• Басты
  • Сақтандырылған қазақстандықтар саны 1 млн-ға артты

Сақтандырылған қазақстандықтар саны 1 млн-ға артты

26 Наурыз, 2021 11:58

Жамбыл облыстық Өңiрлiк коммуникациялар қызметi алаңында «Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Боқаева облыс тұрғындарының мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiне қатысуы, сонымен бiрге «Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының 2021 жылға арналған жоспарлары жөнiнде айтып бердi, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшiсi.


Қордың мәлiметi бойынша, Әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесi жұмыс iстеген бiрiншi жыл iшiнде Қазақстан Республикасында сақтандырылған халық саны 1 миллион адамға артты. Бұған дейiн 14,9 миллион болса, қазiргi таңда 15,85 миллион адамға жеттi. Бұл дегенiмiз халықтың 84 пайызы.

Мавлюда Боқаеваның мәлiметiнше, Жамбыл облысында 2020 жылдың 1 шiлдесiнен 2021 жылдың 1 наурызына дейiнгi кезеңде сақтандырылмаған азаматтардың саны 254 036-дан немесе 22,3% -дан 227 985-ке дейiн, яғни 26 051 адамға азайған. 2021 жылғы 3 наурыздағы ақпаратқа сәйкес, облыстағы сақтандырылған азаматтардың саны 911 166 адамды құрайды.
«Республика бойынша 2017 жылдың 1 шiлдесiнен 2021 жылдың 1 наурызына дейiнгi кезеңде мiндеттi медициналық сақтандыру бойынша жарналар мен аударымдардың түсiмi 551,3 млрд теңгенi құрады. Оның iшiнде Жамбыл облысының төлеушiлерiнен ​​460 900 адам үшiн 15,7 млрд теңге (3,08%) аударылған», - дедi филиал директоры.
Оның дерегiнше, жалпы ел бойынша, аударымдар мен жарналардың жалпы санынан мемлекет азаматтардың әлеуметтiк осал санаты үшiн ең көп жарна аударған, яғни 297,6 миллиард теңге (54%), жұмыс берушiлердiң аударымдары 162,6 миллиард теңге (29%), қызметкерлердiң жарналары -72, 2 млрд теңге (12%), жеке кәсiпкерлiктiң жарналары 10,4 млрд теңге (1,9%) құрады, ал БЖТ -2,3 млрд теңге (0,4%) және сондай сома өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтардан түскен - 2,3 млрд теңге (0,4%).

Мiндеттi медициналық сақтандыру пакетi шеңберiнде қосымша қаражат тарту арқылы 2020 жылы азаматтарға медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк берген. Жамбыл облыстық филиал басшысының сөзiнше, 2020 жылы облыста консультативтiк-диагностикалық қызметтердiң жалпы саны 22,9%-ға өскен, оның iшiнде мамандардың консультативтi қабылдауы 23,4%-ға артқан; КT/MРТ 2019 жылы 19 908 зерттеулерден 2020 жылы 26 189 зерттеулерге дейiн өскен, стоматологиялық қызметтердiң көлемi 243.993-тен 590.672-ге дейiн артқан.

«Жоспарлы стационарлық медициналық көмек мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiнен қаржыландырылды, атап айтқанда, 163 326 жағдайдан, 72 094 стационарлық жағдайдан немесе 55,8% мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесi есебiнен емделдi. Облыс тұрғындары ЭКҰ-ны қосқанда 1 миллиард 534 миллион теңгенiң жоғары технологиялық медициналық қызметтерiн алды», - дедi Мавлюда Боқаева.

Қордың коронавируспен күрес шаралары

Сонымен қоса, ол мiндеттi медициналық сақтандыру қорының COVID-19 таралуы мен емделуiнiң алдын-алу шараларындағы рөлiне тоқталып өттi. Оның айтуынша, 2020 жылдың қыркүйегiнен бастап медициналық ұйымдарға келiсiмшарт сомасының 50%-ға дейiн аванстық төлем жүргiзiлген, сонымен қоса, 2020 жылдың 1 қазанында ауруханаға жатқызуға қойылған шектеулер алынып тасталып, екiншi жартыжылдықта жазаға мораторий енгiзiлген. Сондай-ақ, жедел медициналық көмектiң аймақтық коэффициентi бекiтiлген, 260 млн теңге қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшiн қосымша ақы төленген.

«Жоспарлы ауруханаға жатқызудың тоқтатылуына және төсек-орындардың мәжбүрлi бос тұрып қалуына байланысты қаржылық тұрақтылық коэффициентiн қолдана отырып, ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы 942,3 млн теңге мөлшерiнде қамтамасыз етiлдi. Дәрiгерлiк амбулаториялық қамт
«Жоспарлы ауруханаға жатқызудың тоқтатылуына және төсек-орындардың мәжбүрлi бос тұрып қалуына байланысты қаржылық тұрақтылық коэффициентiн қолдана отырып, ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы 942,3 млн теңге мөлшерiнде қамтамасыз етiлдi. Дәрiгерлiк амбулаториялық қамт амасыздандыру бойынша COVID-19-ды емдеуге арналған 5 дәрi-дәрмек ендi, олармен 2020 жылы 4 мыңнан астам Жамбыл облысының науқастары қамтамасыз етiлдi», - дедi Мавлюда Боқаева.

Бұдан бөлек, филиал басшысы 2021 жылға Қор филиалы 70 медициналық ұйыммен жалпы сомасы 74 миллиард 114 миллион теңгеге келiсiмшарт жасасқанын атап өттi.

  Онда қандай мәселелерге назар аударылады:

-        БМСК, скринингтiк бағдарламаларды дамытуға;
-        Мейiрбикелiк және патронаттық қызметтердi дамытуға;
-        Ауылдағы денсаулық сақтауды қолдауға

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыстың шалғайдағы елдi мекендерiнiң тұрғындарына медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешендердi (ЖМК) қаржыландыру 2020 жылмен салыстырғанда 4 есеге ұлғайтылды және 475 миллион теңгеге жеттi; ауылдық жерлердегi стационарлық көмектi мiндеттi медициналық сақтандыру шеңберiнде қаржыландыру 2020 жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге өстi», - дедi ол.

-        Жоғары технологиялық көмекке, соның iшiнде «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды ұлғайды (Жамбыл облысында 2020 жылы ЭКҰ-ның 61 жағдайынан 2021 жылы 400 жағдайға дейiн);
-        Дистанциялық медицинаны дамыту;
-        «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша ерекше қажеттiлiктерi бар балаларды медициналық оңалтуға қолдау көрсету

Сондай-ақ, ол қор пациенттердiң құқықтарын қорғау бойынша жұмысын жалғастыратынын еске салды. 2020 жылы филиалға 1406 колл орталығына, Sagtandyru бот, Qoldau-24/7 қосымшасы арқылы 21 мың пациенттiң өтiнiштерi келiп түскен, барлық өтiнiштер бойынша түсiнiктемелер берiлiп, шағымдар 3 күн iшiнде қаралған.
 

Барлық жаңалықтар