- Басты
- С. Жақсыбеков: индустрияландыру инновациялық технологияларды енгізудің флагманы болуы тиіс
С. Жақсыбеков: индустрияландыру инновациялық технологияларды енгізудің флагманы болуы тиіс

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжам кестесін әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізу жөнінде ядролық өнеркәсіп саласындағы қазіргі заманғы технологияларды дамыту мәселелері бойынша Түркістан облысында көшпелі отырыс өткізді.
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков төрағалық еткен шараға сенаторлар Михаил Бортник, Мұратбай Жолдасбаев, Манап Көбенов, Әлімжан Құртаев, Еділ Мамытбеков, Ерік Сұлтанов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Комитет төрағасы С.Жақсыбеков шараны аша келіп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев экономика құрылымын әртараптандыру, шикізат өндіруден жоғары технологиялық үлгіге көшу, өндіріс инфрақұрылымына инвестицияның ұлғаюын ынталандыру және ол үшін қажетті жағдай жасау жөнінде бірнеше мәрте тапсырма бергенін атап өтті. Сенатор индустриаландыру инновациялық технологияларды енгізудің флагманы болуы тиіс екенін, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін айтты.
Комитет басшысы Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауында тиімді шағын және орта бизнес ауыл тұрғындарының тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететіні, жұмыссыздықты азайтатыны, салық базасын қалыптастыратыны, сондай-ақ жергілікті бюджетті толықтыратыны туралы айтқанына отырысқа қатысушылардың назарын аударды.
Отырыста кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту, экспортты қаржыландыру, жылыжай шаруашылықтарға арналған субсидияларды қайта бере бастау, ауыл шаруашылығы саласына жеңілдетілген несие беру және басқа да өзекті мәселелер көтерілді.
Сенат депутаттары көшпелі отырыс аясында Түркістан облысының индустриялық аймағымен, оның ішінде «Борте Милка» тауарлы-сүт фермасымен, «Standard Petroleum &Co» мұнай өңдеу зауытымен, «Александровский-Сад» серіктестігімен және басқа да кәсіпорындармен танысты.
Сенаторлар 22 қазанда Кентау қаласындағы бірқатар нысандарға баратын болды.
-
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі
-
Табиғатты ірі көлемдегі айыппұлдармен сақтап қалмақпыз - эколог
-
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты"
-
А.Салиев: Елде вакцина шығару логистикалық шығынды қысқартуға, медұйымға тез жеткізуге мүмкіндік бермек
-
МИБ пен ЖС-ны құру үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және ХҚО-да қалай тіркейді
-
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді
-
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай
-
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды
-
Президент тапсырмасы: Халыққа берілетін несие ставкасы мен тұрғын үй бағасы төмендетілмек
-
Сарапшылар пікірі: "Вакцина салдырудан бас тартқандар жауапкершілікке тартылмайды"
-
Облыс әкімдері Президентке есеп берді
-
Денсаулық сақтау министрі: 6 облыс пен 2 қала «қызыл аймақта»
-
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды
-
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
-
Жаңа Әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодексінен не күтеміз

