды үгіт-насихат кезеңіндегі онлайн белсенділікті атап өтті.

«Партиялар үгіт-насихат науқаны кезінде онлайнда белсенділік танытты. Онлайн форматқа өту көптеген артық шығынаннан құтқарады. Пандемияда біз жас демей, кәрі демей интернеттің қыр-сырын меңгеріп алдық. Өткен жыл қазақстандықтар үшін жаппай онлайн форматты үйрену жылы болды десем артық емес. Сайлау науқаны кезінде де партиялар, ұйымдастырушылар, кандидаттар үшін онлайн формат тиімді болды», - деді Расул Жұмалы.

Марат Бәшімов жастардың белсенділігін ерекше атап өтті.

 «Кеше ғана ауа райы шамамен -40 градус суық болған. Бүгін күн жылынып кетеді деп ешкім ойлаған жоқ және осындай аязды күні осыншама халық сайлауға қатысады деп ойлаған жоқпын. Сондай-ақ, дауыс беріп жатқан жастарды көп байқадым. Сайлауалды науқанда дебат өтті. Оның қандай деңгейде өткенін әртүрлі бағалауға болады, бірақ ең бастысы – оған әртүрлі сарапшылар қатысты. Дебатқа қатысу –қатыспау құқықтарын да пайдаланды. Бұл үлкен өзгеріс деуге болады», - дейді Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов.

Тағы бір сарапшы Талғат Қалиев бүгінгі сайлау күнін мереке деп бағалады.

 «Мен бірқатар мемлекетте өткен сайлауда байқаушы болдым, тәжірибем бар. Сайлау – қазақтар үшін мереке. Тіпті сәбиінің есімін Сайлау деп атайтындар бар. Сайлауға әйелдер әлі күнге дейін балаларымен бірге келеді. Соған қарағандай сайлауды мерекеге балау біздің тарихи мәдениетіміздің бір бөлігі шығар. Сайлау учаскесінде маска, медициналық қолғап таратылып, санитайзер орнатылуы, дене қызуын өлшеу сайлауға халықтың көп келуіне себеп болды, яғни қауіпсіздік шаралары сақталмай қалады деген қорқыныш болған жоқ. Халық сайлауға белсенді қатысты, бұл халық пен билік арасындағы сенімді білдіреді», - дейді Этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты. Алдын ала деректер бойынша, сайлауға халықтың 63,1 пайызы келіп қатысқан. 

Барлық жаңалықтар